Бейсенбі, 9 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Заңның жаңа нормасы: ниқаб кию қалай реттеледі?

12.07.2025
- Сұхбат, Таңдаулы
0
384
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстанда ниқаб киюге тыйым енгізілді ме?

Ниқаб киюге қатысты заңнамалық шектеулер қоғамда кең талқылау туғызды. Дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша сарапшы Ержан БАЙБОЛ осы тақырыпқа қатысты Qaz365.kz сайтының сұрақтарына жауап берді: Қазақстанда ниқаб киюге тыйым енгізілді ме? Қандай жағдайда қоғамдық орындарда ниқаб киюге болады? Шетелдік туристер жауапкершілікке тартыла ма? Неліктен Ресей мұндай тыйымды қабылдаудан бас тартты?

–  Жуырда қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кишекті киіп жүруге тыйым салатын заң қабылданды. Көптеген БАҚ бұл норманы ниқабқа деген тыйыммен байланыстырды. Сіздің ойыңызша, оған қандай себеп болды?

– «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға жаңа норма – 21-баптың 2-бөлігі енгізілді. Алайда бұл нормада ниқабқа тыйым салынбаған. Яғни, бет-әлпетті жабатын киім-кешектердің түрлері мен атаулары заңда нақты айқындалмаған.

Халықаралық конференция өтті

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025

Сондықтан егер заңда көзделген бес себептің бірі орын алса, қоғамдық орындарда ниқаб киюге рұқсат. Мысалы, егер сіз үшін ауа райы қолайсыз болса, сіз бетіңізді ниқабпен болса да жабуға құқылысыз. Сол сияқты, егер медициналық мақсатта (аллергия, жөтел, тұмау және т.б.), өз денсаулығыңыз бен айналаңыздағы жандардың денсаулығын сақтау үшін бетіңізді жабуға хақыңыз бар.

– Мұндай жағдайда ниқаб киген үшін айыппұл салына ма?

– Бұл норманы бұзған үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған. Егер болашақта жауапкершілік енгізілсе, заңда тікелей көзделген себептердің кемінде біреуі орын алған жағдайда айыппұл немесе өзге де әкімшілік жазалар қолданылмайды.

Бір сөзбен айтқанда, бетті қандай киім-кешекпен бүркеген маңызды емес, ең бастысы – оны жабу себебінде. Яғни, әрекет ниетіне назар аударылады.

– Шетелдік туристер өздерінің мәдениетіне, діни сенімдеріне байланысты бет-әлпетін жауып жүргені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе?

– Теориялық тұрғыда, егер жауапкершілік енгізілсе, мұндай туристер тәртіп сақшаларымен қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бірақ олар біздің елге саяхат жасау жөнінде шешім қабылдамас бұрын осыны ескеретін шығар.

Дегенмен, Мемлекет басшысының ұстанымын басшылыққа алсақ, Қазақстан азаматтары мен елге келген қонақтарға олардың діни сенімдері үшін жаза қолданылады деп ойламаймын. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Дінді ұстану құқығын қорғау – менің саяси бағытымның ажырамас бөлігі», – деп атап айтқан болатын.

– Соңғы бір жарым жылда осындай тыйымдар Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстанда енгізілді. Неліктен Ресей үкіметі ниқабқа тыйым салатын заң жобасын қолдамай қойды?

– Менің түсінуімше, ондай шешімге бірнеше факторлардың жиынтығы түрткі болды. Құқықбұзушылық бойынша статистика мен болжамдар, ықтимал салдар, заңды қолдану тәжірибесі, халықаралық жағдай, оның ішінде Таяу Шығыста орны ерекше саналатын елдердің басшылығымен өзара қарым-қатынас, идеологиялық тәуекелдер, экономикалық және басқа да маңызды аспектілер ескерілген болуы мүмкін.

Ресей билігі мұндай тыйымның жағымсыз салдары оның ықтимал пайдасынан көрі асып түсуі мүмкін деген қорытындыға келген сияқты.

– Қазақстанда бұл норманы қабылдаудың қажеттілігін қауіпсіздікті қамтамасыз етумен түсіндірді. Ондай негіз Орталық Азия елдерінің қоғамдық орындарында жүру қауіпке айналды дегенді білдіре ме?

– Біріншіден, бұл норманы енгізу құқыққорғау немесе арнайы органдардың бастамасы емес.

Екіншіден, басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда айыппұл енгізілген жоқ. Ал мұндай қадам қудалау емес, алдын алу шараларына басымдық берілгенін көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстан Орталық Азияда ғана емес, бүкіл ТМД аумағында тұрақтылық пен қауіпсіздіктің аралы болып есептеледі. Жуырда өткен Astana International Forum аясында елімізге келген шетелдік қонақтар осындай пікір білдірді. Өзіңіз де ойланып көріңізші:

– шетелдік инвестиция тарту көлемі бойынша Қазақстан ТМД-да бірінші орында;

– өткен жылы елімізге 15,3 млн шетелдік турист келген, бұл Орталық Азия елдерінің жалпы көрсеткішінен де асып түседі;

– өткен жылы бар-жоғы 77 адам ғана Қазақстан азаматтығынан бас тартқан;

– Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, биылғы жылдың І тоқсанында қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықбұзушылық азайған;

– 1991 жылдан бері қылмыс деңгейі ең төменгі көрсеткішге жеткен;

– Бас прокуратура елде жалпы қылмыстылықтың тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын хабарлады.

Міне, осы және басқа да нақты фактілер Қазақстандағы қоғамдық орындарда азаматтар мен шетелдіктер өзін қауіпсіз сезіне алатынын дәлелдейді.

– Егер шынымен де қауіпсіздік тұрғысынан бәрі жақсы болса, онда бұл норманы дәл осындай редакцияда қабылдаудың себебі неде? Жасырынып жүрген немесе қылмыс жасамақ болған адам бет-әлпетін танымас үшін медициналық маска кие алмай ма?

– Шын мәнінде, мамандар бұл норманы жүйелі түрде қарастыруды ұсынған болатын. Алайда сарапшылық талқылау ойдағыдай өтпеді. Сәйкесінше қоғамда әртүрлі түсінік тудырған шығар. Сондықтан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын толық жүзеге асыру барлық деңгейде күшейтуді талап етеді.

Осы сәтті пайдаланып, әріптестеріме тағы да еске салғым келеді: қоғамда діни, атеистік және басқа да нанымдар негізінде жеккөрушілікті қоздыруға, төзбеушілікті насихаттауға әрі зорлық-зомбылықты ақтауға жол беруге болмайды. Бұл Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатының басты міндеттерінің бірі.

Мұндай саясаттың тиімділігі елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімге тікелей әсер етеді. Осы тұрғыда блогерлер мен БАҚ-тың ақпараттық сүйемелі ерекше маңызды. Сондықтан олардың әлеуетін жасампаз арнаға бағыттау қажет.

– Бұл норманың авторы кім?

– Бұл норма 2017 жылы Парламентке енгізілген ескі заң жобасынан алынған. 2018 жылы Сенат заң жобасын Мәжіліске  қайтарды. Кейін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басшысы қызметінен босатылып, Дін істері комитетінің атауы Қоғамдық келісім комитеті болып өзгертілді. 2019 жылы Үкімет заң жобасын өзектілігін жоғалтқанына байланысты кері қайтарып алды.

Енді алдағы уақытта бұл норманың төңірегіндегі жағдайдың қалай өрбитіні әзірге белгісіз.

Таңбалар: Ержан Байболниқабпаранжа
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ержан БАЙБОЛ: Дін саласындағы жетістіктерді бағалау – маңызды міндет
Сұхбат

Ержан БАЙБОЛ: Дін саласындағы жетістіктерді бағалау – маңызды міндет

13.09.2025
Қоғамдық маңызы бар құқықтық шешім
Видео

Қоғамдық маңызы бар құқықтық шешім

08.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Атырауда медресе салынып жатыр

Атырауда медресе салынып жатыр

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Халықаралық конференция өтті
Жаңалықтар

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол
Видео

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025
Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті
Жаңалықтар

Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті

08.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою