Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бұлақ көзін аршу салтының түп-төркіні

02.04.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
275
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұрындары Наурыз мейрамының қарсаңында бұлақ көзін ашу салты кеңінен орын алған. Қазақылығын сақтаған ауылдарда ол үрдіс әлі де үзілмеді. Бұл дәстүрдің түп-төркіні адамзаттың бергі дәуірдегі атасы – «екінші Адам ата» атанған Нұқ пайғамбардың өнегесіне барып тіреледі.

Оның мәнісі былай: Топан су дүние жүзін жайпап, кері қайтқан заманда жер беті лай-батпаққа көміліп қалған екен. Қазығұрт тауына кемесі қонған соң, Нұқтың алдында адамзат пен табиғаттың қайта жаңаруы міндеті тұрды. Ол өзінің апаттан аман қалған әулетімен бірге табиғаттың тұмсалығын қайта қалпына келтіру үшін бұлақ көздерін тазалауға кіріседі.

Нұқ пайғамбар алдымен жылымсыған бір бастауды тауып алады. Су көздері балшыққа толып, арнасы қайтып, ақпай тұрыпты. Жан-жүрегін Аллаға деген шексіз алғыс пен ышық-махаббатқа толтырған пайғамбар: «Я Жаратқан, құтты жерге кемені қондырғаның үшін саған мың да бір шүкіршілік!», – деп дұға етеді. Бұл сөздер оның ішкі дүниесіндегі терең алғыс пен разылықтың көрінісі-тін. Қасында болған ұлдары мен келіндері аталарының жолын қуып, тау баурайындағы барлық бұлақ қайнарларын айнадай етіп шығады. Сылдырап аққан су жаңа өмір, жаңа үміттің белгісі секілденіп, пайғамбар мен оның отбасының ерік-еңбегі саф өркениет тіршілігіне қайта дем береді.

Пайғамбар бұлақ көздерін аршып, таза су шығарған соң, жаралыс заңдылығымен үндесе, ол сол маңайға көк шыбықтарды отырғызып, кемеде сақталған жемістер мен дақылдар ұрықтарын жерге егеді. Бұл қарекеті тек табиғаттың қайта жаңаруына емес, болашақта жарық дүние есігін ашпақ буындарға үлгі боларлық ғибратқа айналады. Оның өзі бас болып атқарған әрбір бастама іс алдағы уақытта жүздеген ұлттар мен ұлыстар тұтынатын салт-дәстүрлердің негізіне айналып, мыңжылдықтар мен ғасырларға жолдаған сәлемін танытты.

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026

Осыдан кейін бұлақ көзін ашудың дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Қазіргі уақытта да Наурыз айының шуақты күндерінде жамағат, ауыл-аймақ болып, таңертеңгісін тұрып, бұлақ көздерін тазалау – бұл тек жаратылыс әлемінің ғана емес, адамдардың өз жан-дүниесіндегі жаңаруының рәмізі. Бұл рәсімнің мәні тереңде: әрбір аршылған бұлақ, оның арғы жағында жаңарған өмір мен таза жүректің көрінісі.

Наурыз мейрамының басталуы алдындағы таңсәріде халықты бұлақ аршуға шақыру, бұл – хақ жолын берік ұстанған ата-бабадан қалған ерекше жоралғы. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», – деген нақыл сөз, бір қарағанда, қарапайым болып көрінгенімен, оның астарында осындай жойқын сыр бар.

«Дария басы – бұлақ», –  деген ілкі сөз де осыдан қалыптасқан. Бұл тек ғалам тәртібін құрметтеу емес, сонымен қатар өзіміздің ішкі әлемімізді түлету, жаңғырып жаңару мен өмір-тіршілікке деген жаңа көзқарас қалыптастыру, әрі зор мақсат-мұратқа бағдарлауға арналған Нұқтық қызмет.

Нұқ пайғамбардың тағылымы бізге тек табиғаттың жандануын ғана емес, адам баласының рухани жаңғыруы мен шынайы тіршілікке деген адал ниетін білдірді. Оның бұлақ көзін ашып аршу мен көк шыбықтарды отырғызуы бүгінгі ұрпаққа үлкен сабақ боларлық мән-мағынаға ие.

Солай да солай!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: Абылайхан ҚалназаровНаурыз
Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Нанжемес
Ғибратты әңгімелер

Нанжемес

24.11.2025
Отырарға барсаң, ақынмын деме!
Ғибратты әңгімелер

Отырарға барсаң, ақынмын деме!

19.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Пәтуаны жергілікті маман береді

Пәтуаны жергілікті маман береді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00