Сұрақ: Сүрме деген не және оның пайдасы қандай?
Жауап: Сүрме – ұнтақталған қара тас, сүрме сульфиды, басма, усьма және кастор, күйдірілген грек және бадам жаңғақтарынан жасалады.
Мұсылман елдерінде сүрмені кірпіктердің түспеуі мен көздің қуаттануы үшін емдік мақсатында пайдаланады. Сондай-ақ, сүрмені қабаққа, қас пен кірпікке бояу ретінде қолданады.
Көздің саулығы үшін сүрмені кешке жатардың алдында жағып, таңертең жуып тастаса болады.
Шариғатта бөтен адам үшін сәндену мен ер адамға әшекейлену үшін сүрме жағу құпталмайды. Сүрменің пайдасы жайлы пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисдерінде: «Сүрме жағыңдар, ол көз жанарын күшейтеді және кірпікті өсіреді», «Анығында, сендердің ең жақсы сүрмелерің – Исмид. Ол көз жанарын ашып, кірпікті өсіреді» делінген.
Икрам АЙТАЕВ