Жұма, 23 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәулен Әшімбаев: Ясауи бабамыздың іліміне табан тіреуіміз керек

13.02.2025
- Жаңалықтар
0
142
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл жөнінде Сенат Төрағасы бүгін Палата отырысында Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңды қарау барысында атап өтті.

Отырыс кезінде Палата Спикері Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыс дәйекті және жүйелі түрде жүргізілуі қажет екенін айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Түркістанды туризм орталығы ретінде дамытуға арналған үлкен бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бүгін қаралып жатқан заң да соның аясында әзірленді. Осы тұрғыдан келгенде Түркістанда Ясауитану орталығын қалыптастыру және ойшылға арналған музейді экспонаттармен, тиісті контентпен толтырудың маңызы зор. Бұл нысандарды Ясауидің өмірі мен ілімін дәріптейтін негізгі тетік ретінде қалыптастыру қажет», – деп, Мәулен Әшімбаев мұндай қадам Ясауи ілімін насихаттауға үлкен серпін беретінін тілге тиек етті.

Сенат Төрағасы Ясауидің еңбектеріне қатысты ғылыми зерттеулер жүргізу ісін де жүйелі түрде іске асырудың маңызды екенін айтты.

Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи мұралары» кітап көрмесі өтті

Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи мұралары» кітап көрмесі өтті

22.10.2026
Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

21.10.2026

«Түркістанды түркі әлемінің орталығы ретінде дамыту үшін қажетті заңдарды қабылдаумен қатар мазмұнды жұмыстарды да қолға алуымыз керек. Бұл іске атүсті қарауға болмайды. Ясауи, Әл-Фараби сияқты бабаларымызды насихаттамасақ, кімді насихаттаймыз?! Олар – біздің ұлттық бірегейлігіміздің темірқазықтары. Ұлттық бірегейлігімізді қалыптастыру үшін сол бабаларымыздың ілімдеріне табан тіреуіміз керек. Сондықтан алдағы уақытта осы заңдар аясында жан-жақты мазмұнды жұмыстар жүргізіледі деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Палата Спикері Түркістанның туристік әлеуетін толық іске асыру ісіне де баса мән берді.

«Мемлекет басшысы елімізде туризмді дамытуға қатысты нақты міндеттер жүктеді. Бұл бағытта Түркістанның әлеуеті зор. Қазір қалада қажетті инфрақұрылым қалыптасып қалды. Енді туристерді тартуға ерекше көңіл бөлген жөн. Әлемде туристер үшін үлкен бәсеке екені белгілі. Сондықтан осы салада да жүйелі жұмыс қажет», – деді Сенат Төрағасы.

Таңбалар: басты тақырыпМәулен ӘшімбаевТүркістан
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?
Жаңалықтар

2027 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

17.10.2026
Рухани келісім – бірліктің берік негізі
Мемлекет және дін

Рухани келісім – татулық пен өзара құрметтің негізі

15.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Отбасы – қоғамның негізгі тірегі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?

    2027 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

    783
  • Йемен: Хуситтер шабуылынан үш бейбіт тұрғын қаза тапты

    512
  • Меккеден алған өмірлік сабақ

    362
  • Намаз уақыттарын білу үшін қандай кесте дұрыс?

    275
  • Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

    261

Соңғы жарияланымдар

О молитве джамаатом после намаза
Сұрақ-жауап

Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

23.10.2026
Толерантность: Понятие, значение и его ценность
Сұрақ-жауап

Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

22.10.2026
Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)
Инфографика

Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

22.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00