Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қажымұқан тасы

02.09.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
107
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жазба деректерге сүйенсек, өткен ғасырдың 20-жылдары Баянауылда Қазақ автономиясының бір жылдығына арналған үлкен мереке ұйымдастырылған. Бұл тарихи іс-шараны көрнекті қайраткер Қаныш Сәтбаевтың өзі қолға алған екен. Тойға құрметті қонақ ретінде даңқты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы арнайы шақырылады.

Палуанды күтіп алып, барлық жағдайын жасауды жергілікті темір ұстасы Қуанышбайдың Сүбегі (кейбір деректерде – Субек Қуанышбекұлы) мойнына алады. Ол алыптың өнер көрсететін сәттеріне арнап қажетті темір құралдарын да алдын ала әзірлеп отырған. Халық алдында өнер көрсеткенде Қажымұқан кеудесіне көлденең қойылған алып тасты да осы Сүбекке ауыр балғамен ұрғызып сындыртқан деседі. Бұл көріністі өз көзімен тамашалаған әулие Мәшһүр-Жүсіп Көпей шығармасына арқау етіп, кейін «Қажымұқан» атты поэмасында жырлаған.

Сапар барысында Қажымұқан өңірдегі Ақкелін, Далба болыстарын аралайды. Халыққа өнерін көрсетіп, бірде бірнеше жігітті бөрененің үстіне отырғызып көтерсе, енді бірде асау жылқыны тұсаусыз тыпыр еткізбей иығына салып алыпты. Қасында әрдайым Сүбек жүріп, қажет құрал-саймандарын тасып, қолғабыс еткен.

Палуанның ғаламат күші мен өнеріне әбден тәнті болған ел азаматтары оған екі үйір – отыз жылқы сыйға тартады. Ал Қажымұқан болса, қонақ болған Сүбек ұстаның шаңырағына түсіп, сапар соңында досына:

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

– Олжамның жартысын ал, оны қаламасаң өнеріммен жинаған мына сөлкебайларымнан (медаль) таңдағаныңды берейін, – дейді.

Алайда ұста:

– Қажеке, мал соқса – желдікі, айдаса – жаудікі. Қазақтан сіздей ұл бұдан кейін туар, тумас. Анау таудан көтеріп бір үлкен тас әкеліп, осында орнатып кетіңіз, қайратыңыздың куәсі болсын, достығымыздың мұраты болсын, – деп өтініш білдіреді.

Тағы бір ауызекі нұсқада, Сүбек ұста Қажымұқанның «Менен не қалайсың?» деген сұрағына:

– Дүкенімнің жанына әкеліп тастаңыз, үрім-бұтағыма «Қажымұқан әкеліп қойған тас» деп айтып жүрейін, бар қалауым – осы, – деп жауап берген екен.

Қай нұсқасын алсақ та, Қажымұқан досының тілегін жерге тастамай, алып тасты таудан көтеріп әкеліп, үйінің іргесіне орнатып кеткен. Содан бері бұл зілбатпан «Қажымұқан тасы» деген атпен ел жадында сақталған.

Әрине, ол заманда тастың нақты салмағы өлшенбеген. Кейінгі зерттеулерде оның салмағы шамамен 480 келі екені анықталған.

Бұл тас қазір Кереку өңірі Баянауыл ауданы орталығындағы Қаныш Сәтбаев мұражайының алдында тұр. Сонымен қатар Түркістан облысы, Ордабасы ауданының орталығы Темірландағы Қ.Мұңайтпасов атындағы музейде де осы оқиғамен байланыстырылатын бір тас бар.

Ұстаның өзіне қатысты айтар болсақ, Сүбектің өзі де өңірге кеңінен танымал жан болған. Төкен Оразовтың «Қаныштың жастық шағы» естелігінде ол туралы кеңінен айтылған. Онда оның 1919 жылы Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен бұл аймақта алғаш ашылған мектептің барлық парта, үстел, орындықтарын жасап бергені жайлы деректер бар.

Айта кетейік, халық арасында Қажымұқан сынды даңқты палуандар қайратының дәлелі мен ескерткіш ретінде қалдырған мұндай тастар жалпылама «Балуан тас» деп аталады.

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ,

«Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті,

Ұлы даланың күш мәдениетін зерттеуші

Таңбалар: Абылайхан Қалназаровбалуан тасҚажымұқан тасы
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Нанжемес
Ғибратты әңгімелер

Нанжемес

24.11.2025
Қажымұқанның палуандықтан басқа өнерлері
Қоғам

Қажымұқанның Шәуілдірде балуан тас көтеруі

20.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Мәулітті» не үшін атап өтеді?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00