Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тура жолдың белгілері

10.09.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
Фото: Unsplash

Фото: Unsplash

95
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өмір жолы – бұралаң болатыны белгілі. Алайда тура жолда жүретіндер түп мақсатына алқынбай жететіні де – хақ. Тура жолда жүргендер немесе соған тырысып жүргендер – бақыттылар, бақыт мекеніне бет алғандар. Сол үшін күнделікті бес уақыт намазымызда «Фатиха» сүресін қайта-қайта оқып, Алла Тағалаға «бізді тура жолыңмен жүргізе гөр, тура жолыңнан тайдара көрме, тура жолыңның үстінде жанымызды ал» деп жалбарынамыз.

Біздің ойымызша, аяттар мен хадистерге, ата-бабамыздың өсиеттеріне сүйенсек, тура жолдың, тура жолда жүргеніміздің мынандай белгілері бар:

  1. Иман келтіру – Құдайдың Барлығы мен Бірлігіне, Ақырет күніне, тағы басқа барлық иман шарттарына сену;
  2. Иманына сай ғибадат жасау – ғұмыр кешу: шариғат-ізгілік Жолында жүру;
  3. Құлшылық-ғибадатын ықылас дәрежесіне жеткізуге талпынуы: «тек Алла разылығы үшін» деген ниетке бекем болуы; шариғат үкімдерінің ішкі мән-мазмұнына үңілу;
  4. Өмірінің мән-мақсатын түсіну-анықтау;
  5. Адамдарға, жалпы жаратылысқа пайдалы болу;
  6. Ешкімге, ешнәрсеге қиянат жасамау, қолдан келген жақсылықты жасау;
  7. Көп игілігі, оның ішінде ұлты үшін қызмет ету;
  8. Менінен – нәпсісінен көтеріле білу, оны тізгіндей білу, оны тәрбиелеп – ізгілендіру;
  9. «Білгенім – бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз» деген шәкірттік хәлде болу;
  10. Кез келген адамға «Адам» деп қарай алу, сол негізде қарым-қатынас жасау;
  11. «Адам – Ұлы Жаратушының халифы-орынбасары» деген түсінікке жету;
  12. Кінәләу позициясынан – түсіну, ақтау, аяу, жақсы көру, құрметтеу ұстанымына қадам басу;
  13. Қарым-қатынаста: мейірім мен кешірімнің, әділдік пен кеңдіктің, қарапайымдылық пен кішіпейілділіктің, жомарттық пен жанашырлықтың – махаббаттың басым бола түсуі;
  14. Ата-анасына, олардың кім екеніне, кім болғанына қарамастан, асқан құрметпен қарауы: тіпті ішінен «түһ» деп айтпауы – перзенттік орнын терең түсіне бастауы; тегіне үңілуі;
  15. Жұбайына, балаларына «аманат» ретінде қарауы – құрметтеуі, сүйіспеншілікке негізделген қарым-қатынаста болуы;
  16. Туыстарымен, ешнәрсеге қарамастан, жақсы қарым-қатынаста болуы; сыйластық пен көмектің арта түсуі;
  17. Достық, махаббат, адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық, жомарттық, парасаттылық, даналық, кешірімділік, кеңдік секілді құндылықтарды бойға сіңіру, соларды басшылыққа алып өмір сүру;
  18. Білім-ғылымға, өнерге құштар болу; жасампаздық, шығармашыл қасиеттердің артуы;
  19. Кінәні өзінен іздеу, назарды қателіктерді жоюға бұру;
  20. Қателіктерінен сабақ ала білу; мәселені мүмкіндікке айналдыра алу;
  21. Өткенге – сабақ, бүгінге – шүкір, ертеңге – үміт, жан-жағына – махаббат, тағдырына – разылық хәлде жүру; сырттай – харекет-күрес, іштей – қабылдау-сабыр хәліне ұмтылу;
  22. Амал-әрекетіне емес, тұлғалық сипатына – өзінің кімдігіне баса мән беру; жақсы қасиеттерін жетілдіру; мінезін көркемдеу, әдебін әрлеу;
  23. Әрбір істен – мән, әр сәттен – ғибрат, әр адамнан – ұстаз іздеу;
  24. Өз болмысын тану: нәпсілік табиғатынан рухани өзегіне бұрылу, рухына табан тіреп ғұмыр кешу;
  25. Алланың Даралығын – Әлемнің Бірлігін түсіну-түйсіну; адамдармен қарым-қатынаста бірлікке, «бізге» ұмтылу – сүйе білу…

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Таңбалар: имандылықтура жол
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Тақуалық – иман айнасы

02.03.2026
Жастар дінге қалай келеді?
Видео

Жастар дінге қалай келеді?

26.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақ көкпаршылары АҚШ құрамасын жеңді

Қазақ көкпаршылары АҚШ құрамасын жеңді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120940 бөлісті
    Бөлісу 48376 Твитерге 30235
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)
Инфографика

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)

16.03.2026
Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы
Қоғам

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00