Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шетелдегі қазақ уақыптары

20.12.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Құнанбай қажы сынды бабаларымыз бастаған, шетелде уақып ашу жолын жиырмасыншы ғасырдың соңында Түркияға көшіп барған қандастарымыз жалғастырғаны белгілі: «1986 жылы 17 желтоқсанда (тура біздің қазақ жастары желтоқсан көтерілісіне шыққан күні) ресми түрде Түркияда тұратын қазақтар Ыстамбұлдың Зейтунбұрны Нұрпаша елді – мекенінде ең алғашқы «Қазақ түріктері уақыпын» құрды. Бұл уақып Түркия қазақтарына және жергілікті халыққа діни-әлеуметтік, мәдени-экономикалық жағынан көмек беруді мақсат етті. Құрылтайшылары болып он тоғыз адам сайланды. Уақып ісін жүргізу үшін 6. 534. 000 түрік лира қаржы жиналды»,-деп жазады марқұм ғұлама Халифа Алтай ақсақал (Halıfe Altay, 1986).

Бұл бір тарихи оқиға неліктен біздегі желтоқсан күнімен сәйкес келді екен? Ол әрине зерттеулерді қажет етеді.

Сондай-ақ 2017 жылы докторантура талабына сәйкес шетелде ғылыми-тәжірибелік сапармен болғанымда, Ыстамбұлда 1992 жылы Түркия қазақтары ашқан «Қожа Ахмет Яссауй» білім және парасат қоры жұмысымен танысып қайттым. Қордың негізгі мақсаты Түркия Республикасындағы қазақтарға оқу, білім, мәдени және әлеуметтік жағынан көмек көрсету, негізгі рухани байлығын жаңғырту. Бұл қор сонау сексенінші жылдардан бастау алып, оны ұйымдастырушылардың басында марқұм Рамазан Қарлыдағ болыпты. Ол туралы Хасан Оралтай «Елім-айлап өткен өмір» кітабында былай деп жазады: «Марқұм Рамазан Қарлыдағ сол кезеңдегі жігерлі қазақ жастарының бірі болатын. Бұл талантты жас қазақ 1976 жылдың басында Ыстамбұлдағы қазақтардың алғашында «Қазақ кент» деп атаймыз деп талпынып, кейбір жайбасар-сылбырлықтары салдарынан «Гүнешлі» аталып кеткен ауылында «Түркістан Қазақ Отауы» деген қазақ жастарының үйірмесін ұйымдастырды» (Оралтай, 2005).

Қорды ұйымдастырушы Абдулхақ Имрен, Ахмет Гүней, Абдулнияз Йолжы,Рамазан Юксел,Рамазан Авжы, Сейіт Курт, Абдулменнан Малабакан,Ибраһим Мұтлы, Рашит Курт, Ахмет Зекай Йакшы сынды қандас ағаларымыз екен.

Құран хатым дұғасын жасады

Құран хатым дұғасын жасады

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Қор ашылған кезде, қорға Абдулхақ Имран және Ахмет Гүней есімді екі ақсақал: « тек медресе болсын» деген шартпен жерлерін бөліп беріпті. Сол жерге жеті қабатты қор орталығы және медресе ғимараты тұрғызылады. Қордың ұйымдастыруымен ширек ғасыр арасында осы оқу орнында Қазақстан, Монғолия, Қытай, Ресей мемлекеттерінен мыңға жуық шәкірт дәріс алып, діни сауатын ашады.

Сондай -ақ, Түркия қазақтары мен Еуропа қазақтарына көп еңбек сіңірген Чами Авжы деген аға болыпты. Ол ағамыз Қазақстан мен Моңғолия қазақ балаларын тәрбиелеуге зор үлес қосыпты.

Осы медреседен оқып шыққан Батыржан Мансұров, Жұманазар қари Садырханов, Ыхтияр Палтөре, Ербол қари Құдабаев, Сержанәлі Әлібек, Жакен Омаров, Саясат Көкенай сынды азаматтар елімізде дінге қызмет етуде. Қордың Қазақстандағы филиалы ҚМДБ-мен меморандум жасасып, қазіргі күнде де Қарғалыдағы қыздар медресесі мен Үш-Қоңырдағы ұлдар медресесіне демеушілік етуде. Жоғарыдағы «Қазақ түріктері уақыбы» көбінесе мәдени-әлеуметтік шараларға атсалысса, «Қожа Ахмет Яссауй білім жіне парасат қоры» мәдени, әлеуметтік және рухани саладағы бағытта жұмыс жасайды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін дербес Мүфтиатымыз құрылып,жер-жерлерде мешіт-медреселеріміз ашылды. ТМД аймағында бірегей жоғары діни оқу орнымыз – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті де Мысыр Уақып Министрлігі қаражатына салынған болатын. Шариғатта осының бәрі уақып мүліктері болып табылады. Уақыптың қызметі тарихи жолға қойылған елдерде оның үш түрі қалыптасқан. Атап айтсақ, таза діни (мешіт-медресе), қайырымдылыққа арналған (барлық қайырымдылық түрлеріне арналған қорлар), ұрпаққа арналған (ұрпаққа дивиденді тең бөлінетін қор). Уақып тақырыбы еліміз үшін, дініміз үшін өзекті мәселе болып тұр. Уақып дегеніміз діни-әлеуметтік саламыздың қозғалтқышы іспеттес үлкен сала болып табылады.

Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: қайырымдылықҚуат ҚабдолдаУақып
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Маңғыстау: Үш отбасыға баспана берілді
Жаңалықтар

Маңғыстау: Үш отбасыға баспана берілді

16.03.2026
Ислам

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Зекет-ай» мерекелік қоржындарын таратты

«Зекет-ай» мерекелік қоржындарын таратты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121023 бөлісті
    Бөлісу 48409 Твитерге 30256
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?
Сұрақ-жауап

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Құран хатым дұғасын жасады
Жаңалықтар

Құран хатым дұғасын жасады

17.03.2026
Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды
Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00