Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Төлей ишан және Аман Төлеев

01.07.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
82
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

2018 жылы Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жаңа мешіт ашылып, оған Төлей ишанның есімі берілді. 362 әулиенің мекені саналатын өлкеде ХІХ ғасырда мешіт-медресе ашып, бала оқытып, асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосқан, емшілігімен де аты шыққан Төлей Құдайбергенұлы жайында сол кезде алғаш рет естіген едік.

Бұл құлшылық үйін адайдың ішіндегі бегей руынан шыққан ишанның ұрпақтары тұрғызған. Дегенмен біз интернетті қарап, Төлей ишан туралы мардымды мәлімет таба алмадық. Тіпті 1997 жылы Әбіш Кекілбайұлының жетекшілігімен жарық көрген «Маңғыстау» энциклопедиясында да ишан жайында ешбір ақпарат жоқ болып шықты. Басқұдық ауылында мешіт ашылғанда ғана жергілікті ақпарат құралдарында аздаған мәлімет беріліпті.

Дегенмен өткен жылы осы Kazislam.kz сайтында Маңғыстау облысында тұратын Дүйсенбек Төлеев есімді ишанның тікелей ұрпағы, яғни шөбересі жайында мақала жарияланды. Жетібай ауылының тұрғыны Дүйсенбек ағаның айтуынша, өзінің әкесі Алдас 1991 жылы қайтыс болар алдында ұлына ишан атасының зиратын табуды аманаттапты. Оған дейін Төлей ишан жайында халық аузында көптеген аңыздар айтылып жүргенімен, оның қайда жерленгені белгісіз болып келген екен. Содан бабасының жатқан жерін 15 жыл бойы іздеген Дүйсенбек аға зиратты 2006 жылы наурыз айында Бекет ата мешітінен күншығыс жаққа қарай 50 шақырым жердегі Қаражар дейтін қорымнан тауыпты.

Оның айтуынша, Төлей ишан Құдайбергенұлы 1811 жылы туып, 1895 жылы дүние салған. Бұхарадағы медреседе 7 жыл оқып, «ишан» атағын алып  елге келген соң Қаражар деген жерде мешіт ашып, бала оқытқан. «Балаларға діннен дәріс беріп қана қоймай, Бұхарадан үйреніп келген диқаншылықтың да қыр-сырына баулып, мешіт жанынан бау-бақша салған», – дейді ол. Төлей ишан шәкірттері ішінен елге танымал адамдар да көптеп шыққанын айтады. Олардың қатарында маңғыстаулық атақты геолог ғалым Оразмағамбет Тұрмағамбетұлын, Қосмағамбет және Бегей Рахматулла ахундарды атауға болады.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Ишанның өз кіндігінен 4 бала тараған. Олар – Айтмағамбет, Әлмағамбет, Ермағамбет және Есмағамбет. Соның ішінде ортаңғы екі баласы – Әлмағамбет пен Ермағамбеттің қабірлері әкелерінің екі қапталында жатыр. Әлмағамбеттен Қыдырмолда туған, оның баласы – Аман. Ермағамбеттен Алдас, одан Дүйсенбек аға тарайды.

Аман деп отырғанымыз – өткен жылы ғана өмірден озған ресейлік саясаткер, ұзақ жыл Кемеров облысын басқарған Аман Төлеев. Бұл кісінің Маңғыстау жерінде өмір сүрген атақты дін қайраткерінің тікелей ұрпағы, яғни шөбересі екенін бүгінде көп адам біле бермейді. «Интернетте оның әкесінің есімі Молдағазы деп қате жазылып кеткен. Шын есімі Қыдырмолда» дейді Дүйсенбек аға.

«Қабірді 15 жыл бойы іздеп тапқан соң атамыздың басына құлпытас орнаттым. Зираттың орнын видеоға түсіріп, 2009 жылы Аман Төлеевке жіберген едім. Ол кісі өз атасының қабірі табылғанын көргеннен кейін Маңғыстауға адамдарын аттандырыпты. Олар мені іздеп келіп, губернатордың атынан «За веру и добро» медалін тағып кетті (суретте)» дейді Дүйсенбек аға.

Иә, дін атаулыға қырғидай тиген кешегі кеңестік саясаттың кесірінен есімі ұмытыла жаздаған дін қайраткерлерінің халық жадынан өшпей қайта ұлықтала бастауы, ұрпақтарының ата-бабасымен қауышып, тарихи әділеттілік орнағаны жақсы ғой. Дегенмен осы оқиғаның бір назар аударарлық тұсы да жоқ емес. Әңгімеміздің басында айтқандай, өңірге әйгілі ишан мешіт-медресе ұстап, бала оқытып, бүкіл саналы ғұмырын ислам дінін насихаттауға арнаған адам болса, оның ұрпақтарының ішіндегі бәлкім ең атақтысы Аман Төлеев өмірден өткенде өзге діннің ғұрпымен жаназасы шығарылып, жер қойнауына берілгенін бәріміз де көрдік. Зайырлы мемлекетте бұнда тұрған ештеңе жоқ деуге де болар, әрине. Дегенмен мұсылмандық жолда аянбай тер төккен ғұламаның ұрпағы өзге дінді қабылдап, ата-баба сүрлеуінен ауытқуы көңілге кірбің ұялататынын да жасыра алмайсың. Бұл адамның кінәсі ме, заманның кінәсі ме, енді оны анықтап жатудың керегі де шамалы. Бір кем дүние…

Жасұлан БАҚЫТБЕК

Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Имани жаз-2024: Астанада сауат ашу науқаны қорытындыланды

Имани жаз-2024: Астанада сауат ашу науқаны қорытындыланды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00