Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Kazakhstan емес, Qazaqstan деп жазылса…

22.04.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
105
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Биыл ұлтымыздың төл атауының, яғни «қазақ» этнонимінің қалпына келтірілгеніне 100 жыл толып отыр. 1925 жылғы 15–19 сәуір аралығында өткен V Бүкілқазақ кеңестері сиезінде осындай тарихи шешім қабылданды. Сол алқалы жиында жаңа астана – Ақмешіт қаласының атын «Қызылорда» деп ауыс­тыру жөнінде де қаулы алынды. Келесі жылы Ұлттық құрыл­тайдың кезекті отырысын осы қалада өткізу туралы ұйғарым­ды жұртшылық ризашылықпен мақұлдады. Тарихқа құрмет – егемен елдің баянды ұстанымы, берік ұстыны екені белгілі.

Қазақ өзін ықылым замандардан бері «қазақ» деп атаған. Ежелден қарым-қатынас жасаған, аралас-құралас болған алыс-жақын елдерге де солай танылған. Сондықтан ресми құжаттарда «киргиз», «киргиз-кайсак» деп жаңылыс жазылған замандарда көзі ашық, көкірегі ояу, жұртын азаттыққа бастаған ұлт зиялылары (Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Бұйрин, т.б.) бұл қателікті түзету қажеттігіне назар аударған. Қажырлы әрекеттен кейін әділет орнап, мақсат жүзеге асты. Бұл ретте С.Сейфуллин, С.Қожан­ұлы, С.Сәдуақасұлы, С.Меңдешұлы, Ж.Мыңбайұлы, Н.Нұрмақұлы секілді мемлекет қайраткерлерінің еңбегі ерекше.

Бірақ саяси жағынан шешімін тап­қан мәселе тіл тұрғысынан туындаған қолай­сыздыққа душар қылды. Нақты айтқанда, орыс тілінде «қазақ» сөзі – «казак», ал «Қа­зақ­­стан» атауы «Казакстан» деп жазылып, тек 1936 жылы Қазақстан Үкіметінің қау­лы­сымен «казах», «Казахстан» деп өзгер­тілді. Біздіңше, республикамыздың ағыл­шын тіліндегі Kazakhstan атауы ана тілі­міз емес, басқа тілдегі нұсқасы арқылы қалып­тасқан болса керек. Бұл Kazakh сөзіне де қатысты.

Ұлттық тәуелсіздігін алып, халық­аралық қауымдастыққа мүше болға­лы бері еліміздің сыртқы байланысында ағылшын тілінің маңызы артты. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2016 жылғы 2 қараша күні Twitter (қазіргі X) әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: «В английский версии QAZAQSTAN более точно отражает суть нашего государства, нежели KAZAKHSTAN. – Ағылшын тілінде QAZAQSTAN еліміздің ұлттық негізін дұрыс көрсетпек», деп жазғаны ойға оралады. Әрі қарай 2017 жылдың 30 тамызындағы жазбасында: «Мемлекетіміздің аты белгілі телеарнада QAZAQSTAN деп жазылатын болды. Сәтті іс. Лайым болғай», деген ізгі тілегін білдіріпті. Бүгінде республикамыз­дың бас басылымының аты EGEMEN QAZAQSTAN деп жазылатыны сол бастаманың жал­ғасы деп ойлаймыз.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, кейінгі уақытта бірқатар мемлекет өздерінің ағылшын тіліндегі атауларына өзгеріс енгізген. Мысалы, бауырлас түрік халқы республикасының аты ағылшын тілінде бұрынғыдай TURKEY емес, енді өз тіліндегі атауға сәйкес TURKIYE деп жазылатын болды. HOLLAND аталып келген мемлекет ресми түрде NETHERLANDS болып өзгерді. Алысқа бармай-ақ, көрші Ресей Федерациясы құрамындағы ЯКУТИЯ ресми түрде САХА РЕСПУБЛИКАСЫ, ал ТУВА болса ТЫВА РЕСПУБЛИКАСЫ атанды.

Ағылшын тіліне жүйрік қазақ жас­тары қазір өз есімдеріндегі «қ» дыбысын «kh» арқылы емес, «q» арқылы таңбалап жүр: Қасым – Qasym, Қайрат – Qairat, Қымбат – Qymbat, т.б. Ағылшын тілі – сөздердің жазылуы мен айтылуын­да айырмашылықтар болғанымен, өте бай және икемді тіл. Мәселен, онда басқа тілден енген сөздерді сол түпнұсқадағы қалпында дыбыстап пайдалану тәжірибесі бар.

Қорыта айтқанда, Президент Қ.Тоқаев жазғандай, «еліміздің ұлттық негізін дұрыс көрсетпек» үшін тәуелсіз мемлекетіміздің аты ағылшын тілінде QAZAQSTAN болып жазылса, Қазақстанның мәртебесін арттыра түсетін игілікті қадам болар еді деген пікірдеміз.

Амантай ШӘРІП,

ҰҒА академигі

Қайнар көзі: egemen.kz
Таңбалар: QazaqstanҚазақстанлатын әліпбиі
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақстан хоккей құрамасы екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды
Жаңалықтар

Қазақстан хоккей құрамасы екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды

23.11.2025
Қазақстан – туу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарында
Жаңалықтар

Қазақстан – туу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарында

20.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қаралым жинау үшін қағыңнан жеріме

Қаралым жинау үшін қағыңнан жеріме

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00