Жұма, 11 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бүкіл Ресей Патриархы Кириллді діндер съезіне шақырды

23.11.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
93
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясына сапары аясында Мәскеуде Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесті. Іс-шара барысында Палата Спикері оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне шақыруды табыс етті. Кездесуде тараптар рухани дипломатияның қазіргі сын-қатерлерді еңсерудегі рөлін талқылады.

Сенат Спикері Орыс Православие шіркеуіне Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін жан-жақты қолдап, жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға және рухани дипломатияны халықаралық деңгейде дамытуға жәрдемдескені үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы Православие қауымы елдің бірлігін арттыруға үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті.

Сұхбат барысында Палата Төрағасы VIII Съезге дайындық күрделі жаһандық сын-қатерлер жағдайында өтіп жатқанына назар аударып, мұндай ахуал рухани көшбасшылардың күш-жігерін жұмылдыруды талап ететінін айтты. Аталған түйткілдер климаттың өзгеруі, биологиялық қауіп, экономикалық тоқырау, кедейліктің артуы сияқты өзекті мәселелердің салдарынан одан әрі шиеленісе түсетіні анық.

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

10.09.2026

«Бүгінгі қалыптасқан жағдайда діни, саяси және қоғамдық көшбасшылардың бірлесіп әрекет етуінің маңызы зор. VIII Съезд «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбына арналады. Осыған байланысты халықаралық қоғамдастықтың алдында тұрған өзекті проблемаларды шешу жолында дін лидерлерінің күш-жігерін біріктіру мәселелері талқыланады. Сондықтан Съезде сындарлы және мазмұнды пікірталастар болып, аталған мәселені шешуді көздейтін жаңа идеялар айтылады деп сенемін. Бұл қадам әлемдік мәдениеттер мен діндерді одан әрі жақындастыруға тың серпін берері сөзсіз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне шақырғаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол Орыс Православие Шіркеуі Қазақстандағы түрлі дін өкілдері арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық идеяларын дәріптеуге арналған бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

Таңбалар: Мәулен ӘшімбаевРесей
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысы мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға баса мән беріп келеді
Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысы мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға баса мән беріп келеді

13.02.2026
Діндер съезінің маңызын атап өтті
Жаңалықтар

Діндер съезінің маңызын атап өтті

05.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ғаламтордағы жат ағым арбауынан жастарды қалай қорғаймыз?

Ғаламтордағы жат ағым арбауынан жастарды қалай қорғаймыз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қорғансыздың тағдыры

    Қорғансыздың тағдыры

    535
  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    523
  • Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі талқыланды

    517
  • Лаос Президенті Ұлттық музейге барды

    514
  • Қару-жарақ тәркіленді

    513

Соңғы жарияланымдар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді
Жаңалықтар

«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

10.09.2026
Сұрақ-жауап

Ислам дінінің қоғамдағы қызметі қандай?

10.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00