Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ең бақытты ел – қайыршысы жоқ ел

04.03.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
92
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Рамазан айында атқарылатын игі амалдар тек ораза ұстап, құлшылық етумен шектелмейді. Оның негізгі мұратының бірі – халықты қайырымдылыққа жұмылдыру. Құрандағы «Әнғам» сүресінің 160-аятында: «Кім бір жақсылық істесе, он есе сауапқа ие болады» делінген. Осындай аят-хадисті негізге алған атымтай жомарт жандар Рамазанды жетім-жесір мен мұқтаждарға қол ұшын созуға арнайды.

Иә, қиналғанға қолдау біл­діру, мұқтажға көмек беру, жабыққанға жәрдем ету – Рама­зандағы ең қайырлы амалдар қатарынан. Атам қазақ «Адам­ның күні адаммен», «Қайырымдылық қылсаң, қайы­рын өзің көресің» деп бекер айтпаған. Әсіресе ораза кезінде әрбір жасалған жақсылықтың сауабы еселеп артатынын қа­перге алған жандар бұл мезгілде қайырымдылық жасауды игі дәс­түрге айналдырды. Мұндай ізгі бастаманың бірқатарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тікелей мұрындық болып келеді.

Жылдағы дәстүрге сай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Нау­рызбай қажы Тағанұлы биыл да ел кәсіпкерлеріне үн­деу жасап, қасиетті айда ұйым­дастырылатын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырды. Сондай-ақ ол Ра­мазан айында дүкендерде күллі жа­мандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегін жеткізді.

Айта кетсек, жыл сайын мүфтият тарапынан жасалынатын осындай үндеуге құлақ асқан кәсіпкерлер қатары артып келеді. Оның бір мысалы – елімізде арақсыз ауылдар қатарының артуы. Халықтың бірауыздан келісімімен дү­кеннен спиртті ішімдіктің бәрі сатылымнан алынып тас­талған бұл елді мекендерде қылмыс көлемі барынша азайғанын құқық қорғау саласының мамандары да айтып жүр. Қазір елде мұндай ауылдар қатары жүздеп саналады.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Рамазан айында жасалатын игі амалдың бірі – ауызашар беру. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде ораза ұстаушының аузын аштырған адамның сол оразашының сауабындай сауап алатынын айтқан. Бауырмалдық пен ынтымақты насихаттайтын хадистерді санасына тоқыған ата-бабамыз қонақжайлық қасиетті бойына дарытып, мейманын қадірлеп, дастарқан басын ең киелі орынның біріне айналдырған. Ол жерде уағыз-насихат, жақсы сөздер, дұға-тілек айтылып, адамдар арасындағы ауызбірлік артатыны белгілі.

Халық бұл айда дастарқан басына тек ауыз ашу үшін жиналады. Тіпті өз үйіне жақын туыстары мен дос-жарандарын ғана шақырумен қоса, қоғамдық орындарда, мешіт-медреседе, мейрамха­наларда қарттар мен балалар, мүгедектер үй­лерінен, әлеу­мет­тік жағынан аз қамтылған отбасылардан көмекке мұқтаж жандардың басын қосып ауыз­ашар беру игі дәстүрге айналды. Бұдан бірнеше жыл бұрын мұндай қоғамдық ауызашарлар тек үлкен қалалардың мешіттерінде өткізіліп келген болса, бүгінгі таңда ауыл мешіттерінде де жергілікті атымтай жомарттар көпшілікке арнап ауызашар беруді жаппай жолға қойды. «Жақсылықта жарысыңдар» деген Құран әмірі (2:148) осылайша айқын көрініс тауып отыр.

Әл-Фараби бабамыз: «Ең бақытты ел – қайыршысы жоқ ел» деген екен. Өкінішке қарай, елімізде күнделікті тұтынатын азық-түлікке, киім-кешекке, қарапайым тұрмыстық заттарға, мектепке баратын балаларының керек-жарағына мұқтаждықты сезініп отырған отбасылар әлі де аз емес. Оны былай қойғанда, қарттар үйлеріндегі самайын қырау шалған ата-әже мен же­тімханалардағы көздері жәу­теңдеген жасөспірімдер, тағ­дырдың жазуымен мүгедектікке тап болған қамкөңіл жандар қоғамның өздерінен теріс ай­налмағанын, оларға да көңіл бөлініп тұруын, жақсы сөзбен болса да жәрдем көрсетілгенін қалайтыны рас. Міне, қасиетті айда қолында артық-ауыс қара­жаты бар жандар осындай адам­дарға қарайласып, қайы­рым­дылық ісін биыл да өз дең­гейінде жалғап әкетсе құба-құп!

Рамазан айында мұсылманға міндет қылынған игі амалдың тағы бірі – пітір садақасын беру. Бұл осы айда ғана бе­рілетін садақа түрі. Ол ауыз бекіт­кен адамның оразасындағы кем­шіліктердің орнын толтыруымен ерекшеленеді.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Шоқановтың айтуынша, пітір садақаны берудің уәжіп уақыты – айттың бірінші күні. Бірақ оны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге де болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін берсе де рұқсат. Алайда пітірді айт намазына дейін беру – жақсы амал.

«Биыл Рамазан айындағы бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері 2 кг ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеліп, 655 теңге етіп бел­гіленді. Дегенмен бай, ауқат­ты адамдар пітір са­дақаны 2 кг мейізбен (5 626 теңге) немесе 4 кг құрмамен (10 523 теңге) бергені жақсырақ. Ал підия мөлшері – бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның биылғы мөлшері 3 520 теңге болып бекітілді. Бұған шамасы келмегендер ора­заның әр күніне пітір сада­қасының құнын береді», дейді наиб мүфти.

Бұл айтылған игі істің бәрі – халқымыздың табиға­тында бұрыннан қалыптасқан қасиет. «Бес уақытты бес намаз, біреуін қаза қылмасқа» деген абыз бабалардың бүгінгі иман­ды ұрпағы биыл да осы парасат биі­гінен түспей, парызын ой­дағы­дай орындайтынына сенім мол.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: басты тақырыпқайырымдылықРамазан
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Еңбек пен алғыс: дін өкілдері пікір алмасты

Еңбек пен алғыс: дін өкілдері пікір алмасты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00