Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбарымыз өз өсиетінде «ұят» сөзін неге айрықша атады?

30.08.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
101
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) әйгілі бір хадисінде: «Иманның алпыстан астам тармағы бар. Ұят та – иманның бір тармағы» (Бұхари, Муслим).

Осы хадисті естіген сайын менің ойыма мынадай сұрақ келеді де тұрады: «Иман деп отырғанымыз алпыстан астам тармақтан тұрады. Неліктен Алла елшісі басқаларды арнайы атамай, ұятты иманның бір тармағы деді?

Сұраққа жауап бермес бұрын «Ұят» сөзін нақтылап алайық: «Ұят – адамды ұсқынсыз, ыңғайсыз жағдайға душар етуден сақтайтын әдет». Ұяты бар адам Алланың алдында «жаман құл» болмау үшін Алланың қойған шеңберін бұзбайды. Адамдардың алдында абыройсыз болудан, масқара болмау үшін ұятсыз істерден аулақ жүреді. Қысқаша айтқанда, ұят – адамдарды жақсылыққа бағыттайтын, жаман істерден аулақ ететін сезім. Ұяты бар адам Алла алдында да, қоғам алдында да жаман жағдайға ұшырататын қылықтардан шама келгенше аулақ жүреді. Пенделік болмысына қатысты бір жамандық жасаса, ұялып, өкініп, қызарып, өкінеді және тәубе етеді.

Ұяты бар адам пәк болады. Ар-намысы мен пәктігін қорғайды, ар-намысы мен қадір-қасиетіне ұятсыздықтан сақтайды, оларға дақ түсірмеуге тырысады.

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026

Құран бізге бір еркек пен бір әйелдің ұят сезімін бейнелейтін екі үлгісін көрсетеді. Солардың бірі – Жүсіп пайғамбар, екіншісі – Мәриям анамыз. Жүсіп пайғамбар өзінің пәктігі мен адалдығын сақтап, абыройы мен намысына кір келтірмеу үшін жылдар бойы түрмеде отырды. Мәриям анамыз да арына, пәктігіне сөз болмасын деп, «Өлсем ғой» деп, өлімге тәуекел еткен. Міне қазақта «Арым жанымның садағасы» деген сөз осыдан болса керек.

Енді сөз басында қойған сауалымызға келейік: Алла Елшісі (с.ғ.с.) иманның алпыс тармағы және бөліктері бар бір бүтінге теңесе, неге осы бөліктердің біреуін ғана, яғни ұятты ерекше атап өтті?

Жалпы адамзаттың, оның ішінде мұсылмандардың бүгінгі жағдайына қарасақ, ұят сезімі неліктен маңызды екенін түсінеміз. Ар-намыс, пәктік ұғымдары біздің ғасырдағыдай құнын жоғалтқан кезең (уақыт) жоқ. Жалаңаш жүру премиум, жеке өмірге мән берілмейтін, өмірдің әртүрлі тұстарында, әсіресе әлеуметтік желілерде өзін-өзі көрсету шарықтау шегіне жеткен кезеңде иманның құрамдас бөліктерінің ішінде ұят сезімі неге ерекше атап өтілетінін жақсы түсінеміз. Ал енді ақша табу үшін моральдық ережелер еленбей, ұят сезімін жоғалтып алып жатқаны қаншама.

Ұят иманның бір бөлігі ғана емес, сонымен бірге оның құлпы және қорғаушысы. Иман үй болса, ұят сол үйдің құлпы сияқты. Ұрының үйге кіруіне кедергі болатын нәрсе – үйдің құлпы. Үйіңді құлыптамасаң, ұрылар заттарыңды ұрлайды. Ұятың болмаса, жүрегіңдегі иманыңды шайтан ұрлайды. Ұят – иманның өлшемі, таразысы және дәрежесі.

Адамның ұят сезімі жоғары болған сайын, оның иманы да қуатты болады, ұяты жоғалған сайын, оның иманы да әлсірейді. Сенім (иман) бірінші соққыны ұят сезімінен алады. Бір рет шектеулер бұзыла бастағаннан кейін көз бен құлақ, қол мен аяқ, тіл мен ерін иманның әмірі болудан шығып, шайтанның әміріне кіреді. Осылайша, Аллаға құлшылық етуді ұмытқан адам шайтанға қызмет ету үшін бүкіл ағзасы мен санасын пайдалана бастайды.

Ұят сезімінен ажырап қалғанда не болады?

Көз харамға қараудан тартынбайды, тіпті одан ләззат алады! Құлақ харамды тыңдаудан тыйылмайды, тіпті одан ләззат алады! Тіл жаманды айтудан ұялмайды, тіпті қуанады! Қарапайымдылық сезімі жоғалғандықтан, енді қызару, ұят деген болмайды. Адам ұят сезімін жоғалтқанда, ол басқа эмоцияларынан да айырылып, зомбиге айналады. Алланың алдында құл екенін, бұл дүниенің уақытша екенін, бір күні жердің қараңғы қойнына кіретінін, әрбір істеген ісі үшін жауап беретінін ұмытады. Кім не десе десін, бұл менің стилім деген ұстаныммен өмір сүреді. Ешбір сөздің әсері жоқ, ескертуге құлақ аспайды, жүректе діріл, көз жасы жоқ.

Сөзімізді пайғамбарымыздың мына сөздерімен қорытындыласақ. Алла Елшісі (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде адамзаттың күннен-күнге құндылықтарын қалай жоғалтатынын, иманнан қалай алыстайтынын, ақырзаманда ұят сезімін қалай жоғалтатынын баяндаған. Ақыр заман ба, білмеймін, бірақ мен білетін бір нәрсе бар, ғасырымызда ең бүлінген мәдениетсіздік пен ұятсыздық. Ұят кеткенде, жақсы мұсылман болу арманға айналды. Раббымыз жаратылыстарымызға сай, ұят сезімін қалпына келтіруді нәсіп етсін. Ұят, инабат, ар-намыс, пәктік сияқты ізгі қасиеттерден айырмасын.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

Астана қаласы «Діндерді зерттеу» орталығының теолог маманы, (PhD) доктор

Таңбалар: иманИсатай Бердалиевұят
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Жүрек тазалығы – иман нұры

17.01.2026
Ғибратты әңгімелер

Алланың жоспарлағаны болсын

13.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Әділдік рухы» дарыған Ата заң

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00