Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дінаралық келісім – тұрақтылықтың негізі

18.08.2025
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Таңдаулы
0
55
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі жаһандану дәуірінде адамзат баласының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау. Бұл тұрғыда дінаралық келісім – қоғамдағы тыныштықтың, ынтымақ пен өзара түсіністіктің маңызды тірегі. Әртүрлі дінді, тілді, мәдениетті ұстанатын ұлт өкілдері арасында сыйластық пен татулық орнамаған жерде тұрақты даму туралы айту мүмкін емес.

Себебі, дінаралық диалог – өзара түсіністіктің алтын көпірі. Ол қоғамдағы түрлі дін өкілдерінің бір-бірін тереңірек түсінуіне, ашық пікір алмасуына, төзімділікті дамытуына жол ашады. Діндер арасындағы ерекшеліктер мен айырмашылықтарға құрметпен қарауға шақырады. Әлемдік және дәстүрлі діндердің түпкі мақсаты – адамгершілікке, мейірімділікке, әділдікке тәрбиелеу.  Ал дінаралық келісім осы ортақ құндылықтар негізінде адамдар арасында сенім мен татулықты қалыптастырады, қоғамдық тұрақтылыққа тікелей әсер етеді.

Қоғамдық тұрақтылық – мемлекет дамуының іргетасы. Халық арасында дінаралық араздық пен алауыздық туындаған жағдайда, елдің берекесі мен ынтымағына сызат түсіп, дамуына қауіп төнеді.  Ал адамдар бір-бірінің діни ерекшеліктеріне құрметпен қарап, сыйластық пен татулықта өмір сүретін болса  қоғамның ілгері дамитыны анық. Сондықтан дінаралық келісім – тек рухани ғана емес, саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың да негізі.

Бейбітсүйгіштік пен ынтымақ тәрізді қасиетті құндылықтар қазақ халқының тарихи санасында ежелден қалыптасқан.  «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз…», – деп үш ғасырға жуық уақыт бұрын атақты Қазыбек бидің  айтқаны соның дәлелі іспетті. Маңайынан жау іздемеген, керісінше достық пейіл танытатын, қонақжай  халқымыздың ұрпағы да өзге адамдардың діні мен сеніміне құрметпен қарап, татулықта өмір сүріп келеді. Бұл тарихи дәстүрдің жаңа деңгейде  жалғасын тауып келе жатқанының жарқын көрінісі және  басқа елдер үшін үлгі болатын тәжірибе.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

Халықаралық маңызды алаңдарда дінаралық келісім мәселесі қозғалғанда ең алдымен қазақстандық қоғамдық келісім үлгісін мысалға келтіреді. Қазақстан – көпұлтты әрі көп конфессиялы мемлекет.  Елімізде 130-ға жуық ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүруде және олар әр түрлі дінді ұстанады. Соңғы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда 18 конфессияны қамтитын 3999 діни бірлестік тіркелген. Осындай этностық, конфессиялық және мәдени саналуандық жағдайында бейбітшілік пен бірлікті сақтау – мемлекеттің негізгі ұстанымдарының бірі.

Елімізде 2003 жылдан бері жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі соның айғағы. Бұл форум Қазақстанды бейбітшілік пен келісімді басты құндылық еткен ел екенін бүкіл әлемге паш етті, сондай-ақ жаһандық дінаралық диалогтың бірегей және беделді тұғырнамасына айналды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер қауымдастығы арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізуге және бүкіл адамзатқа әділ, қауіпсіз болашақ құруға бағытталған халықаралық беделді форум өзінің миссиясын орындап келеді.

Сонымен қатар,  әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері, беделді саясаткерлер мен  қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтетін халықаралық маңызы бар диалог платформасының ықпалын одан әрі нығайту үшін «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы» әзірленді.

Аталған құжатқа сәйкес адамдардың діни сезімдерін қақтығыстар мен соғыс қимылдарын өршіту және ушықтыру үшін пайдалануға жол бермеу, радикализмге, экстремизмге, терроризмге және зорлық-зомбылыққа олардың кез келген көріністерінде үздіксіз қарсы тұру Съездің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Діндер мен ұлттар арасындағы диалог пен сыйластықты нығайтып, келіспеушілікті күш көрсету арқылы емес, келісім мен ымыраға келу арқылы шешуге шақырады. Бұл әсіресе әлемде геосаяси қарама-қайшылықтар мен шиеленістер өршіп тұрған кезеңде үлкен маңызға ие екені даусыз.

Біз бұдан дінаралық келісімнің бейбітшілік пен ынтымақты сақтауда  аса маңызды рөл атқаратынын көреміз. Себебі, дін – өте нәзік мәселе. Адамның діни нанымы оның жеке басының шаруасы болғанымен, ол қоғамға тікелей әсер етеді.

Тұрақтылықты берік ұстауды көздеген кез келген мемлекет дінаралық  келісімге ерекше назар аударады.  Себебі,  дінаралық келісім – тұрақтылықтың негізгі компоненттерінің бірі.

Қазақстандық дінаралық келісім үлгісі – толеранттылықтың, парасаттылықтың және өзара құрметтің нәтижесі. Бұл – еліміздің бейбіт өмір сүруінің, тұрақты дамуының кепілі.

Дінаралық келісімді сақтау – тек мемлекеттік құзырындағы немесе дін қайраткерлеріне жүктелген шаруа емес. Ол бүкіл қоғамның ортақ ісі, әрбір азаматтың міндеті.

Уақыт сынынан өткен ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделіне сүйене отырып, құрмет пен түсіністік, сабыр мен төзімділік арқылы ғана біз ұлттың бірлігін нығайтып, елдің ынтымағын сақтай аламыз. Осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманаттау арқылы ғана біз жарқын болашаққа нық қадам басамыз.

Дінаралық келісім – бұл тек діни мәселелердің ғана емес, жалпыұлттық бірліктің, әлеуметтік тұрақтылықтың, бейбіт өмірдің негізі. Татулық бар жерде – береке бар. Сондықтан әрқайсымыз діни толерантылықты, сыйластық пен келісімді сақтауға үлес қосайық.

Қ.Бейсенгазин,

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Әдістемелік жұмыс және жинақтау департаментінің бас сарапшысы

Қайнар көзі: dalanews.kz
Таңбалар: басты тақырыпдінаралық келісімконфессияаралық келісім
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады
Жаңалықтар

Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады

02.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мақсат ШОТАЕВ: Тоғызқұмалақ – ойын ғана емес, ұлттың рухани қазынасы

Мақсат ШОТАЕВ: Тоғызқұмалақ – ойын ғана емес, ұлттың рухани қазынасы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00