Сейсенбі, 17 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Астанада «Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі ашылды

12.09.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
75
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстанның халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Астанада Димаштың көрмесі ашылдыФото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Көрме, Димаштың Астанадағы ауқымды концертіне орайластырылып, оның өнердегі жетістіктері мен шығармашылық жолына арналған маңызды мәдени кеңістік ретінде ұйымдастырылды.

Астанада Димаштың көрмесі ашылдыФото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Бұл көрменің мақсаты — көрермендерге Димаш Құдайбергеннің өмірі мен шығармашылығындағы маңызды сәттерді көрсету, оның ұлттық және халықаралық деңгейде қол жеткізген жетістіктерін айқындау. Экспозицияның негізгі бөлімі әртістің жеке заттары, сахналық өміріне қатысты құнды жәдігерлер мен әлемдік мәдениетке қосқан үлесін айқындайтын экспонаттардан тұрады.

Астанада Димаштың көрмесі ашылдыФото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Көрменің ашылу салтанатына әлемнің 50-ден аса елінен келген көрермендер қатысты, олардың қатарында Қытай, АҚШ, Канада, Ресей және басқа елдердің өкілдері болды.

«Бауырына салу» картинасы үздік фильм деп танылды

«Бауырына салу» картинасы үздік фильм деп танылды

17.06.2025
Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?

17.06.2025
Астанада Димаштың көрмесі ашылдыФото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ашылу салтанатында арнайы хат жолдап, Димаш Құдайбергеннің қазақ мәдениетін әлемге танытудағы рөлін атап өтіп, жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Министрдің хатын мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Қарсақбайқызы Сейітова оқып берді, хатта Димаштың шығармашылығы еліміздің ұлттық өнері мен мәдениетін жаңа деңгейге көтергені атап өтілді.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының әкімі де өз құттықтау хатын жолдады, бұл хатты облыстың ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Мұқтарұлы Байнешов оқып берді. Әкім өз хатында Димаштың туған жерінің мақтанышы екенін және оның әлемдік аренадағы жетістіктері Ақтөбе өңірі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Астанада Димаштың көрмесі ашылдыФото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Көрменің ашылу салтанатында Димаштың әкесі, ҚР мәдениет қайраткері, әнші, композитор Қанат Айтбаев да сөз сөйлеп, жанкүйерлердің әрдайым қолдау білдіргеніне шынайы алғысын білдірді. Әкесінің айтуынша, музыка мен мәдениет шекара таңдамайды әрі адамдарды біріктіретін күшке ие. Сондай-ақ, Қанат Айтбаев жанкүйерлердің қолдауы мен ықыласы Димаштың өнер жолындағы ең басты мотивациялардың бірі екендігін баса айтты.

КөрмеФото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сонымен қатар, жанкүйерлер атынан сөз сөйлеген Канададан келген Чжао ханым Димаштың шығармашылығы мен тұлғасына деген махаббатын жеткізіп, бүкіл әлемдегі жанкүйерлердің оның өнеріне деген шынайы ықыласын білдірді. Чжао ханымның сөзі көрермендер тарапынан зор қолдау тапты.

Ал Гонконгте туған, қазіргі уақытта Норвегияда тұратын Димаштың Catherine есімді жанкүйері Қазақстанға алғаш рет келіпті.

«Димаштың арқасында мен Қазақстанды таныдым, осы елдің мәдениеті мен дәстүрлеріне деген қызығушылығым арта түсті. Бұл – менің Қазақстанға алғаш рет келуім. Қазақстан халқының қонақжайлылығы мен мейірімділігі маған зор әсер қалдырды», – дейді ол.

жанкүйерФото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Димаштың анасы, танымал әнші Светлана Айтбаеваның айтуынша, қытайлық жанкүйерлер қашан да белсенді.

«Димаш Қытай елінен көп нәрсе үйренді, мұны өзі де үлкен ризашылықпен үнемі айтып жүреді. Димаш қай жерде концерт өткізсе де, Қытайдағы көптеген жанкүйер әрқашан оған қолдау көрсетеді. Біз оларға ерекше алғысымызды білдіреміз», – деді ол.

Светлана АйтбаеваФото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Көрмеде бірнеше тақырыптық бөлімдер ұсынылды:

  • «Шабыт көздері» — әртістің балалық шағы, өскен ортасы және шығармашылық дамуын бейнелейтін фотосуреттер мен заттар;
  • «Даңққа апарар жол» — оның кәсіби білім жолындағы дипломдары мен түрлі республикалық және халықаралық байқауларда алған марапаттары;
  • «Жанкүйерлер махаббаты» — әлемнің түкпір-түкпірінен әртіске жолданған жанкүйерлердің сыйлықтары;
  • «Ұлт мәдениетінің жаршысы» — ұлттық мәдениет пен қазақ өнерінің әлемдік аренада танылуына ықпал ететін Димаштың ұлттық аспаптары мен ұлттық киімдері.
Астанада Димаштың көрмесі ашылдыФото: Солтан Жексенбеков / KazinformДимашФото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 

Астанада Димаштың көрмесі ашылдыФото: Солтан Жексенбеков / KazinformАстанада Димаштың көрмесі ашылдыФото: Солтан Жексенбеков / KazinformАстанада Димаштың көрмесі ашылдыФото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Айта кетейік, 13-14 қыркүйек күндері Димаш Құдайберген Астанада екі күн қатарынан жеке концертін береді. Бірегей шоуды тамашалауға 50 елден көрермендер келеді деп күтіліп отыр.

Қайнар көзі: inform.kz
Таңбалар: Димаш Құдайбергенкөрме
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды
Жаңалықтар

Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды

16.06.2025
Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды
Жаңалықтар

Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды

15.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Барлық мешіт ҚМДБ филиалы болуға тиіс

Барлық мешіт ҚМДБ филиалы болуға тиіс

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    36 бөлісті
    Бөлісу 14 Твитерге 9

Соңғы жарияланымдар

«Бауырына салу» картинасы үздік фильм деп танылды
Жаңалықтар

«Бауырына салу» картинасы үздік фильм деп танылды

17.06.2025
Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?
Сұрақ-жауап

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?

17.06.2025
Елімізде қанша миссионер тіркелген?
Инфографика

Елімізде қанша миссионер тіркелген?

16.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00