Жұма, 14 Қараша, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діни экстремизм ұғымы мен белгілері

11.10.2024
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
375
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Ата заңымыз азаматтардың діни сенімі мен бостандығына кепілдік береді. Әркім қалаған құдайына сеніп, құлшылық құлуға құқылы. Әйтсе де, бұл түбегейлі еркіндік беріліп, бетімен жіберу дегенді білдірмейді. Өйткені, дін адамның санасына тигізер ықпалы зор.

Әңгіменің әлқисасын «Дәстүрлі дін» ұғымынан бастасақ. Бұл терминнің айналымға енгеніне көп бола қойған жоқ. Өйткені, бұрын дәстүр мен дін егіз ұғым саналатын. Алайда қазір қоғамның тыныштығын бұзып, іштен іріткі салуды көздейтіндер азаматтарды діни сенімі арқылы арандатуды қолға алған. Сондықтан да шынайы дін мен экстремистік ағымдардың аражігін ажырату мақсатында «Дәстүрлі дін» ұғымы пайда болды.

Дәстүрлі дін – халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын, дәстүрі мен мәдениетін жоққа шығармай, қайта оны құндылықтармен толықтырып, ұрпаққа қалдырады. Ғылымды жоққа шығармайды. Егер қандай да бір мәселеге қатысты күрделі сұрақ туындай қалса, оның жауабын кітаптардан, ғалымдардың еңбектерінен іздейді. Дәстүрлі діннің өкілдері әр айтқан сөзіне, іс әрекетіне толықтай жауапкершілік алады. Айналасындағы жандарға мейірім танытып, олардың әлеуметтік статусына, ұлты мен дініне қарамастан көмек қолын созуды адами парызы санайды. Қашан да бейбітшілік пен бауырмалдықты, көркем мінезді жоғары қоя біледі.

Ал, экстремистік бағыттағы діни ағымдар ше? Олар сырт көзге өте діндар болып көрінуі мүмкін. Әр сөзін, іс-әрекетін дінмен байланыстырып, көптің көзіне тақуа болып көрінуге ұмтылады. Мұндай ағымдар адам құқығы, зайырылық қағидалар мен демократиялық көзқарас қатаң сақталған мемлекеттік құрылымды құртып, оның орнына диктатура орнатуды көздейді. Заң нормалары мен талаптарын мойындамайды. Сондықтан да, зорлық-зомбылықты, мемлекетті басып алуды ашық насихаттап, қарулы жасақ құруға ұмтылуы мүмкін. Экстремистік ағымдар адамды діни сеніміне қарай бөледі. Өздерінің көзқарасына сай келмейтіндерді кемсітіп, оларға қарсы қылмыс жасауды ашық қолдайды.

Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді

Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді

14.11.2025
«Бозоқ» ұлттық паркіне арналған жаңартылған тұжырымдама бекітілді

«Бозоқ» ұлттық паркіне арналған жаңартылған тұжырымдама бекітілді

14.11.2025

Көп жағдайда экстремистік ағымдардың жетегіне білімі төмен, әлеуметтік аз қамтылғандар мен қоғамдағы орнын жоғалтып алған жандар ілесуі мүмкін. Әйтсе де, бұл білімді адамдар адасқан ағымдар жетегіне ілесіп кетпейді дегенді білдірмейді. Кейде ғалымдар мен көрнекті адамдар да экстремистік ұйымның өкілі болып шығуы мүмкін. Бұған психологиялық факторлар да өз ықпалын тигізеді. Әрі, экстремистік бағыттағы азаматтар көптің алында жүрген зиялы қауым өкілдерін арбауға ерекше мән береді.

Себебі бұл азаматтардың сөзі өтімді болуы мүмкін.

Иә, дін – мемлекеттік биліктен бөлек болса да, қоғамның ажырамас бөлігі. Дәстүрлі діндер мұны мойындайды әрі қоғамдық тыныштық пен ғылым-білімді дамытуға шақырады. Ал, экстремистік ағымдар керсінше мемлекетте қара түнек орнатып, абсолютті билікті уысында ұстауға ұмтылады. Сол арқылы қоғамның дамуына тұсау салып, қараңғылыққа бастайды. Сондықтан да, оған қарсы тұру – маңызды. Бұл ретте жастар арасында діни білімді ресми дереккөзден ғана алуды үндеп, экстремизмге қарсы күресте жұмыла жұдырық бола білу керек.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,

Теміртау қалалық ақпараттық-түсіндіру

тобының мүшесі

Таңбалар: діни экстремизмсектатерроризм
Бөлісу4Твитерге2Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Атырау әуежайында жарылғыш зат бар деген ер адам ұсталды
Жаңалықтар

Атырау әуежайында жарылғыш зат бар деген ер адам ұсталды

10.11.2025
Ағым көсемдері ағартушылыққа қарсы
Видео

Ағым көсемдері ағартушылыққа қарсы

06.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Иман мен имандылықтық сөздерін қалай түсінеміз?

Иман мен имандылықтық сөздерін қалай түсінеміз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді
Сұхбат

Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді

14.11.2025
«Бозоқ» ұлттық паркіне арналған жаңартылған тұжырымдама бекітілді
Жаңалықтар

«Бозоқ» ұлттық паркіне арналған жаңартылған тұжырымдама бекітілді

14.11.2025
Елімізде қанша құлшылық орны бар? (3-тоқсан)
Инфографика

Елімізде қанша құлшылық орны бар? (3-тоқсан)

14.11.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою