Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти болып сайланды

26.12.2024
- Жаңалықтар
0
105
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасы ұсынылды.

Құрылтайға жиналған 300-ге жуық делегат осы кандидатураға бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына қайта сайлады.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы журналистерге берген сұхбатында: «Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген 300-ге жуық делегат менің кандидатурама дауыс беріп, сенім білдіріп, Бас мүфти лауазымына қайта сайлады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмыстарымыз бар. Мәселен, алдағы 2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дербес мүфтият болып құрылғанына 35 жыл толады. Мерейтой аясында жоспардағы көптеген игі істерді жұрт болып жұмылып, халық болып бірігіп атқаруға баршаңызды шақырамын» деді.

Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына екінші рет сайланып отыр.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

 

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ӨТПЕНОВ

1977 жылдың 13 наурызында дүниеге келген.

Білімі:

1993-1997 жылдары Ташкент қ. «Имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында оқып жоғарғы діни білім алған.

1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтында оқыған.

2009 жылы Мысыр Араб Республикасында діни білімін жетілдірген.

2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығы бойынша сырттай оқып, жоғарғы білім алған.

2011-2013 жылдары аталған университеттің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

2017-2020 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады.

 

Еңбек жолы:

1997-2006 жылдары Республикамыздың түрлі мешіттерінде имамдық қызметтерді атқарумен еңбек жолын бастаған.

2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы.

2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі басқарманың Бас сарапшысы.

2013-2018 жылдары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы.

2018 жылдың шілде-қазан айлары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкіл имамы.

2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы.

2020 жылдың 7 ақпанында елордасы Астанада өткен Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ құрылтайында Бас мүфти болып сайланды.

2024 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына қайта сайланды.

Еңбек жолындағы жетістіктері:

Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен 2002-2005 жж. құрылыс жұмыстары сәтті жүргізіліп, Аягөз қаласындағы орталық мешіт пен Жаңаауыл мешіті ашылды. 2010-2011 жж Қарағанды қаласындағы орталық мешіттің құрылысына үлес қосты. Қарағанды облысында «Сұлу әлем», «Нұрлы мінбер», «Жұлдызды гол» жобаларын жүзеге асырды. Республикалық БАҚ-та жарияланған діни-рухани-танымдық мақалалардың, сондай-ақ «Үміт сәулесі», «Мазхабсызбен сұхбат» кітаптарының авторы, сонымен қатар, оның жетекшілігімен келесі кітаптар жарық көрген: «Избранный из тафсиров» төрт томдық, екі тілде; «Ихсан – рухани тәрбиенің негізі» екі тілде; «Толық Адам»; «Қазақстандағы ислам тарихы» және «Патуалар жинағы» кітабының үшінші жинағы. Түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасы» жобасының бастамашысы әрі жетекшісі.

Марапаттары: 

«Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамотасымен марапатталған. Аягөз және Түлкібас аудандарының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20, 25, 30 жылдығы медальдарының иегері. «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы» және «ҚМДБ-ның 30 жылдығы» мерейтойлық медальдарының иегері. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ғылыми кеңесі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Ғылыми кеңесі, Қожа Ахмед Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен «Құрметті профессор» атағы берілді. Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Астана қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: басты тақырыпҚМДБНаурызбай қажы Тағанұлы
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Елордада ҚМДБ Төралқа мәжілісі өтіп жатыр

Елордада ҚМДБ Төралқа мәжілісі өтіп жатыр

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00