Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дәрігер: Ашығудың кез келген түрі денсаулыққа пайдалы

07.03.2025
- Сұхбат, Таңдаулы
0
Фото pvproductions/freepik.com

Фото pvproductions/freepik.com

175
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Рамазан айындағы отыз күн оразаның сауабынан бөлек, денсаулыққа пайдалы жағы да көп. Дегенмен бойында кінәраты бар кейбір адамның ағзасына кері әсері де болуы мүмкін. Ас қорыту жүйесінің дерті көбейіп тұрған бүгінгі заманда ауыз бекітудің пайдалы тұстарымен қатар, жанама кері әсерлерін де білген абзал. Осы мақсатта біз Астанадағы «Жәрдем» медициналық орталығының терапевт-гастроэнтерологі Нұргүл Исаеваға жолыққан едік.

– Нұргүл Өтелқызы, медицинада ашығу, диета ұстау арқылы емделу жолдары бар. Оразаны да осындай емдік тәсіл ретінде қарастыруға бола ма? Жалпы оның адам ағзасына пайдасы қандай?

– Шын мәнінде, ашығудың кез келген түрінің адам денсаулығына пайдасы орасан зор. Сондықтан біз түрлі аурумен келген пациенттерге диета ұстауды, одан кейін ашығуды ұсынып жатамыз. Әрине, алдымен науқасты толыққанды медициналық тексеруден өткізіп, оның анамнезіне қарай кеңес береміз. Ас қорыту жүйесіндегі панкреатит, холестицит секілді түрлі аурудың созылмалы және өткір кезеңдері болады. Созылмалы кезеңде ашығудың пайдасы көп. Ал өткір кезеңінде ораза ұстамаған дұрыс. Өйткені бұл кезде адамға уақытылы дәрі қабылдап, емделу керек. Ағза сусызданбауы үшін суды көбірек ішуі қажет.

Жалпы айтқанда, ашығу асқазан-ішек жолдарындағы зат алмасуды жақсартады. Ораза кезінде инсулиннің сезімталдығы артып, қант деңгейін тұрақтандыруға көмектеседі. Қандағы қант пен холестерин мөлшерінің төмендеуі семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Сонымен қатар ас қорыту жүйесінің жұмысы жақсарады. Асқазан мен ішекке үзіліс беру гастрит, іш қату және ішек дисбактериозының алдын алады. Бауырдың детоксикациялық процессін жақсартады. Ораза кезінде бауыр артық токсиндерден тазарып, май тіндерінде жиналған зиянды заттар ыдырап, ағзадан шығады.

Осылайша адамның иммундық жүйесі күшейіп, май алмасу артып, дене салмағының тұрақтануына ықпал етеді. Энергия мен сергектікті арттырады. Тамақты қорытуға кететін энергия үнемделіп, басқа жүйелердің жұмысын қолдауға жұмсалады. Соның арқасында ағза жеңілдеп, адам өзін сергек сезінеді. Ағза тазарған сайын терідегі бөртпелер азаяды. Әрине, мұның барлығы сәресінде және ауызашарда дұрыс тамақтану арқылы ғана өзінің оң ықпалын береді.

– Ендеше тамақтану мәселесіне тоқталсақ. Сәресі мен ауызашарда қандай тағамды тұтынған дұрыс?

– Ең алдымен таңертең тұрғанда 2 стақан жылы су ішкен ағзаға пайдалы. Ол ас қорыту жүйесін тамақ қабылдауға дайындайды. Сәресін ішіп болғасын ауыз бекітер алдында тағы да 2 стақан су ішкен дұрыс. Осы су көлемі күні бойы ағзаға жеткілікті. Суға лимон, гималай тұзын қосып ішсе болады, өйткені ол электролиттік балансты қалыпты ұстап отыруға керектеседі. Кешке ауызашарды да 2 стақан су ішіп бастаған дұрыс. Сосын 5-10 минут уақыттан кейін ғана тамақтануға кіріскен абзал.

Тамақтану рационына келсек, ақуыз, амин қышқылдары, көмірсулар ағзамыз үшін өте маңызды энергия көзі болып саналады. Атап айтқанда, жануар ақуызына бай өнімдер қатарында сиыр еті, бауыр, құс еті, тауық, бөдене жұмыртқасын айтуға болады. Өсімдік ақуызына жасыл бұршақ, қарақұмық, бұршақ, фасоль, горох, грек жаңғағы, т.б. жатады. Сүт ақуызы ретінде сүзбе, ірімшік, сарысуды айта аламыз.

Таңертең ауыз бекітер кезде күрделі көмірсуларды рационға косуды ұсынамын. Бұл қарын ашу сезімінің алдын алуға көмектеседі.

–⁠ ⁠Қазіргі таңда асқазан мен ас қорыту жүйелерінің ауруы көп. Мұндай дерті бар адамдарға ораза ұстау теріс әсер ете ме?

– Гастрит, асқазан ішек жолдарының ойық жарасы, кез келген аурудың өткір кезеңі, отадан кейінгі жағдай, қант диабетінің 1 типі секілді дерті бар адамдарға, ауыр дәрежедегі науқастарға ораза ұстамаған дұрыс.

Сонымен бірге өт жолдарында тас болмау керек. Себебі ашығу тасты қозғап жіберуі мүмкін. Өтке сұйықтық жиналады да, адам ұзақ уақыт су ішпегеннен кейін одан сайын қоюлана түседі.

Қант диабетінің 1 типі кезінде адам уақытылы инсулин қабылдап отыруы керек болғандықтан, Рамазанда ауыз бекітпегені жөн деп есептейміз.

– Ал денсаулығында кінәрат жоқ адамдарға қандай кеңес айтар едіңіз?

– Жалпы біз ораза ұстауға ниеттеніп жүрген барлық адамға Рамазаннан бір ай бұрын толық медициналық чек-аптан өтуге кеңес береміз. Чек-ап – талдаулар мен зерттеулердің толық жиынтығынан тұратын кешенді диагностика бағдарламасы. Сол арқылы кімде-кімнің бойында бір дерт анықталса, бір ай бойы ашығу кезінде ағзасына одан сайын зиян келтірмеу үшін дәрігердің кеңесін алғаны жөн.

– ⁠Көп адам Рамазан айында ұйқымыз бұзылады деп жатады. Бұның да денсаулыққа теріс әсері бар ма?

– Өздеріңіз білесіздер, кешкі сағат 22:00 мен түнгі 02:00 арасындағы ұйқы кезінде ағзада мелатонин гормоны бөлінеді. Адамға ұйықтау үшін ең пайдалы уақыт осы. Ал сәресі одан кейін басталатыны белгілі. Мысалы, Астанада оразаның бірінші күні таңғы сағат 5 жарымда ауыз бекітеді. Сондықтан ең бастысы ертерек ұйқыға жату керек. Ал сәресін ішкеннен кейін ұйықтамаса да болады. Бұл керісінше денсаулыққа пайдалы. Сол арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыруға да мүмкіндік аласыз. Рамазан кезінде таңғы 5-тен кейін ұйықтамауға дағдыланып, кейін де сол әдетті жалғастырып әкетсеңіз, оған қоса таңертең күнде жаттығу жасасаңыз, денсаулығыңызға пайдасы зор болмақ.

– Рамазан кезінде күні бойы аш жүріп, ауызашарда тыңқиып тойып аламыз. Бұның денсаулыққа зияны бар ма?

– Тамақты тым тойып жеу тек оразада емес, барлық уақытта денсаулыққа зиян. Ал Рамазан кезінде одан бетер. Адам әр кезде тамақты аз мөлшерде тұтынуға дағдыланғаны абзал. Көп тұтыну ұйқышылдыққа, дене қозғалысының баяулауына алып келеді, яғни тамақты қорытуға энергиямызды тым көп жұмсаймыз. Күні бойы ашқұрсақ жүргенде асқазан кішірейеді де, кешке көп тамақ жеу арқылы оны барынша созып, зиян келтіреміз. Осылайша оразадан пайда емес, зардап шегуіміз ғажап емес.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен – Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: ашығубасты тақырыпРамазан
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Отбасылы әйел өзге біреуді сүйіп қалса…

Қазақ халқының дәстүрінде ананың орны, қыз баланың маңызы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00