Сұрақ: Нәпсіні тізгіндемесе, не болмақ?
Жауап: Ислам ілімінде нәпсі адамның ішкі жан-дүниесінің бір бөлігі ретінде қарайды. Адам нәпсіге ие болу арқылы кемелділікке жетеді. Нәпсіге ерік беру адасушылық бой алдырады.
Құранда нәпсінің бірнеше түрі баяндалған. Исламда нәпсіге ие болып, тәрбиелеу – үлкен сауапты рухани амалдың бірі. Нәпсі – адамның ішіндегі құмарлық сезім. Бұл сезімнің қалауында қалса, жағымсыз іс жасаудан тайынбайды. Мұндай нәпсіқұмарлық әрқашан өз құмарымды қандырам деп әуреленеді. Ол бұл жолда ешқандай күшті танығысы да келмейді. Тіпті бір күні өзін-өзі тоқтата алмайтын халге де жетеді. Өйткені ол нәпсінің құлы болып қалған. Әрбір қоғамда орын алатын маскүнемдік, талақ беріп ажырасу, нашақорлық, парақорлық, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық және басқа да келеңсіздіктер нәпсіні тыя алмаудың салдарынан болды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Нағыз мүжәһид – нәпсісімен күрескен адам» деген. Әрқашан адамның ақылы нәпсіден үстем болса, онда ол адамның бақытты болғаны.
Икрам АЙТАЕВ










