Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ата-ана тарапынан жіберілетін 5 қателік

24.05.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
54
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ішкі істер министрлігі ата-аналар тарапынан жіберілетін, соңы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін бес қателік туралы жазба жариялады.

Соның біріншісі – балаларды қараусыз қалдыру.

«Балаларды қараусыз қалдыру ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда туындайтын басты қауіптердің қатарында жол-көлік оқиғалары, балалардың терезеден құлап кетуі, су айдындарында қаза табуы бар. Жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты 50 жағдай тіркелді, оның төртеуі өліммен аяқталған. Көлік қағуы салдарынан 22 бала көз жұмып, 1 386-сы жарақат алған. Одан бөлек, 10 бала суға батып кеткен» деп жазады ІІМ баспасөз қызметі.

Келесі қателік – баланың кіммен араласатынын қадағаламау. Бұл оның жаман ортаға түсуіне себеп болуы мүмкін екенін айтады.

Көк паспорттың қадірі

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
В Казахстане отмечают Көрісу күні

Бүгін – Көрісу күні

14.03.2026

«Ата-ананың немқұрайлылығы жасөспірімдердің күмәнді адамдармен уақыт өткізуіне, құқықбұзушылық жасап, психоактивті заттарды қолданып, девиантты мінез-құлықты көрсетуіне дейін жеткізуі әбден ықтимал» делінген жазбада.

Расында баланың кіммен араласатынына мән бермеу басқа да көптеген жағымсыз жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Мәселен, олардың деструктивті идеологиямен уланған ортаға тап болуы да ғажап емес. Соның салдарынан көптеген жастар теріс діни жолға түсіп, отбасынан алыстап, кейбірі шетел асып жатқаны белгілі.

Ішкі істер министрлігі отбасындағы жанжалдар, қолайсыз психологиялық ахуал мен ата-ананың теріс мінез-құлқы да балалардың қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетінін айтады.

«Әдетте үйдегі ұрыс-керіс пен зорлық-зомбылық кәмелетке толмағандардың бойында сенімсіздік, тұрақсыздық тудырып, ынжық және жасық мінез-құлықтың қалыптасуына себеп болады» делінген жазбада.

Келесі қателік – интернет пен гаджеттерге еркін қол жеткізуі. «Ата-аналар баласының телефонды немесе планшетті қалай пайдаланатынын бақыламаса, ол баланың қауіпті интернет қауымдастықтарға тартылуына, зорлық-зомбылықты насихаттайтын тыйым салынған контентті көруіне және күмәнді адамдармен байланыс орнатуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар балаларға қатысты кибербуллинг пен зорлық-зомбылықтың орын алуына себеп болады» дейді ІІМ мамандары.

Бесінші қателік – тәрбиелеу функциясын ұмыту және жеке үлгінің маңызын елемеу. «Кейбір ата-аналар балаларды мұғалімдер тәрбиелеуі тиіс деп есептейді немесе баланың ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өзі түсінеді деп қате ойлайды. Бұл – моральдық-этикалық құндылықтардың бұзылуына және девиантты мінез-құлықтың туындауына әкеп соғуы мүмкін» делінген жазбада.

Жасұлан БАҚЫТБЕК

Таңбалар: балаларҚауіпсіздік
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

БҚО: «Ғажайып рамазан балы» өтті
Жаңалықтар

БҚО: «Ғажайып рамазан балы» өтті

02.03.2026
Мұсылман үшін қоғамда жүріп-тұру ережелері бар ма?
Қоғам

Сана саулығы – қоғам қауіпсіздігі

13.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Кенесары ханның ескерткіші тұғырына қайта қонды

Кенесары ханның ескерткіші тұғырына қайта қонды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120844 бөлісті
    Бөлісу 48338 Твитерге 30211
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1588 бөлісті
    Бөлісу 635 Твитерге 397

Соңғы жарияланымдар

Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
В Казахстане отмечают Көрісу күні
Жаңалықтар

Бүгін – Көрісу күні

14.03.2026
Наурызнама күнтізбесі
Инфографика

Наурызнама күнтізбесі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00