Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әбу Ханифа және оның жазған еңбектері

21.10.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
224
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с7) өмірден озғаннан 67 жыл өткенде өмірге келген Нұғман бин Сәбит бин Зута бин Мах 80 (699) жылы Куфа қаласында дүниеге келді. Ислам дінің құқықтық (фиқһ) саласының қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарды, міне осы себептен де жамағат арасында Әбу Ханифа және Имам Ағзам деген лақап атпен танымал болды.

Әбу Ханифа деп аталуының себебі Ханифа есімді үлкен қызы болғаны жайында деректер бар. Сонымен қатар Хаммад және басқада балалары бары да айтылады. Басқа бір дерек көзінде бұлай аталуының себебін, ирактықтар арасында үнемі сия сауыт немесе ханифе деп аталатын сауыт түрін алып жүруі десе, енді біреулері Ханифа сөзіне сүйене отырып, ақиқат пен бағыттан таймайтын адам деп сипаттауынан туындаған. (Ибн Хасер әл-Хейтеми, 32-бет). Міне осындай деректерге сүйене отырып ғұламалардың басым көпшілігі «Ебу Ханифе» дегенді қызының есімі емес, лақап ат және сипаты ретінде қабылдаған.

Ислам дінінің құқықтық жүйесінің қалыптасуында басшылық етуі және шәкірттерінің күш-жігерімен дамып тараған Ирак фиқһ мектебінің негізін қалағаны үшін де «Ханафи мәзһабы» деп аталды. «Ұлы имам» деген мағынаны білдіретін Имам-и Азам деп аталуының себебі де замандастары арасында беделді орынға ие болуы, құқықтық ой мен көзқарастары, ижтиһад әдісінде жаңа тұғырды бұзуы сияқты себептермен түсіндіруге болады.

Алпыс сегіз жыл өмір сүрген Әбу Ханифа 150/767 жылы өмірден озды. Имам Ағзам Әбу Ханифаның өсиетімен Хайзуран мазарлығының шығыс беткейіне жерленді. Қабіріне 459 (1067) жылы Әбу Саад әл-Мустеуфи күмбез орнатып, жанынан медресе тұрғызды. Оның қабірі бүгінде Бағдад қаласының «Азамие» деген шағын ауданында. Бұл ауданның атауы Имам Ағзамның құрметіне берілген.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Имам Ағзам Әбу Ханифның өз қолымен жазған әдебиеттерінің нұсқасы сақталмаса да, бізге дейін жеткен мынадай әдебиеттері бар екені айтылады. Олар:

  • Әл-Фиқһу л-Әкбар – «ең үлкен амал» деген мағынаға саятын бұл әдебиет, сенімдік тұрғысынан жазылып көптеген тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар бұл еңбегінде төрт халифаның мемлекетті басқарудағы әділдігі мен ұстанымының рухани тұстары бейнеленген.
  • Әл-Фиқһу л-Әбсад – бұл еңбек ұлы Хаммад және шәкірті Әбу Юсуф пен Әбу л-Мутиғ әл-Хакамның риуаяттарымен сенімге қатысты жазылған.
  • Әл-Алим Уә л-Мутағаллим – Бұл еңбек Әһли Сүннет Уә л-Жамағаттың сеніміне қатысты сұрақ-жауап ретінде құрастырылған.
  • Әр-Рисала – Әбу Ханифаның Басра қазысы Осман әл-Бәттиге жазған бұл хатында, сенім мәселелеріне қатысты өзіне тағылған кейбір айыптарға жауап береді.
  • Әл–Уасия – Әбу Ханифа өз заманында пікір айырмашылық туындаған тақырыптарды жазады. Сонымен қатар он екі қағида жазылған өсиет кітабы.
  • Әл-Хасидату н-Нуғмание – Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) арнап жазған естелік дәптері. Бұл еңбек, Каир 1282, 1299; Александрия 1288; Стамбул 1279, 1298, 1320 жылдары нұсқаларын қарауға болады.
  • Әл-Муснад. Шәкірттері Әбу Ханифадан риуаят еткен хадистер жинағы. Әбу Ханифа үкім шығарарда дәлел ретінде пайдаланған хадистерді қамтитын еңбек. Сонымен қатар Әбу Ханифаның жиырмадан астам қолжазбасы бар екені айтылады.

Әбу Ханифа құқыққа қатысты мәселеде шәкірті Мұхаммед б. Хасан жазған «Захиру р-риуает» еңбегінің мәтіндері. Бұл еңбек Әбу Ханифаға қатысты көзқарастар мен ижтиһадтарды қамтитын және ханафилер бұл әдебиетті сенімді дереккөз деп санайды. Сонымен қатар бұл еңбектің мазмұны баптар мен тарауларға бөліп жазылып, тазалық, ғибадат, мунакехат, муамалат, худуд, укубат… мұрадан бастап бөлек-бөлек тарауларда жинақталған. Міне осы себептен де, Ханафи фиқһының кодификациясы Әбу Ханифадан басталды деуге толық негіз бар.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

Ислам құқық ғылымдарының (PhD) докторы

Таңбалар: әбу ханифаИсатай Бердалиевханафи мәзһабы
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Шынайы бол…

25.11.2025
Әбу Ханифа және Ханафи ғалымдары мен олардың еңбектері
Ислам

Әбу Ханифа және Ханафи ғалымдары мен олардың еңбектері

15.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Таспихтың абзалдығы

Таспихтың абзалдығы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00