Жұма, 14 Қараша, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ершат ОҢҒАР: Зияткер дін маманын қалыптастыруды мақсат етеміз

03.01.2025
- Сұхбат, Таңдаулы
0
218
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Діннің атын жамылып, дүдәмал сенімдерін таратуды көздейтін түрлі бүлдіргі ағымдар бой көтерген заманда дұрыс діни білім беру – мемлекет алдында тұрған маңызды мәселенің бірі. Осы орайда тәуелсіздік жылдары елімізде діни білім беретін университет пен бірнеше медресе бой көтерді. Бүгінде бұл салада қандай жұмыс жүріп жатқанын білу мақсатында «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD, танымал дінтанушы Ершат Оңғарды әңгімеге тарттық.

– Ершат Ағыбайұлы, елімізде діни білім беру үрдісі қай кезден басталды және бүгінгі заман талаптарына сай қалай жаңғырып жатыр?

– Бұл сұраққа жауап беру үшін сәл кейінге шегініс жасау керек. VII-VIII ғасырдан бері біздің жерімізде медреселер тек діни оқу орны ғана емес, сонымен бірге ғылыми әрі мәдени ошақ ретінде қызмет еткені белгілі. Ел аумағындағы алғашқы медреселер Қараханидтер мемлекеті тұсында (X-XII ғасырлар) бой көтерді. Онда білім алған талай ғұламамыз тек еліміздің емес, әлемдік өркениеттің дамуына өз үлестерін қосты. Өкінішке қа­рай, отаршылдық заманда халқымыз­дың руханияты қысымға ұшырап, кеңес кезеңінде одан да ауыр қиянат көріп, «дін – апиын» деген идеологиядан дінімізден айырылуға сәл-ақ қалдық. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін мешіт-медресе жұмысы қайта жанданып, елімізде діни білім беру жүйесі жаңғырды. Алғашқы медреселер Шымкент, Тараз, Алматы қалаларында ашылса, қазір елде ҚМДБ-ға қарасты 9 медресе-колледж жұмыс істеп тұр. Мысыр мен Қазақстан арасындағы ке­лісімге орай «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті ашылды.

Бұл саладағы жеткен жетістік­теріміздің бірі – «исламтану» ма­ман­дығының мемлекеттік маман­дықтар классификаторына енгізілуі. Яғни 2011 жылдан «исламтану» ма­мандығына мемлекеттік грант бөліне бастауы отан­дық діни білім саласына жаңа серпіліс әкелді. 2012 жылы магистратура, докторантура бөлімдері ашылып, өзімізде ислам ғалымдарын даярлай бас­тадық. Мұ­ның бәріне қол жеткізу үшін аянбай еңбек еткен, университетімізде 17 жыл бойы проректор қызметін атқарған профессор Шамшәдин Керім мен оқу орны­ның бұрынғы проректоры, PhD Қайрат Құрманбаевтың қосқан үлесін айта кету керек.

Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді

Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді

14.11.2025
«Бозоқ» ұлттық паркіне арналған жаңартылған тұжырымдама бекітілді

«Бозоқ» ұлттық паркіне арналған жаңартылған тұжырымдама бекітілді

14.11.2025

Қазір еліміздегі жалғыз ислами жо­ғары оқу орны – «Нұр-Мүбәрак» уни­верситетінде исламтанушыдан өзге дін­танушы, теолог, шетел филологиясы, аудармашы мамандықтары бойынша кадр даярланады. 2001 жылы небәрі 56 студент білім алған болса, қазір үш сатылы деңгейде 2506 адам оқып жатыр. Биылдың өзінде 860 шәкірт (823 бакалавр, 35 магистрант, 9 докторант) оқуға қабылданды. Осы кезге дейін оқуды тәмамдаған 2800-дей түлегіміз түрлі қызметте табысты еңбек етіп жүр.

– Білім сапасын арттыру мақса­тын­да қандай жұмыстар жүріп жатыр?

– Біріншіден, жақында осы қызмет­ке келгеннен кейін білім сапасын жақ­сарту мақсатында студенттерден бас­тап, оқытушы-профессорлық құрам, қыз­меткерлер арасында арнайы сауалнама жүр­гіздік. Студенттер үшін білім беру жү­йесіне сай бөлек сауалнама өткізілді. Бұл қадам білім сапасын арттырып қана қоймай, оқыту жүйесіне заманауи та­лаптарға сай әдістемелік жаңартуларға жол ашады деп сенеміз.

Екіншіден, оқу бағдарламасын халық­аралық стандарттарға сай болу үшін әлемдік тәжірибелерді енгізу әрдайым күн тәртібінде. Мысалы, студенттеріміз тек дәстүрлі ислами ілім алып қана қоймай, шетелдік жетекші университеттерде тәжірибеден өтеді. Сондай-ақ заманауи технологиялар, оқыту­дың онлайн платформалары, цифрлық кітапханалар және интерактивті оқу құралдары қолжетімді. Бұл білім беру үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Сондықтан отандық бірегей ислами университет ретінде жоғары діни білім беру саласын заман талабына сай үздіксіз жаңартып, бәсекеге қабілетті, рухани және зияткер тұлғаларды тәрбиелеуді мақсат етеміз. Бұл – діни және зайырлы білімді үйлестіре отырып, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға бағыт­талған кешенді қадам.

– Бәсекеге қабілетті тұлға қалып­тастыруды мақсат тұтамыз дедіңіз. Осы орайда елшіл, мемлекетшіл діндар тәрбиелеудің жолы қандай?

– Сауалыңыз өте орынды. Қазіргі жаһандық кезеңде еліміздегі рухани даму мен ұлт бірегейлігін сақтау – маңызды міндеттің бірі. Біз әрдайым Алаш зиялыларының ерен еңбегін үлгі етеміз. «Иланбасам, айтпаймын, иманымнан қайтпаймын» деген Ахмет Байтұрсынұлы секілді ардақты арыс­тарымыз дін мен білімді қатар ұста­нып, насихаттай білген. Дінді желеу етіп, елді алдаушы дүмшелерді қат­ты сынаған Ақаңның сөздері қазіргі уақыт­та да өзекті. Әсіресе жат діни ағым­дар руха­ниятқа ұмтылған жастардың санасын улап, ел тарихы мен ұлттық салт-дәстүрімізге, мемлекет саясатына қырын қарап жүргені белгілі.

Бұл келеңсіздікке қатаң саясат не жалаң эмоциялық әрекет тосқауыл бо­ла алмайды. Біз Алаш зиялыларының ­жолын жаңғырта отырып, қазақ жас­тарына діннің дұрыс негіздері мен шы­на­йы құндылықтарымызды насихат­тауды мақсат етеміз. Студенттерге тарих, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз­дің мән-маңызымен қатар, жат ағымдар­дың түпкі мақсаттарын түсіндіре оты­рып, қоғамдық санаға ықпал етуге тырысып келеміз. Яғни отаншыл, мемле­кет мүддесін қорғайтын діндарларды ең ал­дымен дұрыс бағыттағы жүйелі білім мен бабадан мұра болған өнегелі тәрбие арқылы қалыптастыра аламыз.

Осы орайда, «Нұр-Мүбәрак» уни­вер­ситетінде студенттерге тек діни ілім­­дерді ғана емес, зайырлы құқық не­гіздері, Қазақстан тарихы, мемлекет­тік құрылымдар мен құндылықтар, заң, саясат, экономика, шешендік өнер, т.б. пәндер оқытылатынын айта кету керек. Сабақ барысында қазақ хал­қының тарихы, мәдениеті, салт-дәс­түрі, Абай мен Шәкәрім, Алаш зиялылары мен ойшылдардың еңбектері­нен мысал­дар кеңінен қолданылады. Бұл жастарға ұлттық, рухани және мә­дени мұраларымызды құрметтеуге, өз бойындағы қабілеттерін дамытып, пікірін айта алатын әрі жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына, мемлекеттің зайырлы қағидаттары мен діннің рухани рөлін қатар түсінуге мүмкіндік берері сөзсіз.

– Діни қызмет пен діни педагогтік қызметтің парқы қандай?

– Діни қызмет пен діни педагогтік қызмет екеуінің де негізгі мақсаты қоғамды рухани сауаттандыру мен ізгілікке тәрбиелеу болғанымен, олар­дың айтарлықтай айырмашылығы бар. Мысалы, діни педагогика теориялық білім беруге бағытталғандықтан, оның қызметі білім саласында жүзеге асады. Ал діни қызметтегілер халықпен тікелей қарым-қатынаста болатындықтан, дінді тәжірибеде қолдануға машықтана­ды. Жалпақ тілмен айтсақ, педагог қыз­меті студенттер мен білім алушыларға негізделіп, халықпен, жамағатпен жұ­мыс істейтін мамандар тәрбиелейді. Айта кетерлігі, әрбір дін қызметкері үшін педагогтік қабілетті дамытудың маңызы зор. Себебі мешіттер мен діни орталықтарда халықтың сауатын ашуға арналған курстар мен дәрістер өткізген­де өздері білім алған педагогикалық әдіс-тәсілдердің көмегіне жүгінеді. Сон­дықтан университет кешенінде оқу-тәжірибелік мешіті бар.

Діни педагог болашақ дін қыз­мет­керлерін тек біліммен ғана емес, ғылыми көзқараспен, заманауи білім мен технологиялармен қамтамасыз етуге тиіс. Бұл қоғамның рухани тұрақтылығы мен дін мамандарының кәсіби деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Сондықтан бұл екі бағыт бірін-бірі толықтырып отырады. Білікті педагог дайындаған діни мамандар қоғаммен жақсы жұмыс істеп, діни қызметті жоғары деңгейде атқара алады. Өз кезегінде, тәжірибелі діни қызметкерлердің насихат қызметі педагогтерге жаңа идеялар мен бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

– Діни білім саласында қандай елдермен байланыстарыңыз бар? Жалпы отаршылдық, кеңестік заманда сенім саламаттылығы әлсіреген бізге қай ел үлгі?

– Әлемде діни білім беру саласында үлкен жетістікке жеткен бірнеше мемлекет бар. Атап айтсақ, Мысыр, Түркия, Малайзия, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, т.б. Сондай-ақ көрші Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан да діни білім беру жүйесін дамытып жатыр.

Біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жастарымызға діни білім алуға болатын ел ретінде Мысырды таңдауымыз бекер емес. Себебі Ислам білімінің мәшһүр орталығы саналатын «әл-Азһар» университеті осы елде орналасқан. Бұл оқу орнының тарихы X ғасырдан, нақтырақ айтқанда 970 жылдан басталады. Білім беру аясы төрт мәзһабты да қамтығандықтан, ол жерге шәкірттер әлемнің түкпір-түкпірінен жиналады. Кезінде Мәмлүк мемлекетінің билеушісі болған Бейбарыс сұлтан (1260-1277) Мысырда ислам мәдениеті мен білімін өркендетуге, «әл-Азһар» университетінің қайта жандануына ықпал етіп, оны нығайту жолында ерекше көңіл бөлген ерен тұлға ретінде танымал. Бұл тарихты мысырлықтар жақсы біледі және олардың Қазақ еліне деген құрметі ерекше. «Нұр-Мүбәрак» университетіне келген ғалымдар «Кезінде сіздердің бабаларыңыз бізге көмектескен, біз соны қайтарып жатырмыз» деп құрмет білдіріп жатады.

Түбіміз бір Түркия елі де діни білім беруде озық елдердің бірі. Олардың ерекшелігі – зайырлы және діни білім­нің үйлесімінде. Түркияның теология­лық факультеттері ислам ғылымдарына терең бойлап, сонымен қатар зайырлы гуманитарлық пәндерді де оқытады. Түркияның тәжірибесі еліміз үшін пайдалы. Себебі біз де зайырлы мемлекет қағидаттарына негізделген қоғамда діни білімді дамытамыз. Сондықтан Түр­кияның дін қызметкерлерін даярлау жү­йесі мен діни кадрлардың қоғамдағы рөлін айқындау тәжірибесі бізге үлгі.

«Нұр-Мүбәрак» университетінде Мысыр мен Түркиядан келген 24 ға­лым, профессор сабақ береді. Оған қоса әріптес оқу орындармен ке­лісім­шарт жасалған, студенттер ака­де­мия­лық ұтқырлық бағдарламасы аясын­да және докторлық тағылымдама ке­зеңдерінде осы елдерге барып, білім алып, тәжірибе жинақтап қайтады. Заманауи технологиялар мен ислам білі­мін ұштастырып отырған Малайзия уни­верситеттерімен де әріптестік байланыстамыз. Олар ислам ілімдерін IT технологиямен, инклюзивті біліммен және халықаралық тәжірибемен біріктіруде алдыңғы қатарда. Сондықтан діни білімді заманауи әлемге бейімдеу бағытында бізге пайдалы.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: «Нұр-Мүбарак» университетібасты тақырыпДіни білімЕршат Оңғар
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазалыда жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Қазалыда жаңа мешіт ашылды

12.11.2025
2026 жылғы діни күндер кестесі
Жаңалықтар

2026 жылғы діни күндер кестесі

07.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді
Сұхбат

Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді

14.11.2025
«Бозоқ» ұлттық паркіне арналған жаңартылған тұжырымдама бекітілді
Жаңалықтар

«Бозоқ» ұлттық паркіне арналған жаңартылған тұжырымдама бекітілді

14.11.2025
Елімізде қанша құлшылық орны бар? (3-тоқсан)
Инфографика

Елімізде қанша құлшылық орны бар? (3-тоқсан)

14.11.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою