Бейсенбі, 9 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
40
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қала ішіндегі шағын бір саябақтағы орындықта қарт бір кісі отырған еді. Сол сәтте оған қарай бір жас жігіт жақындап былай деді:

– Мені танисыз ба, ұстазым? – деп сұрады.

Қарт кісі сәл кідіріп, жүзіне қарап:

– Жоқ, танымаймын, – деп жауап берді.

Халықаралық конференция өтті

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025

Сонда жас жігіт:

– Мен сіздің бұрынғы оқушыңызбын, – деді.

Қарт мұғалім қуанып:

– Ә-ә, солай ма, күлімсіреп қазір немен айналысып жүрсің? – деп сұрақ сұрады.

Жас жігітте:

– Мен де сіз секілді ұстаз болдым, – деді.

Қарт кісі:

– Ә, демек мен сияқтысың! – деді.

– Иә, сіз секілді. Шынымды айтсам, осы жолды таңдауыма сіз себепкер болдыңыз. Сіз мені шабыттандырдыңыз, сіздей болғым келді.

Қарт кісі қызығушылықпен:

– Мұғалім болуға қашан шешім қабылдағаның есіңде ме? – деп сұрады.

Сонда жас жігіт мынаны айтып берді:

– Ұстаз, бірде мектепте оқып жүргенде сыныптасымның қолындағы су жаңа сағаты болды. Сағат маған қатты ұнады, оны қалай да иеленгім келді. Ақыры, ұрлап алдым. Біраз уақыттан соң, сыныптасым сағатының жоғалғанын байқап, сізге хабар берді. Сонда сіз:

– Бүгін бір сағат жоғалды. Кім алған болса, қайтарып берсін, – дедіңіз. Бірақ мен үндемедім. Сағатты қатты қалағаным соншалық – қайтармадым…

Сонда сіз есікті жауып, бәрімізге орнымыздан тұруды бұйырдыңыз. Бәрімізді жеке-жеке тексеретініңізді айттыңыз. Бірақ бір шартпен – көздерімізді жұмып тұруымыз керек дедіңіз.

Көзіміз жұмулы күйде сіз менің қалтамды қарап, сағатты таптыңыз. Алайда өзгелердің де қалталарын қарап шықтыңыз. Тексеру ісі біткен соң:

– Көздеріңді аша беріңдер. Сағат табылды, – дедіңіз.

Маған бір ауыз сөз айтпадыңыз. Бұл оқиға туралы ешқашан тіс жармадыңыз. Кім ұрлағанын ешкімге айтпадыңыз.

Ол күні менің ар-намысымды сақтап қалдыңыз. Бұл – өмірімдегі ең ұятты күн еді. Бірақ сіз мені ұялтпастан, жекіп-ашуланбастан, тіпті ақыл айтпастан – тура жолды көрсеттіңіз. Сол күннен бастап, мұғалім деген кім, оның шынайы юейнесінің қандай болатынын ұқтым. Сіз үшінші бір адамның тағдырын үнсіз өзгерткен ұстазсыз. Сіздің арқаңызда мен де сондай болуға тырыстым. Сіз осы оқиғаны есіңізде сақтап қалған шығарсыз, ұстаз? – деді.

Қарт ұстаз жымиып:

– Сағаттың жоғалғанын есімде сақтадым. Шынымен, барлық оқушыны тексердім. Бірақ сені есімде сақтамадым… Өйткені мен де көзімді жұмып алған едім, – деді.

Бұл – нағыз ұстаздың болмысы.

Егер біреуді түзету үшін оны жұрт алдында ұялту керек болса, демек, сіз де үйретудің не екенін білмейсіз.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: қартсағатшәкірт
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Бәрінен бұрын «білмеймін» деуді үйрет»
Ғибратты әңгімелер

«Бәрінен бұрын «білмеймін» деуді үйрет»

22.07.2025
Адам нәпсісі тәрбиеге мұқтаж
Ғибратты әңгімелер

Адам нәпсісі тәрбиеге мұқтаж

16.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Арбаушының үш амалы

Арбаушының үш амалы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Халықаралық конференция өтті
Жаңалықтар

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол
Видео

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025
Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті
Жаңалықтар

Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті

08.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою