Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мешіт пен айран таразысы

10.09.2025
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
181
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір заманда Отырар ханы қыс жетіп, күз келмей, Арыстанды-Қарабас желі басталмай тұрып көк күмбезді жаңа мешіт тұрғызуға пәрмен беріпті. Шарт қояды:

– Бұл мешіт тек менің қазынамнан салынсын. Бай-бектерден де, қарапайым халықтан да ешқандай көмек алынбасын. Майысқан шеге алушы болмаңдар, – дейді.

Жарлық қатты, жан тәтті. Басқақтар бәрін ұйымдастырып, дереу құрылыс басталады. Қырық күн шілденің аптап ыстығында күні-түн әрісі Үнді-Иран, Мауренахр, берісі Сайрам-Саураннан жиналған сәулетшілер мен жұмысшылар тер төгеді. Намаз уақыттарында ғана аз-кем аял алмаса, кірпіш тасиды, топырақ қазады, шаңға көміледі.

Әміршінің шартынан хабардар ел-жұрт бұл маңға жақындауға тартынады. Алайда осы төңіректегі ауылдың кәрі кейуанасы соның бәрін сырттай көріп, шыдай алмайды. «Алланың үйін салып жатқан мына шырақтарға қолымнан келген көмегім болсын», – деп үйінен өзі ұйытқан бір шелек айранды көтеріп келеді.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

– Еңбек рәтті болсын! Балаларым, ыстықта жан алып, жан беріп жүрсіңдер. Бір сәт дем алып, мына айраннан ішіңдер, – дейді ол.

Құрылысшылар – жасы бар, кәрісі бар, басшысы-қосшысы бар, тартыншақтап тұрып қалады.

– Жоқ, апатай, ханекеңнің айқын бұйрығы бар. Ешкімнен көмек алмаймыз, – дейді.

– Ой, қарақтарым-ай, бұл құрылыс заттары емес қой. Тек бір шелек айран ғана. Хан аспазы сендермен емес, алдымен ханмен, оның ордасымен әлек. Ал сендер тірі адамсыңдар, сусыз қалай шыдайсыңдар? – деп ол да табандап тұрып алады.

Ақыры бұл топ ауыр еңбек пен ыстықтан қалжыраған денелерін әрең сүйретіп, кейуана әкелген айраннан ішеді. Суатқа бас қойған жылқы үйіріндей шабады. Сырдария тиіп тұр десе де, жаз күндеріндегі аталмыш атыраптың аптабы әлемге әйгілі. Оңай емес.

Қызық ертеңіне таң намазынан кейін болады. Таң атар-атпаста ханның өзі келіп, бұлардың зәре-құтын алып, жаппай сапқа тұрғызады. Ашулы кейіппен:

– Сендерге «Ешкімнен көмек алмаңдар» деп айттым ғой. Ал сендер алдыңдар, – дейді.

– Жоқ, тақсыр, – деп жамырай жауап береді құрылысшылар: – Құрылысқа қажет заттардың бәрін тек өзіңіз бердіңіз. Ешкімнен ештеңе алған жоқпыз. Майысқан шеге түгілі шіріген қада алмадық!

– Жоқ, алдыңдар, – дейді хан: – Түнде түс көрдім. Үлкен таразыны әкелді. Бір жағына мына мешітті қойды, екінші жағына бір шелек айран қойды. Сол айран мешіттен де ауыр тартты.

Сол сәтте бәрі үнсіз қалды. Барлық жәйт бәріне бірден түсінікті болды. Өйткені бұл асылы діннің басы жоғары тұрған, мұсылмандардың әлі де хикметтен ада болмаған заманы еді.

Осыған куә болған отырарлық даналардан қалған сөз осы күнге жетті: Жақсылықтың үлкені де, кішісі де жоқ. Біреу байлығымен көмектеседі, біреу қолындағы бір шелек айранымен. Бірақ қайсысының құдірет таразысында салмақты болатынын тек Әлемдердің падишасы ғана біледі.

– Әй, адам баласы!

Жақсылықтың салмағы алтынмен өлшенбейді.

Ниетпен өлшенеді.

Ақиқат таразасында бір тамшы су – теңізден ауыр,

Бір түйір нан – сарайдан салмақты.

Кімнің шын бергенін Жаратқан ғана біледі.

Жақсылықтың үлкен-кішісі жоқ.

Тек қана ниеттің үлкен-кішісі бар!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: айранмешітотырар
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Кей мешіттерде неге жалаңаяқ намаз оқуға рұқсат бермейді?
Сұрақ-жауап

Кей мешіттерде неге жалаңаяқ намаз оқуға рұқсат бермейді?

24.11.2025
Мешіттегі құнды құжаттар көрмесі
Жаңалықтар

Мешіттегі құнды құжаттар көрмесі

19.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды

Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00