Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әзілхан ТӘЖЕКЕЕВ: Археология саласында «күмәнді адамдар» әлі де бар

15.08.2024
- Сұхбат, Таңдаулы
0
86
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында халқымыздың өткенін түгендеу, тарихи жадымызды қалпына келтіру, соның ішінде археология саласын дамытуға қатысты келелі ойларын ортаға салды. Біз Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты Астана филиалының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD Әзілхан Тәжекеевті әңгімеге тартып, саладағы қордаланған проблемалар жайында сұрап білдік.

– Әзілхан Әуезханұлы, биыл Ұлттық құрылтай отырысында Президент археология саласына қатысты бірқатар сын айтқаны белгілі. Соның бірі – саланы «күмәнді адамдар» жайлап алғанын жеткізді. Бұлар кімдер сонда?

– Президентіміз Ұлттық құрылтайдың былтырғы Түркістанда өткен отырысында да, биыл Атырауда да археология саласын тілге тиек етті. Қазір еліміздің шынайы тарихын қайта жазу қолға алынғанын білеміз. Соның ішінде тарихтың үлкен бір саласы – археологияға да жіті көңіл бөлініп отыр. Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы «күмәнді адамдар» деп археологиялық қазба немесе ғылыми-реставрация жұмыстарын жүргізу үшін лицензия алған қаптаған жекеменшік компанияларды айтты. Бұған дейін бізде лицензия беру үшін қатаң талаптар қойылмады. Соның салдарынан лицензия алған жеке компаниялар саны 200-ге жуықтап қалды.

Дегенмен 2019 жылы 26 желтоқсанда «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заң қабылданып, онда лицензия беру талаптары қатаңдатылды. Бұрын берілген 200-ге жуық лицензия қайтарып алынып, жаңа заң негізінде қайтадан беру басталды. Нәтижесінде саладағы жеке компаниялар саны екі есеге жуық азайды. Бірақ елімізде әлі күнге жұмыстарына жауапкершілікпен қарамайтын жеке компаниялар қаптап жүр. Олардың зерттеу жүргізетін қажетті зертханалары, археологиялық базалары жоқ, үлкен экспедицияларды құра алмайды. Бәрі бірдей қазба жұмыстарымен айналыспайды. Мемлекет басшысы саланың дамуына пайдасы аз осындай күмәнді адамдардан арылу қажеттігін айтты.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

– Президент құрылыс фирмаларына жекелеген жер телімдерінің тарихи-археологиялық маңызы жоқ деген жалған ғылыми қорытындылар беріліп жүргенін жеткізген еді. Мен дұрыс түсінген болсам, сол жалған қорытындыны беріп жүргендер де осы «күмәнді адамдар» емес пе?

– Иә, дәл солай. Құрылыс жүргізетін, мұнай өндіретін немесе жол салатын компанияларға олардың жұмыс істейтін аумағында тарихи-археологиялық ескерткіштер жоқ деп жалған қорытынды беретін жағдайлар көп. Жалпы мұндай қорытынды беру үшін сол аумаққа барып, көзбен көріп, қажет болса, қазба жұмыстары жүргізілуге тиіс. Бірақ жеке компаниялар көбіне бұл іске бизнес тұрғысынан қарайды да, екі жаққа да тиімді болу үшін жұмыстың тез аяқталғанын құп көреді. Жерді игеретін компаниялар үшін ол аумақта тарихи ескерткіштердің болмағаны жақсы. Егер табылып жатса, оны тізімге алып, зерттеу керек, республикалық немесе жергілікті маңызы бар ескерткіш деген мәртебе берілуге тиіс. Мұның бәрі біраз уақытты алады. Өкінішке қарай, археология саласының лицензиясын алған тарап та, жерді игеретін тарап та өз аумағынан тарихи-археологиялық ескерткіштің табылғанын қаламайды. Содан тексеру жүргізбестен «бармақ басты, көз қыстылық» жолмен жалған қорытынды бере салады.

– Елімізде кәсіби археологтар аз. Оны Президент өз сөзінде айтқан болатын. Қазіргі күні бізде археолог мамандар қандай оқу орындарында дайындалады?

– Археолог мамандарды санаулы ғана оқу орындары дайындайды. Олар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. Бірақ олардың шығарып жатқан мамандары көп емес. Өйткені грант аз бөлінеді, оқуды бітіргесін жұмыспен қамту жағында проблемалар бар. Бәлкім насихат та жетіспей жатқан шығар. Соның салдарынан археология мамандығын таңдайтын талапкерлер қатары да қалың емес.

Дегенмен соңғы кезде бізді қуантатын жағдай – аймақтардағы бірнеше жоғары оқу орындары жанынан елімізде кешенді археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізетін бірден-бір мекеме Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының институт филиалдары ашылды. Мәселен, қазір Астана филиалы, Солтүстік Қазақстан филиалы және Ақтөбеде Батыс Қазақстан филиалы жұмыс істейді. Одан бөлек, бірқатар облыста ғылыми-зерттеу орталықтары бар. Олар да университеттер жанынан құрылып, өз кезегінде сапалы ғылыми зерттеулерін жүргізіп, маман дайындауға атсалысып жатыр. Сонымен қатар, Берел, Ботай, Отырар, Есік, Таңбалы тас секілді белгілі көне ескерткіштер төңірегінде құрылған мемлекеттік музей қорықтар да осы салада зерттеулер жүргізіп жатыр.

– Ұлттық құрылтайда Президент қарақшы-археологтар проблемасын көтеріп, олар соңғы жиырма жыл ішінде аса маңызды археологиялық ескерткіштерді әбден тонап, тіпті шетелге сатып жібергенін айтты. Бұған тосқауыл қою үшін не істеу керек?

– Қарақшы археологтар проблемасы қазір барлық елде бар. Біздің елімізде де көп. Өкінішке қарай, Археология институты тарапынан мұндай келеңсіздікке қарсы шара қолданатын құзыретіміз жоқ. Олар металл іздейтін құрылғылармен өз экспедицияларын жүргізіп, жер астынан жәдігерлерді тауып, шетелге сатумен айналысады. Ондай оқиғалар тіркеліп жатыр.

Мен өзім де бірнеше рет осындай жағдайға тап болдым. Бірде ежелгі ірі тарихи қорым саналатын Жент қаласының орнында үш адамның жерді қазып, көне тиындарды іздеп жатқан жерінен түстік. Олардың автокөліктерін суретке түсіріп, тиісті орындарға арыз бердік. Бірақ бұдан ешқандай нәтиже шыққан жоқ.

Тағы бірде ежелгі Баршынкент қаласы орнында қазба жұмысын жүргізу барысында екі жігіттің қалашық жанынан көне тиындарды қазып алып жатқанын көріп, қолға түсірдік. Сол жерде полиция шақырып, хаттама толтырылды. Осы орайда айта кетер жайт, ішкі істер саласының қызметкерлері қарақшы археологтар мәселесімен жиі бетпе-бет келмегендіктен тарихи-мәдени ескерткіштерге қатысты заң талаптарын біле бермейді. Облыстарда осы салаға маманданған полиция қызметкерлерінің болғаны жақсы еді. Өйткені тәртіп сақшылары кейде қарақшы археологтарды ұстаған жағдайда да оларға қандай шара қолдануды білмей жататыны бар.

– Енді шетел асып кеткен сол жәдігерлерді елге қайтару мүмкін бе? Мысалы Президент өз сөзінде тарихи жәдігерлерімізді шетел мұражайларынан елге қайтару жұмыстарын жандандыру маңызды екенін айтты. Бұны қалай жүзеге асыру керек?

– Бұл өте қиын мәселе. Бірақ біз қол қусырып отырмай, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, кеңес заманына ел аумағындағы археологиялық ескерткіштерде көбіне Мәскеу мен Ленинградтан келген экспедициялар кешенді қазба жұмыстарын жүргізді. Олар табылған жәдігерлерді өздерімен бірге алып кетті. Ал 1998 жылы Ресейде жаңа заң қабылданып, кеңестік кезеңде табылған жәдігерлердің бәрі Ресей Федерациясының мұрасы болып жарияланды. Енді оларды елге қайтару – үкіметаралық келіссөздер арқылы шешілетін мәселе.

Бір мысал айтайын. 1946 жылдан 1991 жылға дейін «Хорезм» археологиялық-этнографиялық экспедициясы Арал маңы мен Сырдарияның төменгі ағысында археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сол аумақтан табылған заттар қазір Мәскеудің бірнеше ғылыми орталығында сақтаулы тұр. Мен қазір жас ғалым ретінде ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын «Шығыс Арал маңының археологиялық мұраларын өзектендіру («Хорезм» археологиялық-этнографиялық экспедициясының жаңа архивтік деректерін жүйелеу») жобасы шеңберінде жұмыс істеп жатырмын. Мақсатымыз – аталған экспедицияның архивтерін, ғылыми есептерін, далалық күнделіктерін, сызбаларын, әуеден түсірген суреттерін зерттеу, табылған заттарды суретке түсіру, жарияланбаған жәдігерлерін ғылыми айналымға енгізу. Біз бұған дейін осы тақырыпта бірнеше кітап жарыққа шығардық. Алдағы уақытта да бұл жұмыстарды жалғастыра бермекпіз.

– Ұлттық құрылтайда Президент археология саласына қатысты заңдарды жетілдіру қажеттілігін де айтқан болатын. Сіз маман ретінде қандай өзгерістер енгізілуі керек деп ойлайсыз?

– Қазір «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басында Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан археолог мамандар, заңгерлер, ғалымдардың басын қосқан жұмыс тобы құрылып, бірнеше отырыс өткізіп, заңға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстар жасады. Оның ішінде лицензия беру мәселесі де бар. Мәселен бұрын лицензия шектеусіз мерзімге берілетін болса, бұдан былай белгілі бір мерзімге ғана беру ұсынылып жатыр. Оның өзінде археологиялық базасы, зертханалары бар, көп жылдан бері осы салада жұмыс жүргізіп келе жатқан ғылыми орталықтарға баса мән берілетін болады. Ал тәжірибесі аз күмәнді жеке компанияларға басқа талаптар қойылмақ.

Одан бөлек, археологиялық зерттеу орталықтарын құру, табылған тарихи жәдігерлерді сақтайтын ұлттық қор құру секілді ұсыныстар бар. Сонымен қатар Ұлттық құрылтайда айтылған мәселелерді қамтитын өзге де өзгерістер мен толықтырулар енгізу күтіліп отыр.

– Мемлекет басшысының айтқан сынынан қорытынды шығару үшін басқа қандай жұмыстар қолға алынып жатыр?

– Қасым-Жомарт Кемелұлы былтырғы Ұлттық құрылтай отырысында Археология институтын жаңғыртып, жұмысына тың серпін беру үшін барынша жағдай жасауды тапсырған болатын. Нәтижесінде қазіргі таңда бірқатар келелі бастама қолға алынды. Бірнеше ғылыми зертхана ашылып, жұмыс істеп жатыр. Мысалы, жануарлардың сүйектерін зерттеумен айналысатын остеология зертханасы бар. Бұрын біз шетелден ғалымдарды шақырып немесе табылған жануарлардың сүйектерін шетелге жіберетін едік. Қазір мұның бәрін өз мамандарымыз жасайды.

Сонымен бірге, институт жанынан антропология зертханасы құрылды. Ол жерде адам сүйектерін зерттейді. Бізде әзірге генетикалық талдау жасауға мүмкіндік жоқ, бірақ қазба жұмыстары кезінде табылған антрополгиялық материалдарды тіркеп, жинақтап, оның базасын жасау қолға алынды. Бұл болашақта генетикалық талдаулар жасау үшін дерекқор ретінде пайдасын тигізетін болады.

Одан бөлек, табылған затты әрі қарай зерттеп, қалпына келтіріп, ғылыми айналымға енгізетін зертханамыз бар. Біз археологияны тек қазба жұмысын жүргізіп, жер астынан шыққан жәдігерлерді музейге апарып қою деген түсініктен арылуымыз керек. Археологиялық зерттеулер дегеніміз – пәнаралық зерттеулердің қорытындысы, ол жерде физика, география, геология, геоморфология, остеология, антрополгия секілді көптеген ғылымның басы бірігеді. Сонда ғана археология саласы дамиды. Біз осы бағытта біртіндеп алға жылжып, табысқа жетіп келеміз. Алдағы уақытта да осы бағыттан таймай, Президентіміз көтерген мәселелердің шешімін табу жолында еңбек ете береміз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен – Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Археологиябасты тақырыпПрезидент Қасым-Жомарт ТоқаевтарихҰлттық құрылтай
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Құран – білім кітабы

Құран – білім кітабы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00