Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алғашқы адасқан ағымдар

17.10.2025
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
22
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзара түсінбеушілік пен түрлі себептерге байланысты мұсылман үмбеттің болашақта түрлі ағымдарға бөлінетінін алдын ала айтып кеткен. Бір хадисінде: «Яхудилер жетпіс бір топқа, христиандар жетпіс екі топқа бөлінді. Ал менің үмбетім жетпіс үш топқа бөлінеді…», – деген (Әбу Дәуіт).

Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне мынадай өсиет қалдырған: «Шын мәнінде менен кейін өмір сүргендерің көптеген қайшылықтар (ихтиләф) көресіңдер. Сол кезде менің сүннетімді және тура жолмен жүрген әділетті халифалардың сүннетін ұстаныңдар. Оған бекем жабысыңдар. Бидғаттан сақ болыңдар, өйткені әрбір бидғат – адасу» (Әбу Дәуіт, 4607).

Осындай ескертулерге қарамастан, Ислам үмбетінің ішіндегі алғашқы ірі саяси және діни алауыздық үшінші халифа Осман ибн Аффанның (оған Алла разы болсын) қастандықпен өлтірілуінен кейін өрши түсті. Осман ибн Аффан (оған Алла разы болсын) өлтірілгеннен кейін, халифалыққа Әли ибн Әбу Тәліп (оған Алла разы болсын) сайланды. Алайда, Шам өлкесінің басшысы Мағауия ибн Әбу Суфиян (оған Алла разы болсын) Әлидің халифалығын мойындамай, Османның (оған Алла разы болсын) өліміне қатысты әділдік орнамайынша бағынудан бас тартты. Әли (оған Алла разы болсын) бейбіт жолмен мәселені шешу үшін Сирия жеріне барады. Алайда екі тарап келісімге келе алмай Сыффин жазығында Ислам тарихындағы ең күрделі шайқастардың біріне – Сыффин соғысына алып келді. Ақыры бірнеше күнге созылған шайқастан кейін, Мағауия және оның жақтастары бұл соғыста жеңіліп қалуына көздері жетіп, Мағауияның ұсынысымен екі жақтан төреші шығарып, солардың шешіміне жүгінетін болып келіседі. Алайда, бұл шешімге наразы болған бір топ: «Сен Алланың кітабынан бет бұрып, адамдарды төреші еттің. Сен күпірлікке түстің! Тәубе ет!» – деп, Әлиге (оған Алла разы болсын) қарсы шықты. Ақыры бұл топ өз алдына жаңа бір жолға бет бұрып, Әлиден бөлініп кетеді.

Осы бір саяси даудан басталған қақтығыстың нәтижесі үлкен үш діни топтың тарих сахнасына шығуына себеп болды.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

1) Хауариж:
Бұлар төртінші халифа Әли ибн Әбу Тәліптің (Алла оған разы болсын) мұсылмандар арасындағы қарама-қайшылыққа орай берген шешіміне разы болмай бөлініп шыққандықтан «Хауариж – шығушылар» деп аталды.

Сол уақытта мұсылмандардың орталығы Куфа қаласында еді. Кейін олар бұл шаһарды тастап сол маңдағы Харура деген елдімекенге орнығады. Осы жерде тұрақтағанына байланысты «Харурия» деп те аталады.

Хауариждердің негізгі сенім-ұстанымдарының кейбірі:

  1. Әлидің (оған Алла разы болсын) басшылығы Мағауия мен оның арасына үкім бергенше дұрыс. Үкім беруде қателескен кезде Оны және үкім бергендерді күпірлікке шығарды. Сонымен қатар «Жамәл» оқиғасына қатысқандарды да күпірлікте айыптап, тіл тигізді.
  2. Үлкен күнә жасаған мұсылман – кәпір. Олардың түсінігінде, кімде-кім Алланың бұйрықтарына қайшы келіп, күнә жасаса – ол Ислам дінінен шығады дейді.
  3. Ғибадат – иманның бөлшегі, онсыз иман болмайды. Жүрекпен сеніп, тілмен айту иман емес, міндетті түрде ғибадат керек. Ғибадатсыз иман жоқ деп есептейді.

Міне осы хауариждердің жалпы ұстанған негіздерінің кейбірі. Бұл топтың өзі бірнеше топқа бөлінді. Олардың шектен шыққандары да бар. Шектен шыққандары хақ жолдан ауытқып, өздерінің ұстанған негіздерімен Ислам міллетінен шығып кетті.

Мысалы, «әл-иәзидия» деген тобы арабтардан емес басқа бір пайғамбар келіп Құранның үкімін жоятын кітаппен түседі деп сенеді.

2) Шиға:
«Шиға» сөзі тілдік мағынасы жағынан араб тілінде «жақтастар», «жәрдемшілер» деген ұғымды білдіреді.

Ал діни термин ретінде басында Әли бин Әбу Тәліпті (Алла оған разы болсын) басшылыққа лайық, әрі имамдық осы ұрпаққа ғана берілуі керек, басқалардың басшылыққа келуі әділетсіздік, зұлымдық деп есептегендердің жолын білдіреді.

Шиғалар мұсылмандардың бірауыздан келісіп шешкен (шурамен болған) істің дұрыс еместігін айтып қарсы шығады.

Шиғалардың бірлігі кетіп бірнешеге бөлінгенімен олардың көбісінің ұстанған негізі бір келеді.

Жалпы шиғалардың ұстанымы:

  1. Имамдық – діннің рүкіні. Шиға түсінігінде имамдық – жай бір саяси басшылық емес, Ислам дінінің негізгі рүкіндерінің бірі болып саналады.
  2. Шиғалар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінен кейін халифа ретінде Әли ибн Әбу Тәліпті (оған Алла разы болсын) тағайындағанына сенеді.
  3. Дүниеде де ақыретте де Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кейінгі абзал адам Әли дейді.
  4. Тақия (жасыру): Шиғалық түсінікте тақия – дінді сақтау, қауіп-қатерден қорғану үшін сенімін жасыруға рұқсат етілетін амал. Олар бұл қағиданы сенім жүйесінің өзегіне айналдырып, тіпті: «Тақиясы жоқтың діні де жоқ» – деген.
  5. Өздерінің негізгі ұстанымдарына имам ішкі де, сыртқы да нәрселерді біледі деген негізді де қосқан.

Шиғалардың бәрі бір дәрежеде емес. Іштерінде орта жолды ұстанатыны болғанындай, шектен шыққандары да бар. Орта жолды ұстанатындары Әлиді басқа сахабалардан артық деп санайды, бірақ оларды күпірлікпен айыптамайды, Әлиді пайғамбар немесе тәңір дәрежесіне көтермейді.

Ал шектен шыққандары – Әлиді барлық сахабалардан абзал дей отырып, оны пайғамбар дәрежесіне дейін көтереді. Кейбірі құдай дәрежесіне дейін көтереді.

3) Муржия:
«Муржия» сөзі араб тілінде «кейінге қалдыру», «кешіктіру» деген мағына білдіреді.

Бұл ағымның атауы – олар күнә жасаған мұсылманның ақырғы үкімін Алланың еркіне тапсырып, кейінге қалдырамыз деген сенімнен туындаған.

Муржия ағымы адамдарды күнә себепті күпірлікке шығарудан бой тартқанымен, амалдың иманмен байланысын үзіп жіберу арқылы басқа бір шектен шығушылыққа ұрынды.

Олардың негізгі ұстанымдары:

  1. Иман – тек тілмен айту. Иман келтіру тек тілмен айтумен жүзеге асады, ізгі амал керек емес деп, амал етуді парыз деп санамайды.
  2. Күнә – иманға әсер етпейді. Иманы бар кісі күнə жасаса күнə зиянын тигізбейді дейді. Тіпті: «Күпірлікпен құлшылық етуің де пайда бермейтіні сияқты, иманмен күнə жасау зиянын тигізбейді», – деген.

Муржия ағымы да өз іштерінен бірнеше топқа бөлініп кеткен.

Қорыта айтқанда, саяси қақтығыстардан, Құран мен сүннетті дұрыс түсінбеушіліктен, шектен шығушылықтан, грек философиясы мен өзге мәдениеттердің әсерінен хауариж, шиға, муржия, қадария, жабрия, муғтазила, тағы сол сияқты ағымдар пайда болып, Ислам үмбетінің бірлігіне сызат түсірді.

Сондықтан әрбір мұсылман адам шынайы білім мен ізгілікке ұмтылып, нәпсінің жетегіне ермей, Алладан тура жолды сұрауы қажет. Үмбет ішінде бүлік туғызудан, жік-жікке бөлінуден аулақ болып, бірлік пен сабыр жолын ұстануы қажет.

Алла Тағала елімізге амандық, тыныштық, береке-бірлік нәсіп етсін!

Медет ҚҰРМАШҰЛЫ

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: адасқан ағымдеструктивті діни ағымдіни ағым
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі
Ағымдар ақиқаты

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
ҰҚК: Деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды
Жаңалықтар

ҰҚК: Деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды

24.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Важность и ценность знаний в Исламе

Қазақ даласындағы әһлі-сүннет сенімі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00