Жұма, 20 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақша мультфильмдер түсіруге 300 млн теңге бөлінеді

04.04.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
145
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбет әлеуметтік желі парақшасында жазды.

«Биыл біздің Комитет қазақ тіліндегі мультфильмдерге республикалық бюджетті қарау кезінде 300 млн теңге бөлінуіне ұсыныс жасап, қол жеткізді. Бұл — маңызды қадам. Бірақ ендігі мәселе — олардың мазмұны, сапасы және қолжетімділігі.

Сондықтан жақында Комитеттің Казмедиаорталығына жасаған арнайы сапары барысында депутаттар анимация өндірісінің барысымен танысып, авторлармен тікелей пікір алмасты. Нақты ұсыныстар мен талаптар да жеткізілді.

✔️Мультфильмдер неге маңызды?

Ұлттық құндылықтар жат діни идеологияларға қарсы иммунитет бола ала ма?

19.03.2026
Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

19.03.2026

Мультфильм — баланың алғашқы ұстазы.

Ол арқылы бала:

• Тілді үйренеді,

• Дүниетанымын қалыптастырады,

• Құндылықтарды бойына сіңіреді.

Сондықтан мультфильмдерді жай ғана көңіл көтеру құралы емес, тәрбие мен таным негізі деп қабылдаймыз.

✔️Balapan — балалар тіліне көпір болған арна

Осы жерде ерекше атап өткім келеді:

Менің өз балаларым — “Балапан” арнасын көріп, тілі шықты.

“Балапанның” жасаған мультфильмдері — сапалы, көркем, тартымды. “Қазақстан” РТРК АҚ үлкен жұмыс жүргізуде.

Енді осы тәжірибені кеңейтіп, қолдап, сапаны одан әрі арттыруымыз қажет.

✔️YouTube — балалардың негізгі алаңы

Бүгінде балалардың көбі телевизор емес, YouTube көреді. Бірақ онда қазақ тіліндегі қызықты, заманауи мультфильмдер өте аз.

Сондықтан:

• Қазақ тіліндегі сапалы, балаларға тартымды мультфильмдер YouTube-та қолжетімді болуы қажет;

• Жас ерекшеліктеріне сай плейлисттер мен сериялар құрылуы керек.

✔️Мультфильмдегі тіл — табиғи болуы шарт

Кейбір мультфильмдерде кейіпкерлер канцеляризммен, жасанды тілмен сөйлейді. Бұл — баланың құлағына түсініксіз, қызықсыз, жат естіледі.

Сондықтан:

• Қарапайым, шынайы, тірі қазақ тілі қолданылуы тиіс;

• Бала тыңдап, өз тілімен байланыс орнатуы керек.

✔️Анимация саласындағы бәсекелестік пен ашықтық

Қазақстанда өте талантты аниматорлар мен студиялар бар. Олар халықаралық байқауларда да жетістікке жетіп жүр. Бірақ:

• Барлық жобалар ашық конкурс арқылы таңдалуы тиіс;

• Бағалау мамандар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен жүргізілуі керек;

• Жеңімпаз — тек сапалы өнім ұсынған адам болуы шарт.

✔️ Кадр дайындау — өзекті мәселе

• ЖОО-ларда мультфильм мамандарын дайындайтын оқу бағдарламаларын кеңейтуді,

• 2D және 3D форматтағы анимацияны оқытуды ұсындық.

✔️ Мультфильм – нақты мақсатпен жасалуы керек

Әр мультфильм нақты мәселені шешіп, балаға нақты дағды немесе құндылық беруі тиіс.

Нақты миссиясы мен мазмұны бар өнім болуы маңызды. Мысалы: «Қызықты ғылым әлемі», «Киберәлемде қауіпсіздік», «Достық пен Табиғат», «Батырдың ертегілері», «Эмоц. интеллект», «Мен кім боламын?», «Қазақстанның өңірлері» сияқты нақты мазмұнды бағыттар ұсынылуы мүмкін.

Аталған бастама Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалармен толық үйлеседі.

Біз ресми түрде барлық ұсыныстарымызды Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдадық» деп жазды депутат.

Таңбалар: басты тақырып
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты
Жаңалықтар

Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

19.03.2026
Конфессияаралық келiсiм – қоғам дамуының стратегиясы  
Мемлекет және дін

Қазақстан – дінаралық достықтың мекені

19.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бүгін Бекзат тірі болғанда, 45-ке келер еді

Бүгін Бекзат тірі болғанда, 45-ке келер еді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121186 бөлісті
    Бөлісу 48474 Твитерге 30297
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1601 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

20.03.2026
Сұрақ-жауап

Ұлттық құндылықтар жат діни идеологияларға қарсы иммунитет бола ала ма?

19.03.2026
Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты
Жаңалықтар

Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

19.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00