Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кісі түсінде топырақ я жер көрсе, неге жорылады?

14.10.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
2.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақтың түркі-мұсылмандық «топырақ танымы» түс жору дағдысының символизміне де қатты әсер еткен. «Түс – тәңірдің аяны» деп білген халқымыздың оның құпиясын өзінің адамаһтық-топырақ болмысымен байланыстыруға тырысқанын байқаймыз. Сонымен, қазақ тілінде жарық көрген «Бабалар сөзі» жүзтомдығы секілді бірқатар тақырыптық әдебиеттер мен төл дүниетанымымызға сүйене отырып, сіздердің назарларыңызға түс жорудың бірнеше үлгісін ұсынуды жөн көрдік.

  1. Жер бөлігі: жер – әйелге жорылады. Жер сатып  алғанын   көрсе – үйленеді, сатса – ажырасады. Жерден  көп  өнім  алғанын  көру – ұрпағының  көбейетінін  білдіреді.
  2. Жерде аунап жатқанын көру – жақсылықтың белгісі емес. Таза болса – жақсылық, ал таза болмаса – керісінше  болады.
  3. Өзі білмейтін жерден үлкен жерге ие болғанын көру – мал-мүлікке ие болады немесе өзге ұлт өкілімен үйленеді.
  4. Жерде отырғанын көрсе – үлкен дәрежеге көтеріледі.
  5. Жерден уыстап топырақ жегенін көрсе – ол адам бақуат болады.
  6. Алдына топырақ жиылып қалғанын көрсе – өмірі ұзақ болады.
  7. Егін егілетін жерден сүдігерге жүргенін көрсе – сүннетті орындамай жүргенін білдіреді.
  8. Түсінде бір адамды көму үшін жер қазып жатқанын көрсе – біреуге айла жасаудың белгісі екенін білдіреді.
  9. Шұңқыр қазып жатқанын көрсе – әйелінен айырылатынының белгісі.
  10. Топырақпен сөйлесіп жатқанын көрсе – ұзақ ғұмыр кешеді.
  11. Арық немесе канал қазып жатқанын көрсе – халыққа қызмет етіп жүргенін немесе үлкен қызметке көтерілетінін білдіреді.
  12. Жерді қазып топырағын жеп жүрсе – мал тауып алады.
  13. Үлкен жерден қыспақ жерге кіру – күнәнің белгісі. Егіндікке қожайын болса – үйленетінін білдіреді. Баласы жоқ болса, перзентті болады
  14. Құмда жүру, топырақ – мал болады.
  15. Құм, ұсақ тас көру – мал болады.
  16. Саз, балшық – адамдарды игі істерге шақыратын тақуа жанмен кездесуді аңғартады.
  17. Топырақты шашу – бір «биғдат» жаңалық іске халықты үндеу.

ЕНДІ ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА ҚАТЫСТЫ КАРТИНА ТОЛЫҚ БОЛУЫ ҮШІН НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ТОПЫРАҚ ТҮСІНІГІ ӨЗЕК БОЛҒАН «АХМЕТБЕК-ЖҮСІПБЕК» ҚИССАСЫНАН БІР ҮЗІНДІ ҰСЫНАМЫЗ:

…Патша айтты: – Мынау менің көрген түсім,

Әуелі мазмұнына өзің түсін,

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Түсімде алтын жиған сарайыма

Барыппын жалғыз өзім болып ісім.

Толтыра бір табағын салып алып,

Ұстадым нақ төбеме бір оңдысын.

Көшені сол бойыммен араладым,

Әлі жоқ қасыма ерген жалғыз кісім,

Бір-екі жолбарысқа қарсы шықтым,

Көрмеген өмірінде бұрын түсін.

Өзіме екеуі де қарсы ұмтылды,

Ашумен шақырлатып қайрап тісін.

Шыдамай айбатына қайта қаштым,

Денеден көрген кезде кетіп күшім.

Төгіліп ділдәм қалды топыраққа,

Басымнан аспанға ұшты қара құсым.

Дамылсыз сонан бері ізденемін,

Біле алмай осы түстің әдірісін.

Жорығаны мынау болды:

–Түсіңде жолбарыс боп көрінгендер,

Басуға аяқтарын ерінгендер –

Үргеніш жұртында бар екі палуан,

Қайраты бойға симай бүлінгендер.

Беклердің Жүсіп, Ахмет есімдері,

Шын атын есіткенде сүрінгендер.

Еліңе сол екеуі келеді екен,

Зарарды патша саған берер екен,

Бірнеше жан ашитын палуандарың

Көшенің ортасында өледі екен.

Сары алтын сарайында жиған малың –

Қара құс басыңдағы ұшқан бағың.

Шашылып топыраққа жоқ боп қалған –

Еліңді сондай шашар, тақсыр ханым.

ДӘЛ ОСЫҒАН ҰҚСАС БАЯН «КӨРҰҒЛЫ» ЭПОСЫНДА ДА БАР. ОНДА ҚЫЗЫЛБАСТЫҢ ШАХЫ ШАҒДАТ КӨРҰҒЛЫНЫҢ ӘКЕСІ РАУШАНБЕКТІ ТҮСІНДЕ КӨРІП ШОШЫНЫП:

…Мен айтайын, тыңда, халқым, түсімді,

Мені бүгін алтын тақтан түсірді.

Хүкімалар, баян айла, бұл қалай,

Алтын тәжді басымдағы ұшырды? – деп жаман түс көргендігін баяндайды. Жырда ол сол түсті игілікке жорымай, жаны тынышталмайтынын айтады:

…Бұл түсімнен сом жүрегім солады,

Мен ойласам, маған махшар болады.

Есім-түсім білмей жаттым далада,

Айналамда қара топырақ борады.

Сөз сөйлеуге отыр келмей мәжәлім,

Дәтім қайтып, пәс болып тұр назарым.

Бұл түсімді байыппенен жорыңдар,

Таппасаңдар әкелемін ажалың!

ТҮЙІН ОРНЫНА:

Әрине, «Түс – түлкінің тезегі» деп айтқан да қазакең. Қандай жағдай болмасын, жан шошытқан жайсыз түстің өзін жақсылыққа жорудың міндет екені даусыз. Бұл жерде айтайын дегеніміз – жер-топырақтың түс жорудағы нышаны еді. Соның ауыз әдебиеті мен наным мәдениетіміздегі көрінісін бір шоғыр теріп берсек деген едік. Мархаба!

Құрастырып, жинаған

Абылайхан Қалназаров

Таңбалар: Абылайхан Қалназаров
Бөлісу57Твитерге36Бөлісу7Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Нанжемес
Ғибратты әңгімелер

Нанжемес

24.11.2025
Отырарға барсаң, ақынмын деме!
Ғибратты әңгімелер

Отырарға барсаң, ақынмын деме!

19.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақ тілін білу міндетті

Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақ тілін білу міндетті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00