Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пәренже – парыз емес

06.08.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
Сурет: seanwang / istock

Сурет: seanwang / istock

65
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

30 маусымда еліміздің заңнамасына қоғамдық орындарда қыз-келіншектердің бет-жүзін толық жабатын киім (никаб, пәренже, т.б.) киюіне тыйым салатын талаптың енгізілуі бүгінде желіде жаппай талқыға түсіп жатыр. Қауіпсіздікті арттыруға бағытталған бұл қадамның мақсатын сан-саққа жүгірткендер де жетіп-артылады.

Көзіқарақты оқырман бұл ше­шім­нің артында қоғамдық қауіп­сіздікті ны­ғайтуға бағытталған ізгі ниет жатқанын ұғынғанына шүбә жоқ. Дін маман­дары да солай дейді. Бас мүфтидің кеңес­шісі Смайыл Сейітбековтің айтуынша, Ислам дінінде ерге де, әйелге де әурет жерін жауып жүру – міндет. Соның ішінде имандылыққа бет бұрған мұсыл­ман қыз-келіншектеріне өздігінен көрі­нетін же­рінен басқа жерін жабу талап етілген.

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өздігінен көрі­нетін жері дегенде, әйелдің бет-жүзін, білезіктен әрі қолын және тобықтан төмен аяғын көрсеткен. Шариғатта бұл жерлерді жауып жүру бұйырылмаған. Яғни асыл дініміз қыз-келіншекке орамал тағып, ұзын етекті кең киім киюді міндеттегенімен, бетті толық жабуды талап етпейді. Бәлкім, бұл кейбір араб елдерінде қалыптасқан дәстүр шығар. Ал біздің ата-бабамыз хадисте айтылған талапқа байланысты діні мен дәстүрін сабақ­тастырып, шариғат талаптарына жауап беретін ұлттық киімдерімізді киді. Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масының ұстанымы да осы» дейді ол.

Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде кейбір жат ағым өкілдері заңнамадағы өзгерісті дінге қарсы бағытталған қадам, мұсылмандардың дін ұстану құқығын шектейтін норма деп түрлі пікір таратып жүр. Дегенмен дін мамандары олардың бұл сөздері негізсіз екенін айтып келеді. Бас мүфти кеңесшісі С.Сейітбековтің сөзінше, біз – ең алдымен зайырлы елміз. Сондықтан заңға бағыну – баршаның мойнындағы басты борыш.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

«Зайырлы мемлекеттің заңы әркімге ортақ. Мейлі дін ұстан, мейлі ұстанба, біз жеті рет өлшеп, бір рет кесілген заң талаптарын орындауға міндеттіміз. Сондай-ақ бетті жабуға тыйым салатын заң нормасы қылмыстың алдын алу үшін қабылданғандықтан, оның мұсылманның құлшылығына, дін ұстануына ешқандай қатысы жоқ. Шариғатта бетті толық жабуға бұйрық болмағандықтан, бұл заң мұсылманның дін ұстану құқығын, амалын, бостандығын шектейді деу – келте пайым. Кейбіреулер айтып жүр­гендей, заңдағы өзгерісті дінге қарсы бағыт­талған қадам деген пікірмен өз басым келіспеймін», дейді ол.

Шымкент қалалық дін істері бас­қармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теологі Икрам Айтаев та жаңа заң талабы дін саласына ешқандай қатысы жоқ құқықтық шешім екенін алға тартады. «Қоғамдық қауіпсіздік – қазір кез келген елдің ең басты назар ­аударатын мәселесі. Өйт­кені жұрттың күнделікті тіршілігі жайлы, ұйқысы тыныш. Өкініш­ке қарай, қылмыскерлер арасында бет-жүзін жасырып алып, зымиян ойын іске асыратындар да бар. Тәртіп сақшылары олардың кім екенін анықтай алмайтын болғандықтан, осындай құқықтық шешім шығаруға мәжбүр болып отыр.

Аталған заң нормасы күшіне енгеннен кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да осы мәселеге қатысты түсініктеме бергені белгілі. Мамандар мұсылман әйелдерінің киіміне қатыс­ты Құран мен хадис талаптарын тізбек­тей келе: «Біз еліміздегі мұсылмандар­дың біртұтас діни бірлестігі ретінде, қоғамдағы тұрақтылық, ынтымақ пен бірлікті басты құндылықтарымыздың бірі деп бағалаймыз. Ислам діні де қоғаммен жарасымды өмір сүруді, тәртіпке бағынып, мемлекеттің ты­ныш­тығына үлес қосуды насихаттайды. Сондықтан да заңға түсіністікпен қарап, ортақ игілік жолында бірлігімізді бе­кемдейік» деп тұжырымдайды.

Расында, дінде намаз, ораза, қажы­лық, зекет секілді парыз емес, шариғатта міндеттілігі мүлдем айтылмаған, сон­дай-ақ біздің ата салтымызда да көрініс таппаған пәренжеге тыйым салы­нуы қоғам үшін пайдасы басым қадам бол­ғаны айдан анық. Сол үшін ел ішін дүрліктіру, дінімді шектеді деп дүрбелең салу, бүлік шығарудан аулақ болғаны­мыз абзал.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: никаборамалпәренже
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғамдық маңызы бар құқықтық шешім
Видео

Қоғамдық маңызы бар құқықтық шешім

08.08.2025
Сұрақ-жауап

Орамал таққан қыз қандай болуы керек?

14.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі – дінаралық татулықтың жаһандық үлгісі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00