Жұма, 29 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Адамдық иісіңді жұрт аңсап тұрсын

31.01.2025
- Қоғам
0
64
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сыр сүлейлері тін тартқан шығармалардың шыңы биік болуының жалғыз сыры – ілімнен өзек алып, адамгершілік пен адами құндылықтарына тереңдей енетіндігінде. Ақиқат пен әділдікті алға тартып, ұлт тәрбиесі, ұлылық болмысын насихатауында. Қоғамға тәлім, өскелең ұрпаққа өнеге болатын мысалдарды келтіріп, теңеулерімен түсіндіріп, ұғынықты әрі тілге жеңіл ұйқастермен насихаттаған.

Мысалы Шораяқтың Омары айтқан «Лепесі қабыл ғазиздің, Жақсының сөзі ем болар» дегендегі Лепесі қабыл болатын кім? Ондай әзиз, ондай дуалы ауыз адам болуы үшін адам қандай болуы керек? Оны ақын әрі қарай түсіндірген сүлей, адамның тілегі қабыл болуы үшін адам адал әрі шыншыл және мейірімді болуы керек екенін айтады. Ал, сондай адам болуға жастар қызықпайды дейсің бе, қызығады. Сондықтан мен шыншыл әрі адал адам болуым керек деп ұстанады.

Бұдан соң ақын әділдікті: «Әдiл iс – ағын судың арнасындай, Әдiл сөз – болат семсер алмасындай. Пайда етпе өне бойы өтiрiк айтып, Жаласы қалмас бiр күн жармасылмай» деп әділ іс пен әділ сөздің адам болмысын биік ететінін, жалған сөйлеу түбі жарға жағатынын теңдессіз теңеулермен жеткізеді.

…Шын сөзден сан жеткiсiз етсең залал,

Сөйлеу әдебі жайлы

Сөйлеу әдебі жайлы

26.08.2025
Түйеге ұқсау

Түйеге ұқсау

23.08.2025

Есесi өтеледi жалғасындай.

Жалған сөз жасырынбас жапсаң дағы,

Шулаған өлiмтiктiң қарғасындай, – дейді. Қараңызшы, ақын сөзінде адамдық иіс аңқып тұрған жоқ па. Адамның ең қымбат қазынасы осы төрт қатардың ішінде өрнектеліп, өң беріп-ақ тұр. Шын сөзіңді бүгін дәлелдей алмарсың, ертең, тіпті одан соң да. Бірақ түбінде шындық беті ашылмай ма. Ашылмағанның өзі шындықтан залал көрген адамның өзі ар алдында таза, намыс алдында биік тұрады. Оның өтеуін өмірдің өзі өтейді.

Аса артық ақымаққа ашу бiтер,

Арнаның бұрып аққан ормасындай.

Және де жағымпаздық құр қошемет,

Жалғаншы жалдаптардың жарнасындай, – деген насихатынен ой алсақ адамның асылы тектілігіне ту тігер еді. Өйткені мұнан тәлім алған адам ашуға бой алдыру жөнсіз кеткен арынды су іспетті екені көз алдына елестетіп, сабыр мен төзімге тұраққтап, сабыр түбі сары алтынның жемісін жемей ме? Ал Базар оңдасынұлы болса:

-Ақ отын ақымақ қанша үрлегенмен,

Әркімдер айтпап па еді сөнбегенін.

Өзің де екібастан еске аларсың,

Еш нәрсе уайымнан өнбегенін.

“Сары алтын – сабыр түбі” деген сөз бар,

Көрерсің ісіңді Хақтың жөндегенін, – деп ары тазы адамға жала жабудың адамгершілікке тән іс емес екенін еппен жеткізген. «Көруге кім ынтықпас күннің көзін, Естуге кім құмартпас ғалым сөзін» деп ғылымға үндеген балқы Базар: Суытпай адамшылық әділ сөзді. Қош, бауырым, өзің көтер жыр күмбезін» деп саялы орданы адамгершілік асылына толтырады. Бұлардың жалғасы болып шыққан Тұрмағамбет Ізтілеуов:

«Қоям, – деп, – халықпен қарсы» – бір өзіңді,

Байқамай болып жүрме тірі езінді.

«Әр қашан алам, – десең, – төрден орын», –

Түзеп ал, татаусыз қып мінезіңді! деп адам құныдылығы ең басты тізгін оның мінезі екенін мәндеп береді. Себебі, адамның жаман болуы да, жақсы болуы да мінезге қатысты. Мінезі шәлкес адам ешқашан құнды болмыс көрсете алмайды. Тілі сайрап, білімі асып тұрса да адамгершілігі жоқ адам қоғамға, өзіне де игілікті іс ете алмас. Сондықтан Тұрмағамбет: «Адамдық иісіңді жұрт аңсап тұрсын, Не керек қарныңның құр майланғаны?! Көңіліне: «Мен де адаммын!» деп жүрген көп, Кілегей майға ұқсаған айрандағы» деп адамдық болмыстың асылы құндылығын өнегелейді.

Адамгершілік айдынынан жұпар лебін соқтырып, кәусарын көсіп алып, жауһарынан теріп жиған Сыр сүлейлері саф алтындай құндылықтарды осылайша мұралап, ұлт тәрбиесіне, болашақ тәліміне қалдырды. Оны тек жаттап, термелеп ғана орындамай талдай отырып өмірімізге пайдалануымыз керек-ақ. Өйткені адамның барлық жаратылыстардан артықшылығы адамгершілікте ғана.

Сәкен АЛДАШБАЕВ,

Қызызлода облысы дін істері

 басқармасы «Дін мәселелерін

зерттеу орталығы» КММ-нің  маманы

Таңбалар: адалдықадамгершілік
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Исламда адалдық туралы не айтылған?

09.07.2025
Мемлекет мүлкіне адалдық
Ғибратты әңгімелер

Мемлекет мүлкіне адалдық

03.10.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мүфтият Құран өртеу оқиғаларына қатысты мәлімдеме жасады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»
Сұхбат

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

28.08.2025
Умрадан оралды
Жаңалықтар

Умрадан оралды

28.08.2025
Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады
Жаңалықтар

Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады

28.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою