Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өмір – махаббат мектебі

08.08.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
118
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қасиетті Құран сөзі Алла Тағаланың аса Рақымды, ерекше Мейірімді екенін паш етумен басталады! Ұлы Раббымыз соңғы Елшісін әлемдерге рахмет-мейірім ретінде, Өзінің сүйіспеншілігін таратушы-жеткізуші ретінде жібергенін анық айтты! Сондай-ақ Жаббар Иеміз бізді – адамзат баласын жер бетіндегі орынбасар-халифы қылып жаратқанын ескертті-сүйіншіледі!

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (Ол кісіге Аланың игілігі мен сәлемі болсын!) Жаратқан Иеміздің бізге деген махаббатының туған анамыздың махаббатынан мыңдаған есе артық екенін, керек десеңіз бүкіл тіршілік иелерінің арасындағы сүйіспеншілік – Рахманның махаббат-мейірімінің 100-ден 1 бөлігі ғана екенін жеткізді!..

Шариғат үкімдеріне, Пайғамбар өнегесіне қарасаңыз: ең жақсы қасиет – мейірім, кешірім, өзара құрмет пен сыйластық екенін, ең үлкен құндылық – Махаббат пен Әділдік екенін көресіз! Мысалы: «3 күннен артық ренжіспеңіздер; кім бірінші болып иіліп, сәлем берсе, сол Жұмаққа бірінші кіреді», «Иман келтірмей Жұмаққа кіру жоқ, ал бір-бірлеріңізді жақсы көрмей толық иман келтірген болмайсыздар», «Бірін-бірі Алла үшін жақсы көргендер – Ақыретте Пайғамбарлармен тең дәрежеде болады», «Ақыретте сауабы есепсіз, тоқтаусыз берілетін істің бірі – кешірім», «Расында, Алла Тағала – Жұмсақ, Мейірімді. Сондықтан Ол әрбір істе  мейірімділіктің болуын жақсы көреді» деген секілді хадистер: қарым-қатынаста өзара сыйластық пен сүйіспеншіліктің қаншалықты маңызды екенін ап-анық көрестеді!..

Ал «Ғайбат айтпаңдар, өсек тасымаңдар, орынсыз сынамаңдар, жөнсіз әзілдеспеңдер, айыбын жасырыңдар; тіпті көп алдында сенің қателік-кемшіліктеріңді айтып, масқаралап жатса да, оның күнә-қателіктерін біліп тұрсаң да, айтпа; айтсаң – жеке жерде жанашырлықпен, әдеппен жеткіз; өзгелерге кешірімшіл, өзіңе талапшыл бол» дейтін тыйымдардың түп мәніне үңілсек: адамның абыройын сақтау, беделін түсірмеу, көңілін аялауды, яғни тағы да «құрмет пен сыйластықты, махаббатты сақтау керек» деген үндеуді, даналық ойды көреміз!..

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

Жаны барға жарқын өнеге ретінде жіберілген Пайғамбар өмірбаянын зерттесеңіз де мейірім мен махаббаттың сәулесін сезесіз. Мысалы: Елшінің өз жеке басы-нәпсісі үшін ешқашан ешкіммен ренжісіп немесе өш алмағанын; өзін қорлап, қанжоса қылып қуалап, тіпті өлтірмекші болған дұшпандарына қатысты «Я, Алла, олар білместікпен істеп жатыр, кешіре гөрші» деп дұға жасағанын; қолына билік тиген кезде де әділдік пен мейірімнен еш айнымағанын; дөрекілікпен мойынын қанталатып жіберген адамға жүзін бұрғанда күлімсіреп қарағанын; әйелдері мен балаларға бірде-бір рет қол көтермек тұрмақ, жекіп сөйлемегенін білген кезде – еріксіз түрде жүрегіңнен «Расында хақ Елші! Расында мейірім Пайғамбары!» деген мойындау-махаббат сөзі жарып шығады!..

Ендеше Дін дегеніміз – Ұлы Жаратушының ұлы махаббатын паш ететін, адамзат баласын бақытқа кенелтетін ұлы Ілімі, тура Жолы! Ал біздің ұстанатын баты қағидамыз – махаббатпен өмір сүру! Біздің өтетін сынағымыздың басты мазмұн-мәні – Махаббатты сақтап қалу! Жаратқан Иемізге, Пайғамбарларға, әулиелерге, ғалым-ғұламаларға, ата-ана мен туыстарымызға, жарымыз бен перзенттерімізге, достарымыз бен жолдастарымызға, адам баласы мен күллі жан иелеріне, бүкіл жаратылысқа қатысты махаббатты сақтау! Яғни кімге/неге қатысты болсын құрмет пен сыйластық, жанашырлық пен қамқорлық хәлінде ғұмыр кешу!..

Бұдан шығатын түйін: «Өмір – махаббат мектебі» деп білу. Қайғы мен қуаныштың егіз екенін, шыңға шығу мен құлдыраудың, ізгілік пен зұлымдықтың, періштелік пен пенделіктің қатар жүретінін, келіспеулер мен кектесудің кездесетінін бәріміз білеміз. Біле тұра, басты құндылығымызға жармасып, негізгі міндетімізді – Жүрек қалауын орындайтын боламыз: кез-келген жағдаяттан адамшылығымызды-махаббатымызды сақтап, соның үддесінен шығатын шешімді қабылдаймыз!..

Иә, біз бұл өмірге сүюді үйрену үшін келгенбіз!.. Мен сізді жақсы көрем, бауырым!

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Таңбалар: махаббатмейірімсүйіспеншілік
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)
Ғибратты әңгімелер

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025
Махаббат есігі
Ғибратты әңгімелер

Махаббат есігі

26.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Абай БАЙМАҒАМБЕТОВ: Айкуне – қазақ сынықшылық мектебінің туындысы

Абай БАЙМАҒАМБЕТОВ: Айкуне – қазақ сынықшылық мектебінің туындысы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00