Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құранда әскери дрон (беспилотник) туралы айтылған!

07.02.2025
- Ислам, Таңдаулы
0
234
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Соңғы жылдары ұшқышсыз ұшатын аппараттар, яғни, әскери дрондар – көп елдің Қарулы күштерінің басты қаруының біріне айналып жатқан жайы бар. Мәселен, бүгінде әскери дрон жасап шығару саласында алдыңғы қатарлы елдердің санатына кірген Түркия елі қарудың осы түрін жан-жақты дамытуға білек сыбанып кірісіп жатқан елдердің бірі. Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның «Егер сіздер өздеріңіздің ұшқышсыз ұшатын аппараттарыңызды жасап шығара алмайтын болсаңыздар, онда өзгеге құл болу қаупімен бетпе-бет келесіздер» деген сөзі, бұл елдің аталмыш ұшқыш түрін жасап шығаруға қаншалықты мән беретіндігін ұқтырады.

Әскери дрондардың, басқаша айтқанда ұшқышсыз ұшатын әскери аппараттардың болашақтың қаруы екендігін нық сеніммен айтуға болады. Ендігі жерде, айтқымыз келген тақырыпқа келер болсақ, бүгінгі таңда қолайлы да, ыңғайлы соғыс қаруына айналып үлгерген ұшқышсыз әскери дрондардың дәл бір нұсқасын қасиетті Құран кітаптан анық көруге болады.

Анығырақ айтқанда, Құран Кәрім әскери дрон жасап шығару және оны елге басып кірген жау әскеріне қарсы қолдану идеясын ашық баяндаған. Қай сүреде дейсіз ғой? «Фил» сүресінде.

Құранда «Фил» сүресі деген сүре бар. Бұл қысқа сүреде Меккедегі қасиетті Қағба тасын талқандау мақсатында бірнеше пілді алға салып, қалың әскермен Меккені шабуға келген Әбраха есімді эфиопиялық христиан патшасының әскерінің ешқандай адамның көмегінсіз күл-талқан етілгендігі баяндалады. Құранның тілімен айтқанда: «Алла оларды (мал) жегеннен қалған кәшек тәрізді қылды» («Филь» сүресі, 5-аят). Сондай алпауыт жасақты Алла Тағала Меккенің түбінде ешқандай адамның күшінсіз жайратып салған.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Ол қалай жүзеге асты десеңіз, оның жауабын аталмыш сүреден оқиық: «Алла оларға (яғни, жау әскеріне) бірінің ізінен бірі ұшқан топ-топ құстарды жіберді. Құстар әскерлерді балшықтан күйдіріліп жасалған таспен атқылады. (Сөйтіп) Алла Тағала ол әскерлерді (мал) жегеннен қалған кәшек тәрізді қылды» («Филь» сүресі, 3-5 аяттар).

Атақты Құран тәпсіршісі Ибн Кәсир (р.а.) әр құста үш тастан болғандығын айтады. Бірі – тұмсығында, екеуі – екі аяғында. Таспен атқылағанда, тасы тиген адамы бірден сеспей қатып, жер жастанып жатқан (Ибн Кәсир, «Фил» сүресінің тәпсірі).

Аятқа тағы бір зер салайықшы: «Алла оларға (бірінің ізінен бірі ұшқан) топ-топ құстарды жіберді. Құстар әскерлерді балшықтан күйдіріліп жасалған таспен атқылады. (Сөйтіп) Алла ол әскерлерді (мал) жегеннен қалған кәшек тәрізді қылды» («Филь» сүресі, 3-5 аяттар). Көз алдыңызға не елестейді? Бұл аяттан қазіргі таңда күн тәртібіне айналған әскери дрондарды көруге болады. Бүгінгі ұшқышсыз ұшатын аппараттар да құстар секілді күтпеген жерден ұшып келіп, төбеден ракеталармен атқылап, бір пәсте қарсыласын талқандап кетіп жатады.

Ендеше, Алла Тағала біздерге осындай бір аппарат ойлап тауып, оны жау әскеріне қарсы қару ретінде қолдана алатындығымызға назар аудартуда. Осыдан келіп, бүгінде сәтті пайдаға асып жатқан әскери дрон қаруын ойлап шығару идеясын Алла Тағала біздерге 14 ғасыр бұрын білдірген деуге болады. Алайда аталмыш сүрені 14 ғасыр бойы тек әруақтарға бағыштап, намаздарда оқып, бірақ сүренің астарындағы негізгі жолдамасын ұқпағандаймыз. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат ҚАСЫМ

Қайнар көзі: islam.kz
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Матуридиты и ашариты о сыфатах Всевышнего Аллаха

Әбу Мансұр Әл-Матуридидің исламдағы орны қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00