Сенбі, 13 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зайырлы мемлекеттегі діндар адам тұлғасы

08.04.2025
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
101
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Зайырлы мемлекеттегі діндар адам тұлғасы дұрыс әрі толыққанды айқындауды қажет. Ол ең алдымен қоғамдағы дін және діндар адам жөніндегі фобиялық көзқарастарға тоқтау болады. Сонымен қатар бұл діндар адамның зайырлы ортада тәрбиеленуінің, өсіп-өнуінің мүмкіндігін анықтайды.

Зайырлы мемлекеттегі діндар тұлғаның қалыптасуына әртүрлі тарихи, мәдени, діни-саяи, әлеуметтік факторлар ықпал етеді. Мемлекет пен дін қатынасының беріктігі, ұлттық және діни мүдделердің ұштасуы – тұтас бір ұлттың рухани өміршеңдігін сақтаушы құбылыстар. Осы тұрғыда «зайырлылық» және «зайырлы мемлекет» ұғымдарының мағынасын дұрыс түсіну бүгінгі діндар адамның шынайы болмысын айқындауға көмектеседі.

Жалпы «зайырлылық» ұғымының ауқымы кең және оны әр ел өзіндік мазмұнмен қабылдайды. Дегенмен бұл ұғымның ортақ мақсаты – адамның ар-ождан, наным-сенім бостандығын еркін жүзеге асыру. Әсіресе, көпұлтты мемлекеттің зайырлы құрылымы қоғамда дінаралық мәмленің, діни төзімділіктің дамуына, әр діннің ұйыстырушы әлеуетін жандандыруға серпін береді.

Зайырлылық – атеизмді немесе дінді оқшаулап, оны теріске шығару емес. Қайта ол діни таным мен құндылықтарды мойындай отырып, олардың ел өміріндегі маңызын ескереді. Әрі жеке адамның еркіндігін құптайды. Зайырлы мемлекет контитуциялық заңдардың шеңберінде конфессияаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді.

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Міржақып шығармашылығы талқыланды

Міржақып шығармашылығы талқыланды

11.12.2025

Дін – адам мен қоғам өміріне жан-жақты ықпал ететін құндылық. Ол адамды Жаратушысымен байланыстыратын адамның қоғаммен қатынасын түзетіп, жалпы өмір сүру дәстүрлерін жалғайтын алтын арқау. Сондықтан діндар адамның тұлғасы зайырлы мемлекет және дін арасындағы өзара сенім, ықпалдастық аясында ғана дұрыс бағытта қалыптасады.

Бүгінде Қазақстан үшін дәстүрлі саналатын екі діннің бірі – ханафи бағытындағы сунниттік ислам діні. Бұл діннің қағидаттары мемлекеттің зайырлылық қағидаттарымен көптеген мәселе бойынша үйлеседі. Оған ислам дінінің адам құқықтарына құрмет көрсету мен қорғау, діни сенім бостандығын бағалау, өзгелердің ұстанымдарына мәмілемен қарау қағидаттарын мысал ретінде көрсетуге болады. Яғни дін және зайырлы құқықтық негіздерге сәйкес әр адам ешкімді тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты кез келген жағдайлар бойынша кемсітуге болмайды.

Жалпы барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің заңнамаларында адам құқықтары жөніндегі кодекстің негізгі қағидаттары қамтылған. Яғни зайырлылық ешқандай дінге қысым көрсетпей, керсінше жат діни ағымдардан елді қорғайды. Сондықтан зайырлылықтың қоғамдағы маңызы зор.

Зайырлы құқықтық заңнамаларда адамның ар-намысы мен абыройын сақтау, қысым көрсетпеу, әділетсіздікке жол бермеу секілді мәселелер діни нормаларда кездеседі. Демек, діндар адам – қай жерде жүрсе де барлығының құқықтары мен бостандықтарын бірдей сақтайтын азамат.

Балауса СЫЗДЫҚОВА,

Қызылорда облысы дін істері

 басқармасы «Дін мәселелерін

зерттеу орталығы» КММ-нің

журналист маманы

Таңбалар: зайырлы мемлекет
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Конфессияаралық келiсiм – қоғам дамуының стратегиясы  
Сұрақ-жауап

Зайырлы қоғамдағы конфессияаралық татулықты қалай түсінеміз?

03.12.2025
Сұрақ-жауап

Зайырлы мемлекеттің қандай белгілері бар? 

02.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ар-ұяттың діндегі орны қандай?

Ар-ұяттың діндегі орны қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Сұхбат

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Сұхбат

Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00