Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Көлік және логистика – жаһандық экономиканың өзегі

25.06.2025
- Жаңалықтар
0
21
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында Komtrans Astana+ BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technology Astana 2025 көрмелері өтуде. Оған Қазақстан, Қытай, Түркия және Өзбекстаннан келген 230 компания қатысып, нарыққа бейімделген өнімдер мен шешімдерді ұсынып жатыр.

Бұл – көлік пен құрылыс саласына бағытталған, Қазақстан мен Орталық Азия кеңістігіндегі жетекші салалық алаңдардың бірі.

Komtrans Astana + BUSexpo Astana жүк, коммерциялық және жолаушылар көлігіне маманданған аймақтағы көрме. Көрме көлік индустриясының негізгі сегменттерін біріктіретін, әрі нақты бизнеске бағытталған B2B форматындағы кәсіби платформа. Eurasian Construction Technology Astana 2025 көрмесімен бір алаңда өтуі логистика, құрылыс және инфрақұрылым бағыттарын тоғыстырған кешенді іс-шараға айналып отыр.

Көрменің ашылуында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев: «Көлік және логистика – жаһандық экономиканың өзегіне айналған стратегиялық сала. Қазақстан бүгінде транзиттік әлеуетін арттыруда. Бұл ретте, Орта дәліз, Солтүстік-Оңтүстік бағыт және басқа да халықаралық маршруттарды дамытуға атсалысуда. Мұндай көрмелер жаңа идеялар жобаларға айналатын, кәсіпкерлік әріптестік нақты келісімдерге ұластыратын шешуші алаң», – деп, саланың стратегиялық маңыздылығына тоқталып, көрменің халықаралық ынтымақтастық пен технологиялық серпінді ілгерілетудегі рөлін атап өтті.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Көрмеде ауыр жүк көліктері, автобустар, құрылыс алаңына арналған арнайы техника, телематикалық жүйелер мен автосервиске арналған жабдықтар ұсынылған.

Business Media Central Asia басшысы Ануар Мәлік: «Komtrans + BUSexpo Astana көрмесі көлік және логистика саласына арналған нақты шешімдер алаңы. Мұнда өнімдер ғана емес, кәсіби әріптестік пен нақты жобаларға негіз болатын келіссөздер жүреді. Алдағы уақытта біз тақырыптық көрмелерді өткізуді жалғастырамыз», деді.

Шетелдік қатысушылардың қатарында Қазақстанмен өндірістік кооперацияны кеңейтуге ниетті ірі компаниялар бар. Әсіресе Қытай, Түркия және Өзбекстан кәсіпорындары елімізді Орталық Азия нарығына шығатын негізгі платформа ретінде қарастырады.

Messe Frankfurt компаниясының вице-президенті Майкл Йоханнес: «Бұл жолы көрме аясында бірнеше бағыттың бір арнаға тоғысуы кездейсоқ емес. Мұндай кешенді формат Қазақстанның логистикалық өрлеу бағытымен үйлесіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, логистиканы тиімді ұйымдастыру – еліміздің Орталық Азиядағы хаб ретіндегі рөлін айқындайтын шешуші тетік. Біз осы даму жолын халықаралық серіктестікпен қолдауға әрқашан әзірміз. Келесі жолы жаңа KomTrack жаңа бағытта көрме ұйымдастыруды қарастырдық», – деді.

Көрме аясында іскерлік бағдарлама қарастырылған. Панельдік сессиялар, B2B кездесулер мен сараптамалық пікірталастар саланың өзекті тақырыптарын қамтиды. Айталық, «Өңіраралық логистикалық дәліздер: экономикалық ықпал және қаржылық тетіктер»; «Орталық Азиядағы автотасымал кедергілері және цифрлық шешімдер»; «Жұмысшы мамандықтарының жылы: көлік саласының дамуына кадрлық ресурс»; «Қазақстандағы автопаркті жаңарту: қаржылық лизинг, мемлекеттік қолдау және халықаралық тәжірибе» мәселелері талқыланды.

Осы ретте логистика саласындағы өңіраралық кооперацияның жаңа бағыттарына назар аударылды.

Панельдік сессияда «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Нұрлан Құлбатыров логистикалық инфрақұрылымды дамытудың өңіраралық сауда мен кооперацияны дамыту бағытында: «Шекара бойындағы хабтар желісін дамыту – өңірлік сауданы ұлғайтудың ғана емес, логистикалық тізбектерді жеңілдетудің де нақты құралы. Бұл бастама Қазақстанның трансқұрлықтық сауда дәліздеріндегі рөлін күшейтіп, көршілес елдермен өндірістік кооперацияны жаңа сапалық деңгейге шығарады», – деді.

Айта кету керек, аймақтардан келген делегациялар техника үлгілерін жергілікті жағдайға бейімдеу және қолдану жолдарын талқыламақ.

Көрмені ұйымдастырушы BMCA (Қазақстан).

Іс-шара ҚР Көлік министрлігі, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен өтуде.

БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Иран мен Израиль арасындағы соғыс біржола тоқтай ма?

Иран мен Израиль арасындағы соғыс біржола тоқтай ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00