Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арыстанбаб және Арыстанды-Қарабас желі

16.04.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
203
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Түркі жұрты мұсылмандықпен табысып, иман тауып жатқан заманда Фараб-Отырар атырабындағы бір шағын ауылдан күтпеген жерден жұқпалы дерт тарап, ел басына ауыр күндер туады. Бұл кеселдің белгісі – жас-кәрі демей, бірде-бір жанды аямайды. Ауыл тұрғындары жақын-жуықтарының бірінен соң бірін жер қойнына тапсырған екен. Ауылдың төңірегі өлім мен қайғыға оранғандай болды.

Қырғыннан аман қалған кісілер жан сақтап қалудың амалын таппай, әбігерге түседі. Біреулері тауға қашса, енді біреулері өзен жағалап, басқа елді мекендерге ауып кетуге тырысады. Бірақ бәрібір бұл дерттің жұғысы жылдам болып, қайда барса да ізіне түсіп отырады.

Сол кезде бұл маңда Арыстанбаб әулие Алла жолына насихат етіп жүрген көрінеді. Оны көрген көпшілік қаумалап, «Мына бәлекеттен құтқаруға септес» деп жамырай жалбарынады. Көптің құрметіне ие, ерекше қасиет дарыған баба Жаратқанға жалбарынбаққа шешім қабылдайды. Арыстанбаб ауылдың қасіретке толы күйін көріп, алақанын көкке жайып:

– Уа, Жасаған! Мен бұл жұрттың ахуалын жақсартуға себеп болайын. Өз құдіретіңмен бізге мейірімділік танытып, осы індеттен айықтыр! – деп мінажат етеді.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Арыстанбабтың шынайы тілегі дәргейіне жеткен екен. Алла оның ақ жүректен шыққан дұғасын қабыл қылып, Қаратаудан күнгей өлкені тұтас жабатындай қауқарлы ерекше жел тұрғызады. Бұл жел бұрын-соңды ешкім куә болып көрмегендей қуатты әрі салқын еді. Таң ата көкжиектен ұйытқып көтерілген алапат жел әп-сәтте бүкіл төңіректі шарлап, әр ауыл, әрбір шаңырақ ішіне, әр сай-салаға дейін еніп, бұл маңға таралған қатерлі дертті жойып жібереді.

Бұл желдің қасиеті сондай, кесел-дерттің адамдар денесіне жабысып қалған барлық белгілерін ала кетіп, алысқа құм қылып ұшырды. Жел жүріп өткен жердегі ауа таза, жұпар аңқитын болып, халық жүзіне қуаныш ұялайды. Бірнеше күннің ішінде ауырып жатқан науқас біткен аяққа тұрып, Фарабтың да қаңыраған көшелері қайтадан базарлы қым-қуыт тіршілік пен күйбеңді у-шуға толады.

Жұрт мұндай кереметті көріп, таңғалып әрі шексіз алғыс айтып, Арыстан бабқа келіп:

– Уа, қасиетті бабамыз! Бізді мұндай нәубеттен алып қалған әуелі Алла, одан соң Оның дәргейінде қабыл болған тілегіңіз ғой! Біздің өміріміз сіздің дұға арқылы сақталып қалды, – деп бас иіп, ризашылықтарын білдіреді.

Мұнан соң да бұл жел жойылып кетпейді. Жыл сайын белгілі бір кезеңде тұрып тұратынды шығарады. Ерекшелігі – бір күн тұрады, ол күні тоқтамаса, үш күн тұрады. Ал үш күнде тоқтамаса, жеті күн, жеті күнде тоқтамаса, он бес күн, егер он бес күнде тоқтамаса, жиырма бес күнде тоқтамай, тура бір ай тұрады. Егер бір айда тоқтамаса, тұп-тура үш айға созылады. Сондай бір заңдылығы бар.

Содан бері халық бұл желді ерекше құрметтеп, «Арыстан бабтың жалғыз өзі, қара басы тілеп, жаратқаннан сұрап алған жел» деп қадірлеген. Желдің аты да соған орай ел аузында «Арыстанды-Қарабас желі» деп аталып кетеді. Бұл атау халық жадында ғана емес, табиғат құбылысы ретінде мәңгілікке қалып, ұрпақтан ұрпаққа жетеді.

«Арыстанды-Қарабас желі» туралы аңыз ел ішінде әлі күнге айтылып келеді. Сол ықылым заманадан бастап бұл жел тек дерт емес, барлық қиындық атаулыны үрлеп алып кететін құдіреттің белгісі ретінде ұғынылып, қасиетті саналып келеді екен.

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: Абылайхан Қалназаров
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Нанжемес
Ғибратты әңгімелер

Нанжемес

24.11.2025
Отырарға барсаң, ақынмын деме!
Ғибратты әңгімелер

Отырарға барсаң, ақынмын деме!

19.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Хаддадилер ағымы жайында не білеміз?

Хаддадилер ағымы жайында не білеміз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00