Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жас діни лидерлердің II форумы өтті

18.09.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
30
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі аясында «Бейбіт өмір – жастар таңдауы: болашақ жолындағы синергия» ұранымен Жас діни лидерлердің II форумы өтті. Оған жас діни көшбасшылармен қатар әлем бойынша іргелі жастар қозғалыстарының өкілдері, ғалымдар, белсенділер, орнықты даму, ақпараттық технология, мәдениет және коммуникация салаларының сарапшылары қатысты. Іс-шарада қазіргі таңдағы өзекті проблемаларды шешу жолдары талқыланды.

Форумды ашқан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев былтырғы I Форум жас буынның адамзатты алаңдатқан жаһандық түйткілдерді шешуге қатысуы қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетіп бергенін айтты.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, қиын кезеңдерде біз қабырға емес, көпірлер салуымыз керек. Бұл – біздің халқымыздың саналы таңдауы. Қазір біз бұрын-соңды болмаған қайшылықтардың күрделі дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жаһандық климаттың өзгеруі және экологиялық апаттар әлемге жойқын салдарын тигізуде. Бітпейтін соғыстар мен қақтығыстар тұтас планетамызға орасан зор қауіп төндіріп тұр. Сондықтан адамзат қазіргі өзекті проблемаларды шешу жолында жаңа идеялар мен тың тәсілдерге мұқтаж. Осы орайда ХХІ ғасырдағы ең күрделі түйткілдерді еңсеруде сіздерге, яғни жас көшбасшыларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бұл жолда тек ашықтық, адалдық және сенімге негізделген диалог арқылы көздеген мақсатқа қол жеткізуге болады. Өзара сенім болмаса, берік халықаралық тұрақтылық орнату мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан бейбіт қатар өмір сүру және мәдени әралуандықты құрметтеу қағидаттарын дәйекті түрде дәріптеп келеді», – деді Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы.

Форумға қатысушылар қарама-қайшылықтар мен қақтығыстар белең алған және халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесіне деген қажеттілік арта түскен қазіргі жағдайда орнықты дамудың кепілі ретінде жастар ерекше рөл атқаратынын айтты. Сондай-ақ жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте күш-жігерді біріктіру жолында мәдениеттер мен діндер арасын байланыстыратын рухани дипломатияның маңызына да баса мән берілді. Поляризация, діни төзбеушілік және әлеуметтік қайшылықтар ушыға түскен бүгінгі жағдайда жастардың жасампаз күн тәртібінің тасымалдаушысы ретіндегі рөлі стратегиялық маңызға ие екені анық.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Форум бағдарламасына сәйкес пленарлық сессия мен Forum-talks сессиясы өтті. Онда қатысушылар жастардың бейбітшілік пен дінаралық диалогты нығайту жолындағы миссиясы туралы баяндамалар жасады. Сондай-ақ әртүрлі конфессиялар арасындағы ынтымақтастықты арттыру ісінде жас буынның рөлі және қазіргі таңда өзара түсіністік пен үйлесімділікті нығайтуда мәдениетаралық құндылықтардың маңызы сөз болды.

Іс-шара соңында «Бейбіт өмір – жастар таңдауы» атты қорытынды коммюникенің жобасы таныстырылды. Құжатта қазіргі жаһандық сын-қатерлерді еңсеруде конфессияаралық диалогтың рөлі аса маңызды екені айтылған. Сондай-ақ онда жас көшбасшылар толеранттылық, әділеттілік және ынтымақтастық қағидаттарына табан тіреген жарқын болашақ құруға өз күш-жігерін жұмсауға дайын екені айтылған. Коммюникеде халықтар мен діндер арасындағы өзара түсіністік, мейірімділік және ынтымақтастық мұраттарына жас діни лидерлердің бейіл екені де көрсетілген.

II форум жастардың Съезге және жаһандық дінаралық күн тәртібін талқылауға қатысуының маңызы жоғары екенін айқын дәлелдеп берді. Ал, іс-шараның нәтижесі аталған алаң инклюзивті, бейбіт және орнықты қоғам қалыптастыру жолында рухани дипломатияның тиімді тетіктерінің бірі екенін нақтылай түсті.

Айта кетейік, үш жыл бұрын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Мемлекет басшысы Форум қызметін жетілдіруге арналған өзара іс-қимылдың жаңа тәсілдерін әзірлеуді ұсынған еді. Бұл бастамаға делегаттар бірауыздан қолдау білдірді. Осыған байланысты жаңа көзқарас пен заманауи шешімдердің символы және ушыға түскен жаһандық проблемаларға жауап ретінде Жас діни лидерлер форумын өткізу қолға алынды.

Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіжас діни лидерлер форумыМәулен Әшімбаев
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
БҰҰ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қорытындыларын жоғары бағалады
Жаңалықтар

БҰҰ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қорытындыларын жоғары бағалады

21.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Съезд секциялық отырыстармен жалғасын тапты

Съезд секциялық отырыстармен жалғасын тапты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00