Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Астанада Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылды

18.09.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
27
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бейбітшілік пен келісім саябағының ашылу салтанаты қазақстандықтар үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіндегі тағы бір маңызды оқиға ретінде есте қалмақ. Есіл өзенінің жағасында орналасқан саябақ Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен ұлттардың достығы мен бірлігін бейнелейді.

Жобаның негізгі идеясы – «Өмір ағашы» ескерткіші. Экспозицияның ортасында емен ағашы отырғызылған күмбез орналасқан, ал оның айналасын спиральді субұрқақ қоршап тұр.

«Өмір ағашы» – саябақтың орталығында орналасқан ескерткіш әрі тірі инсталляция. Оның күмбезі – барлық ел мен халықты біріктіретін аспан шатырын бейнелейді. Шығысқа, Батысқа, Оңтүстік пен Солтүстікке бағытталған төрт қақпа теңдік пен ашықтықтың нышаны болып табылады. Ортасында өсіп тұрған берік емен ағашының тамыры – өткенмен, діңі – бүгінмен, ал жайқалған бұтақтары – болашақпен байланыстырады.

Күмбездің төрт қабырғасы өзіндік сыр мен нышанға толы.

Көк паспорттың қадірі

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
В Казахстане отмечают Көрісу күні

Бүгін – Көрісу күні

14.03.2026

Бірінші қабырға – «Қазақстан – көпқырлылық қақпасы». Ол ғибадатхананың қақпасы іспетті бейнеленген. Инженерлік өрнектер ғарыш заңдылықтарын, ал өсімдік өрнектері ежелгі «өмір бұлағы» ағашын еске салады. Осы қабырғаның жарқыраған қырлары арқылы әркім игі ниетпен ортақ мақсатқа қосыла алады. Қазақстан – Ұлы Жібек жолынан бері мәдениеттер мен діндер тоғысқан мекен ретінде көрсетілген.

Екінші қабырға – «Қазақстан – бейбітшілік пен өркендеу орталығы». Композицияның түйінінде үлкен стильді рубин бейнеленген. Ол – күн мен өмірдің нышаны. Одан күн сәулесіндей тараған өрнектер айналаны нұрға бөлейді. Тұмсығында бұтақ ұстаған ақ құс бұлт арасымен ұшып, халықтар мен діндер арасындағы үміт пен бейбітшілікті жеткізеді.

Үшінші қабырға – «Ұлы жаратылыс». Ол мандала секілді, дүниенің алғашқы материядан жаратылу шежіресін бейнелейді. Мұнда өсімдіктер дүниесіне ырғақ беретін аспан шырақтары мен үйлесімге келген материя элементтері көрініс тапқан. Алтын шуақ пен асыл тастардың қырлары адамзатқа: егер түсіністік пен құрмет жолымен бірге жүрсек, ғалам тереңдігіне жол ашық екенін еске салады.

Төртінші қабырға – «Діндер үйлесімі». Мұнда Қазақстандағы негізгі діндердің ғибадат орындары өрнек түрінде бейнеленіп, бірыңғай өрнекке тоғысқан. Қалай әр дәннен шыққан өсімдіктер бір жарыққа ұмтылса, дәл солай әртүрлі сенімдер ортақ мақсатқа – бейбітшілікке жетелейді.

Саябақтағы ең маңызды элементтердің бірі – су. «Өмір ағашының» қасында орналасқан «Су айдыны» субұрқағы – өмірдің мәңгі бастауының нышаны. Жоғарыдан төменге аққан су – емен ағашының өсуіне септігін тигізіп, жер мен көкті жалғап тұр. Су – тазалықтың, жаңарудың, үміттің белгісі. Ол спираль бойымен ағып, субұрқақты, күмбезді, қабырғаларды біріктіреді. Ал «Жұлдызды аспан» тоннелі кешкісін жарықпен көмкеріліп, жұлдыз астындағы тамшылардай жарқырайды. Мұнда өзен де, ғарыш та бейбітшілік тілінде сөйлегендей әсер қалдырады.

Бұл орынның басты құдіреті – миллиондаған адам сенім сақшылары деп құрметтейтін тұлғалардың осында бас қосуында. Олардың осы жерге жасаған қадамдары мен еккен ағаштары Бейбітшілік пен келісім саябағын тартылыс орталығына айналдырды. Мұнда отбасылар балаларымен, студенттер, ақындар мен музыканттар жиі келеді. Әрбір адам осында өз жанынан бір бөлшегін қалдырып, шабыт алып қайтады.

Бейбітшілік пен келісім саябағы – шекаралар жойылып, адам өзгенің де, өзінің де үнін ести алатын қасиетті кеңістік. Бұл – шын жүректен шыққан тілектер орындалатын мекен.

Айта кетейік, жаңа «Бейбітшілік пен келісім» саябағының іргетасын 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі қатысушылары қалаған. Олардың қатарында Рим Папасы Франциск, әл-Азхардың Жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб және өзге де беделді тұлғалар болды.

Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіБейбітшілік пен келісім саябағыдінаралық диалог
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясымен өтетін Екінші бірлескен коллоквиумға дайындық аясында онлайн-кездесу өткізді
Жаңалықтар

Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясымен өтетін Екінші бірлескен коллоквиумға дайындық аясында онлайн-кездесу өткізді

08.03.2026
Астанада дінаралық диалогтың жүйелі тәсілдері мен келісімді нығайтудағы ақпараттық кеңістік рөлі талқыланды
Жаңалықтар

Астанада дінаралық диалогтың жүйелі тәсілдері мен келісімді нығайтудағы ақпараттық кеңістік рөлі талқыланды

01.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне ене ме?

Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне ене ме?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120846 бөлісті
    Бөлісу 48338 Твитерге 30212
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1591 бөлісті
    Бөлісу 636 Твитерге 398

Соңғы жарияланымдар

Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
В Казахстане отмечают Көрісу күні
Жаңалықтар

Бүгін – Көрісу күні

14.03.2026
Наурызнама күнтізбесі
Инфографика

Наурызнама күнтізбесі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00