Бейсенбі, 9 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Конфессияаралық диалог алаңындағы исламның рөлі туралы

12.12.2024
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
131
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ертеден адамзат өмір сүрген уақыттан бері мәдениеттер мен діндер бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынастарға түсті: соғыстар, қақтығыстар, теологиялық талас-тартыстар, қуғын-сүргіндер және т.б. Уақыт өте келе заманауи технологиялық прогресстің қарқынды дамуымен әлем жақсы жаққа өзгере бастады және әр елдерге елеулі әсерін тигізді. Осының салдарынан мономәдениет қауымдастықтар жайлап жойыла бастады.

Мұндай елеулі жаһандық үдерістер әлемдік мәселелерге, оның ішінде діни салаға оң әсер тигізді.

Діндер мен мәдениеттер арасындағы диалог маңызды орынға шықты. Өйткені кейбір жеке мүдделер дінді материалдық пайдаға қол жеткізу мақсатында саясиландыратын жағдайлар кездесті. Белгілі болғандай бұл өз кезегінде әлемдік тәртіпті орнатуға ұмтылатын радикалды экстремистік ағымдардың пайда болуына алып келді.

Бұл тұрғыда исламның әлемдік деңгейіндегі рөлінің маңыздылығын ерекше атап кетуге болады.

Халықаралық конференция өтті

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025

Ислам дінін ұстанушылар саны жағынан әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан діндердің бірі болып табылады. Аталмыш діннің адамзатқа ұсынатын моралды қасиеттер мен құндылықтардың жалпыға ортақ келуі исламның қоғамға дін ретінде тез енуіне ықпал етті.

Бірақ, соңғы жиырма жылда бұл исламның имиджі діннің артына жасырылған лаңкестік әрекеттердің салдарынан күрт нашарлағаны белгілі. Алайда, тілдік мағына бойынша «ислам» сөзі «салам» «бейбітшілік» сөзінен шыққанын қаперге алсақ, бұл діннің дінаралық диалогта әлеуеті зор деп есептеуге толықтай негіз бола алады. Осыған байланысты мұсылман ғалымдардың жүргізген және зерттелген заманауи тұжырымдарына шолу жасайтын болсақ, исламның бейбітсүйгіш дін екеніне нақты көз жеткізуге болады.

Бұл үшін осы салада зерттеумен айналысқан кейбір ғалымдардың көзқарастарына сүейенсек болады.

Неміс жазушысы М.Бубердің айтуынша ұзақ уақыт бойы көптеген адамдар диалогтың мән-мағынасын зерттеумен айналысқандығы туралы көзқарасы мамандар тарапынан қызығушылық танытады. Оның тұжырымы бойынша, диалог ол болмысты адам мен Құдайдың, адам мен дүниенің диалогы, деп есептеген.

Диалог адамның Құдайдың сүйіспеншілік пен адамгершілікке негізделген өсиеттерін орындауында көрініс табады. Диалогқа қатысудың арқасында адам жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, өзіндік болмысына ие болатынына баса назар аударады.

Мамандардың осындай көзқарастарына мән бере келе, бүгінгі таңда көптеген мемлекеттер мен қоғамдар іс жүзінде қолданатын дінаралық диалогтың бірнеше тұжырымдамасы бар екені анықтауға болады.

Оның ішінде бейбітшілікті құрайтын дінаралық диалог әлеуметтік, мәдени және діни мәселелерді шешуге бағытталғанын ерекше атауға болады. Диалогтың бұл түрі екі деңгейде түсіндіріледі: бірінші – «төменгі», екінші – «жоғарғы».

Мұндай сипаттарға қысқаша тоқталып кетелік.

«Төменгі» деңгейлі диалог қарапайым азаматтар арасындағы, әсіресе жастар арасындағы кездестіруге болады. Мұндай бітімгершілік диалогтың басты міндеті – қоғамға селкеу салған экстремистік, лаңкестік үрейлердің алдын алу, түрлі ұлт пен дін өкілдері арасындағы келісімді нығайту, өзара сыйластық пен достықты дәріптеу болып табылады.

Іс-жүзінде дәл осындай диалогтың мысалы ретінде биыл алғаш әлемнің 32 елінен дәстүрлі конфессия өкілдерінің қатысуымен 9 қазанда Астана қ. өткен «Бірінші Жас діни көшбасшылар форумын» келтіруге болады.

Мұндай Қазақстан жерінде алғаш рет ұйымдастырылған елеулі форумда әлемдік деңгейде беделі бар дін саласының жас көшбасшылары бас қосып, «Ортақ болашақты қалыптастыру: дінаралық диалогты нығайтудағы жас көшбасшылардың рөлі» атты негізгі тақырып аясында жаһандық мәселелерді диалог аясында талқылады.

Ал «жоғарғы» деңгейлі дегеніміз әлемдік кеңістіктегі діни көшбасшылар арасындағы диалогты айтамыз. Ондай шараға мемлекет басшылары, дипломатиялық өкілдіктері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен мамандар да қатыса алады.

Бұл форматтағы диалог алаңына мысал ретінде 2003 жылдан бері Қазақстан Республикасының астанасында әр үш жылда бір өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін келтіруге болады.

Бүгінде ислам әлемдік дін ретінде дінаралық диалогтың халықаралық деңгейде нығаюына әрі қарқынды дамуына ерекше серпін беріп келеді.

Бұл тұрғыдан исламды діндер мен мәдениеттер арасында қарым-қатынас орнатуды жақтаушы ретінде танытқан алғашқы заманауи ғалымдардың бірі палестиналық зерттеуші және философ Исмаил Ражи әл-Фаруки екенін баса атап кетуге болады.

Ғалым мұсылман болғандықтан, оның диалогқа қатысты тұжырымдары тек ислам іліміне негізделген. Бұл тұрғыда ол «табиғи дін» ұғымын дамытып, ортаға ұсынды.

Сонымен қатар,  әл-Фарукидің көзқарасы негізінде, табиғаты бойынша барлық адамдар ішкі жасырын діншілдікке, руханиятқа мұқтаж және оның мұндай мұқтаждығы конфессиялық айырмашылықтардан жоғары тұрған әмбебап діни бауырластыққа біріктіретінін алға тартады.

Ал діндер арасындағы айырмашылық тек бейнелерде, соның ішінде теология, салт-дәстүр, қоғамдық дүниетанымда жатады. Бірақ ғалымның ұшқыр көзқарасы бойынша, мұндай бейне діни доктриналардың мазмұнында көрініс таппайды. Өйткені олардың әрқайсысында құдайдың негізгі ұғымы жатады деп қортындылайды.

Ғалым мұндай көзқарасқа сүйене отырып, кез-келген қарым-қатынасты діншілдікпен емес, рационалды түрде қарастыруды ұсынды. Бұған қоса зерттеуші әрбір дінге сенуші неғұрлым нәтижелі һәм табысты диалог алаңын құру үшін басқа дін өкілдерінің көзқарастарына қызығушылық танытуы тиісті деп тұжырымдады.

Әл-Фаруқидің пікірінше, диалогтың басты мақсаты прозелитизмді дамыту емес, ақиқатқа жету болып табылады.

Сондықтан ғалым діни теологиялық және доктриналдық талас-тартыстардан гөрі, этикалық, қоғамдық мәселелерді талқылау қолайлы тақырып ретінде алға тартады. Өйткені, барлық діндер үшін бұл сала әмбебап екенін алға тартады.

Дінаралық диалогты құруға қатысты қызықты тәсілді ұсынған түрік зерттеушісі А.Бетил өзінің салыстырмалы (компаративті) теология туралы тұжырымы дінаралық диалогтың қазіргі заманға лайықты ең ерекше бастамасы, деп санайды. Салыстырмалы теология – сенуші басқа діндердің жазбаларын, қасиетті мәтіндерін зерттеп, оларды теологиялық тұрғыдан түсінетін әрі талдайтын үдеріс.

Зертеуші ғалым басқа дінді өз призмасы арқылы түсінуге ұмтылу мүмкін емес және қате деп санайды. Ал, басқа діндермен қарым-қатынасты қабылдамау және оған тосқауыл болуды болдырмау үшін диалогқа қатысушылар өзге дін өкілдеріне алдымен өздерінің діндерінің ұғымдары мен тұжырымдамаларын түсіндіруі керектігін алға тартады.

Сайып келе, жоғарыда ескерілген мұндай ғалымдардың көзқарастары әсіресе Батыс мұсылмандарының назарынан тыс қалмады. Өйткені, онда бүгінде дінаралық диалог саласы қарқынды даму үстінде.

Аталған прогрессивті көзқарастар мен тұжырымдарға және Батыстағы жергілікті мұсылмандар мен Таяу Шығыстан қоныс аударып келген босқындар қоғамдағы өзге дін өкілдерімен қарым-қатынасты дұрыс бағытта құруға мүдделі екендігін негізге ала отырып, исламның ұсынған дінаралық диалог құндылығын іс-жүзінде жүзеге асыра білді.  Бұл өз кезегінде исламның диалог алаңына берер үлесі зор екенін тағы бір айғағы.

Ислам көзқарасы бойынша дінаралық диалог идеясы осылайша мұсылмандар арасында әлі де жіті талқыланып, зерттеліп келеді.

Ислам призмасы арқылы қарайтын болсақ, жоғарыда аталған ғалымдар өздерінің діни ұстанымдарынан ауытқымай, басқа дін өкілдерімен байланыс құру нүктелерін анықтауға тырысқанын аңғарамыз.

Бұл әрбір дін үшін құптарлық дүние!

Жоғарыдағыларды қорыта келе, дінаралық диалогтың сәтті дамуының маңызды шарты – толеранттылық екеніне басты назар аудару өте маңызды.

Сондай-ақ дінаралық диалогтың ілгерілеуі қарапайым азаматтардың санасына үлкен әсер ететін академиялық және саяси элиталарға тікелей байланысты.

Бұл тұрғыдан көретініміз, әлемдік диалогтың нығаюына халықаралық деңгейде кешенді жұмыстарды атқару талап етіледі. Бұл «бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығаратын» ұғым жүзеге асқанда ғана, дінаралық диалогтың қарқыны нәтижелі болады деген сөз.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 20 жылдан астам тарихи мен тәжірибесі дінаралық диалогты жаһандық деңгейде ілгерілетудегі қызметі айқын дәлел бола алады!

Жалгас АСХАТҰЛЫ,

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың

халықаралық орталығының Бас кеңесшісі

Таңбалар: басты тақырыписламконфессияаралық диалог
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жетісуда жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Жетісуда жаңа мешіт ашылды

06.10.2025
Араб шейхтарының діни еңбектерін пайдалануға бола ма?
Сұрақ-жауап

Араб шейхтарының діни еңбектерін пайдалануға бола ма?

01.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі әл-Әзһар университетінің шейхтарымен кездесті

ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі әл-Әзһар университетінің шейхтарымен кездесті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Халықаралық конференция өтті
Жаңалықтар

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол
Видео

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025
Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті
Жаңалықтар

Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті

08.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою