Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұйқыны қалай азайтуға болады?

03.03.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
154
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ұйқы – Алла Тағаланың бұл әлемге қойған заңдылығы әрі адам баласына берген үлкен нығметінің бірі. Алла Тағала Құранда: «Ол сондай Алла, сендерге түнді киім, ұйқыны тынығу етіп, күндізді (кәсіпке) тарқау мезгілі қылды», – деген. Алла Тағала түнді бізге тынығу үшін бергендіктен, түнде көбірек ұйықтап, ал күндіз тіршілік қамын жасау керек. Ұйқының мақсаты – денені демалдыру, күш-қуат жинау және Аллаға құлшылық етуге дайын болу.

Жалпы шариғатта ұйқыны азайтуға қатысты нақты дәлелдер келмегенімен, ұйқыны реттеу, көп ұйықтамау және уақытты тиімді пайдалану сияқты насихаттар айтылған. Сол себепті адам ұйқысын реттесе, өмірде көп жетістікке қол жеткізеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), сахабалар аз ұйықтаған. Соған қарамастан түннің бір бөлігінде намазға тұратын. Алла Тағала Құранда құлшылық етушілерді сипаттап, былай дейді: «Олар (мұхсиндер) түннен аз ғана ұйықтайтын, ал сәресінде олар кешірім тілейтін». Сол себепті де білім иелері көп ұйықтауды мәкрүһ санаған. Өйткені көп ұйықтау – жалқаулықтың белгісі әрі уақытты босқа өткізуге алып барады. Кейбір ғалымдар: «Көп ұйқы жүректі өлтіреді, денеге ауырлық туғызады. Уақытты азайтып, ғапылдық пен жалқаулыққа алып келеді. Ұйқының ең пайдалысы – қатты ұйқы қысқан уақытта ұйықтау», – деген.

Алайда ұйқыны денсаулыққа зиян тигізетіндей мөлшерде азайтуға да болмайды. Төменде ұйқыны азайтуға болатын кейбір себептерге тоқталсақ:

Тамақты аз жеу. Өйткені асқазан асқа толған сайын адам көп ұйықтайды. Ал тамақты азайтқан сайын, ұйқы да азаяды. Сонымен қатар тамаққа тойып ұйықтау – денсаулыққа зиян әрі ауыр ұйқыға себеп.

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026

Таңертең ерте тұрып, түнде уақытылы ұйықтау. Өйткені таң намазы мен күн шығудың арасында ұйықтау – ұнамсыз амал. Себебі ол уақыт – ризықтар түсіріліп, берекеге кенелетін сәт. Түнде құптан намазын оқып, бірден ұйықтаған жақсы. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құптан намазына дейін ұйықтауды және одан кейін бос сөзді ұнатпаған.

Ұйықтау уақытын бірте-бірте қысқарту. Осылайша адам нәпсісін тәрбиелейді.

Ғибадатына мән беріп, қаза етіп алам ба деп қорқу. Өйткені адам қорқып бір нәрсені ойласа, ұйқысы азаяды.

Ұйқының сапасын жақсарту. Ұйықтар алдында гаджеттерді қолданбау, бөлмені қараңғылау, терезені ашып, ауаны тазарту сияқты әдістер тиімді.

Бұл амалдар ұйқыны реттеуге, көп ұйықтамауға әрі уақытты тиімді пайдалануға септігін тигізеді.

Медет ҚҰРМАШҰЛЫ

«Иман» журналы, №1, 2025 жыл

Таңбалар: ұйқы
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Түннің біз білмейтін сырлары
Ислам

Түннің біз білмейтін сырлары

04.10.2024
Ұйқы безінің ұйқыға қатысы бар ма?
Қоғам

Ұйқы безінің ұйқыға қатысы бар ма?

24.07.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Талғат Бигелдиновтің дұғасы

Талғат Бигелдиновтің дұғасы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00