Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам дініндегі діндар адам бейнесі

21.01.2025
- Ислам
0
136
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам – монотеистік діндерге жататын әлемдік діндердің бірі. Оны мойындайтын адамдардың саны бойынша ол әлемде екінші орында тұр. Мұсылмандардың көпшілігі Азия мен Африканың солтүстігінде тұрады. Исламның тармақтарының ішінде ең үлкені – сүннизм мен шиизм.

Ислам дініндегі діндар адам бейнесі – бұл Алланың әмірлерін орындап, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннетін ұстанып, өмірін рухани тұрғыда түзетуге тырысатын адам. Мұндай адам өз іс-әрекеттерінде, сөздерінде, ойларында да Исламның құндылықтарына сәйкес әрекет етеді. Діндар адамның негізгі сипаттамалары: Аллаға деген сенім, ислам дінінде сенімнің негізі – Алланың бар екеніне және Оның бірлігіне. Діндар адам өмірінің әр сәтінде Алланың әмірлері мен тыйымдарын орындауға тырысады.

Ислам діні адамның ішкі жан-дүниесін тәрбиелеуді, мінез-құлқын түзетуді және қоғамға игілік әкелуді мақсат етеді. Діндар адам бейнесі Құран аяттарында және Пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерінде нақты сипатталған. Ол адамды тек діндарлық тұрғысынан емес, сонымен қатар рухани, қоғамдық және адами құндылықтар тұрғысынан толыққанды тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Діндар адамның жүрегі Аллаға деген сенімге толы. Ол әрдайым Алланы еске алып, тағдырға разы болып, құлшылық етуді басты міндеті санайды. Намаз оқу, ораза ұстау, садақа беру және қажылық сияқты парыздарды орындау – рухани діндарлықтың айқын көрінісі.

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026

Ашығудың хикметі

05.03.2026

Мұсылманның ең басты мінез ерекшелігі – көркем мінез. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Нағыз мұсылман – өзгелерге тілімен де, қолымен де зиян тигізбейтін адам” деп, діндарлықтың адамгершілік қасиеттермен тығыз байланысын көрсеткен. Ең жақсы амал – адамдарға пайдалы болу. Діндарлықтың белгісі – адалдық пен уәдеге берік болу.

Діндар адам өтірік айтпайды, ғайбат сөз сөйлемейді, адамдарға әділетсіздік жасамайды және сабырлы болады. Исламда діндар адамның қоғамға деген жауапкершілігі ерекше орын алады. Ол туыстармен жақсы қарым-қатынас жасап, мұқтаждарға көмек көрсетеді, жетімдерге қамқор болып, әділдік пен ынтымақты сақтауға тырысады. Исламда білім алу – әр мұсылманға парыз. Діндар адам тек діни іліммен шектелмей, дүние, білімге де көңіл бөліп, қоғамға пайда әкелуге ұмтылады. Діндар адамның ең айқын сипаты – қарапайымдылық. Ол ешқашан менменсімей, өзін басқалардан жоғары қоймайды. Сабырлылық барлық қиындықтарды жеңіп, Алланың сынақтарына төзімді болуға көмектеседі.

Қорыта айтқанда, исламдағы діндар адам – рухани тазалықты, көркем мінезді және қоғамға пайдалы болуды өзіне мақсат еткен жан. Ол тек өзінің емес, айналасындағы адамдардың да өмірін жақсартуға атсалысады.

Исламдағы діндар адам – бұл өзімен, айналасымен және Алламен үйлесімді өмір сүретін жан. Оның мақсаты тек жеке құлшылықта емес, сонымен бірге қоғамға пайдалы іс-әрекеттер жасап, әлемді жақсылыққа толтыру. Діндарлық – адамның сыртқы көрінісімен емес, ішкі рухани жан-дүниесімен өлшенеді.

Қызғалдақ ҚАЗИ,

Қызылорда облысы дін істері басқармасы

 «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

КММ-нің маманы

Таңбалар: исламмұсылман
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жеріне Ислам қашан келді?

07.03.2026
Ислам

Исламның өзге дін өкілдерін құрметтеуі: адамзаттық татулыққа бастар жол

26.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ислам ұйымы Қазақстанмен бірлесіп Ғазза секторына көмек жіберді

Ислам ұйымы Қазақстанмен бірлесіп Ғазза секторына көмек жіберді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120900 бөлісті
    Бөлісу 48360 Твитерге 30225
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Қоғам

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Ислам

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00