Ибраһим Әдһам деген әулие өткен екен. Бір күні қыста тоңып, моншаға түскісі келеді. Монша ақылы екен. Ақшасы болмаған соң, моншашы: «Ақшаң болғанда, кейін кіресің» деп кіргізбей қойыпты.
Ол болса, көңілі түсіп моншаның сыртында жатып қалыпты. Оны көрген адамдар:
«Әй, Ибраһим тұр, патшалығыңнан түсіп қалып, енді моншаға кіруге бір теңге таба алмай қиналып жатқаныңа өкпелеп жатсың ба? Міне біз төлеп береміз, моншаға кіріп шық » дейді.
Сонда Ибраһим Әдһам: «Мен моншаға кіре алмай қалғаныма өкініп жатқан жоқпын. Монша – шайтанның үйі саналады. Осы шайтанның үйіне құр қол келіп кіре алмадым. Алланың жәннаттағы үйіне қалай кіремін? Ана дүниеге құр қол кетсем, жағдайым қалай болады деп қорқып жатырмын» деп жауап берген екен.
Алла баршамызды құр қол қылмай, жақсы амалдар нәсіп етсін!
Қуат ҚАБДОЛДА
И да благословит Всевышний Аллаһ вас в обоих мирах!🙏