Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Көкпардан жастар арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті

21.05.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
133
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алматы облысында көкпардан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының 19-шы Чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалдық ойында Жамбыл облысы мен Шымкент қаласының жастар құрамасы алтынды сарапқа салды.

Жаңбырлы ауа райына қарамай жарыс тамашалауға келген адамдардың қарасы аз болмады. Әр өңірдің жанкүйерлері жиналып, жас көкпаршыларға қолдау білдірді. Америка Құрама Штаттарынан келген қонақтар да көрермендер қатарынан табылды.

Ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды. Тартысқа толы финалда Жамбыл облысының көкпаршысы Арнұр Асен «алтын салым» салып, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша Жамбыл облысы Қазақстан чемпионы атанса, Шымкент қаласы күміс жүлде иеленді. Ал Алматы облысы қола жүлдеге ие болды.

«Чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Алғашқы ойында былтыр ел чемпионы атанған Түркістан облысын жеңдік. Финалда қарсылас болған Шымкент қаласының құрама командасы өте керемет дайындалған екен. Тартысқа толы ойын «алтын салымға» ұласты. Бабымызбен бағымыз қатар келіп чемпион атандық. Балалар да намысқа тырысып, аянып қалмады. Арнайы көкпарға дайындалған аттар өз позициясын жақсы орындап шықты», – деді «Әулие ата» командасының жаттықтырушысы Құрманбай Сәрсенбекұлы.

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата

Дәстүрлі Исламның дамуына үлес қосқан тұлғалар

22.09.2025
«Қамқорлық» қақпаны

«Қамқорлық» қақпаны

22.09.2025

Алматы облысы сапында өнер көрсеткен 18 жастағы Нұржігіт Пермебай 15 салым салып, чемпионаттың үздік ойыншысы атанды. Оған 300 мың теңге табысталды.

«Үш жылдан бері Алматы облысының намысын қорғап жүрмін. Жартылай финалда дайындық аз болып қалуына байланысты Жамбыл облысына есе жібердік. Қола жүлде үшін Атырау облысына қарсы өткен тартысты ойында бес салым салдым», – деді Нұржігіт Пермебай.

Алғаш рет ел чемпионатында жақсы өнер көрсеткен ат иелері де марапатталды. Оларға да 300 мың теңге табыс етілді. Алматы облысы командасының сапында ойнаған Хадия атты ат «Үздік қорғаушы ат» атанды. Иесі – Елдос Тілебалдиев. «Үздік шабуылшы ат» номинациясына Шымкент қаласының құрамында өнер көрсеткен Жарқынбек Нұрболдың Ахилес атты аты ие болды. Жамбыл облысы сапында өнер көрсеткен Нұрдаулет Момыновтың Көкдауыл аты «Үздік жекпе-жек ат» деп танылды.

Жүлдегерлер мен үздіктерді Республикалық Көкпар федерациясының президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, «RESPUBLICA» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров марапаттады. Ол ел біріншілігінде келешекте ұлттық құрама сапына қосылып, ел намысын қорғайтын спортшылар бақ сынағанын айтты.

«Көкпар осы жастарымыздан басталады. Бүгін мықтылар жеңіске жетті. Бұрын-соңды жастар арасындағы жарыстарда мұндай жүлде қоры болмаған. Осы чемпионатта алғаш рет командаларға әр жеңісі үшін ақшалай сыйлық бердік. Ат иелерін де атап өттік. Жылына үш-төрт жарыс өткен соң жылқылар жаттықпай, шабандоздар тұрып қалады. Алда осындай жарыстар көптеп өткіземіз», – деді Айдарбек Қожаназаров.

Республикалық Көкпар федерациясының атқарушы директоры Ғани Дүйшенов Чемпионатқа 16 команда қатысуға өтініш бергенімен  үш команда жарысқа келмегенін айтты. Ал Ұлытау облысының командасы аттары дайын болмауына байланысты топтық кезеңнен шыға алмай қалды.

«Жақсы дайындықпен келген командалар жеңіс тұғырынан көрінді. Кейбір командалар дайындықсыз келіп, чемпионатқа толық қатыса алмады. Бұл чемпионатта футболдағыдай VAR және  табло жүйесін енгіздік. Одан бөлек арнайы номинациялар әзірлеп, аттың иелерін де марапаттадық. Жарыс барынша әділ өтуі үшін төрешілерді жан-жақтан жинап, өздері келген өңірлердің командалары ойнағанда төрелік жасамауын қадағаладық», – деді Ғани Дүйшенов.

Чемпионаттың бас төрешісі Жанысбек Саев жарыс жоғары деңгейде өткенін айтып, жас көкпаршылардың аяқ алысына баға берді.

«Ең бастысы, жарақатсыз аман-есен өтті. Қызықты, тартысты ойындар болды. Әр командада мықты балалар бар. Жамбыл облысынан Арнұр Асен, Шымкент қаласынан Жанболат Ақбай, Алматы облысынан Нұржігіт Пермебай, Түркістан облысынан Нұрдәулет Төлешов ерекше көзге түсті. Бұл чемпионатта соңғы орын алған командаларға да сыйақы беріліп, үздік ойыншы мен жақсы өнер көрсеткен ат иелері марапатсыз қалмады», – деді ол.

Еске сала кетсек, ел біріншілігіне 13 команда, 156 спортшы қатысты. Чемпионаттың жүлде қоры 12 млн 350 мың теңгені құрап, командаларға келесідей үлестірілді:

1-орын алған Жамбыл облысына 2,1 млн теңге;

2-орын алған Шымкент қаласына 1,1 млн теңге;

3-орын алған Алматы облысына 1 млн 350 мың теңге;

4-орын алған Атырау облысына 600 мың теңге;

5-орын алған Түркістан облысына 1,1 млн теңге;

6-орын алған Маңғыстау облысына 700 мың теңге;

7-орын алған Қарағанды облысына 400 мың теңге;

8-орын алған  Қызылорда облысына 800 мың теңге;

9-орын алған Жетісу облысына 450 мың теңге;

10-орын алған Алматы қаласына 400 мың теңге;

11-орын алған ШҚО-ға 200 мың теңге;

12-орын алған Ақтөбе облысына 200 мың теңге берілді.

Шымкент қаласының «Ұлттық ойындар көкпар федерациясының» басшысы Балтабай Асан күміс жүлдеге ие болған шымкенттік жас көкпаршыларға жеке 1 млн 300 мың теңге табыстайтынын мәлімдеді.

Ел біріншілігі Республикалық Көкпар федерациясы, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Алматы облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен және «Самұрық-Қазына» АҚ пен Туризм мен спортты қолдау қорының қолдауымен өтті.

Таңбалар: ЖастаркөкпарҚазақстан чемпионаты
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Кешірілмес қателік
Қоғам

Кешірілмес қателік

04.09.2025
Жат ағымның нысанасы – жастар
Видео

Жат ағымның нысанасы – жастар

19.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дін үйренемін десең…

Дін үйренемін десең...

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата
Ислам

Дәстүрлі Исламның дамуына үлес қосқан тұлғалар

22.09.2025
«Қамқорлық» қақпаны
Видео

«Қамқорлық» қақпаны

22.09.2025
Елімізде террористік қылмыс жасаған 12 адам сотталды
Жаңалықтар

Радикалды идеяларды насихаттаған қазақстандық бес жылға сотталды

22.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою