Жұма, 1 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Оралда домбыра музейі ашылды

10.07.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
84
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Орал қаласында ерекше Домбыра музейі ашылды. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі болып ашылған жаңа мұра­жайда ұлттық аспаптың тарихы және өңірден шық­қан майталман күйші-домбырашылар толық қамтылған.

«Домбыра – ұлттық рух» деп аталған жаңа музейдің ашы­лу салтанатына Батыс Қа­зақстан облысы әкімінің орын­басары Бақытжан На­рымбетов арнайы келіп, музей меймандарын Ұлттық дом­быра күнімен құттықтады. «Жа­ңа музей заман көшінен қал­майды, жаңа қарқынмен, жа­ңаша серпінмен жұмысын жал­ғайды деп сенемін», деді өз сөзінде Бақытжан Хаберұлы.

Жиында өңірге танымал тарихшы, өлкетанушы, мәдениет саласының ардагері Жайсаң Ақбай да құттықтау сөз сөйлеп, тарихтың ұзақ көшінде қазақ халқы тудырған ғажайып күй өнерінің ерекше бағалы екенін айтты. Он саусағынан күй төгілген күйшіні халық ел би­ле­ген көсем, дау тоқтатқан ше­шен, ақиық ақынмен қатар құрметтегенін баяндады.

Осы күні музей қорына әйгілі Ықылас Дүкенұлы ұста­ған қобыздың көшірмесін Дина Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптары ака­демиялық оркестрінің со­лист-қобызшысы, өнертану кандидаты, Мәдениет сала­сының үздігі, Ықылас ата­мыз­дың ұр­пағы Ақнар Тәтті­байқызы ресми түрде табыстап, Ықылас Дү­кенұлының «Аққу» күйін орындады.

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026

Жаңа музейдің ашылуына Қазақстанның еңбек сіңір­ген мәдениет қызметкері, күйші-домбырашы Ермек Қазиев, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, домбыра­шы-шебер Едіге Нәбиев, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры Нұр­жан Сертеков, «Орал сазы» фольклорлық-этно­графиялық ансамблі, БАҚ өкілдері, музей қызметкерлері қатысты.

Шығыс стилі байқалып тұратын көне ғимаратта орна­ласқан Домбыра музейі 4 залдан тұрады. Оның алғашқысы – Домбыра тарихы залы. Мұн­да домбыраның көне түрлері, тіпті Алтай тауының бір үң­гірінен табылған, V ғасыр­дағы көне түркі дәуіріне жататын абыз домбыраның макеті, күй өнеріне байланысты қазақ аңыздарының суреттері, ХІХ-ХХ ғасырға жататын домбыралар коллекциясы қойылған.

Екінші, Құрманғазы Сағыр­байұлы атындағы залда күй атасының 1962 жылы БҚО му­зей қорына алынған сауыты алғаш рет экспозицияға қо­йылған. Сондай-ақ ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының суреті мен домбырасы, Құр­манғазының суреті мен дом­бырасының көшірмесі, төре күйлерінің негізін салушы Дәулеткерей Шығайұлының суреті, Дина Нұрпейісованың домбырасы мен шапаны, күйші Сейтек Оразалыұлының бейнесі және қазақтың киіз үйі қойылған.

Үшінші зал «Құрманғазы оркестрі залы» деп аталады. Мұнда аты айтып тұрғандай, Құрманғазы оркестрінің негізін қалаушы Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Лұқ­пан Мұхитов, Қамбар Ме­детов, Махамбет және Нау­ша Бөкейханов және т.б. тұлға­лардың фотосуреті, Қали Жан­тілеуов, Оқап Қабиғожин және Тұяқберді Шәмеловтің дом­быралары, Шамғон Қа­жығалиевтің костюмі, оркестр­да ойналған аспаптары мен сахналық киімдері қойылған.

Ал «Батыс өңірінің домбырашылары залы» деп атал­ған төртінші залда Батыс өңі­рінің күйшілік және ән­шілік мектебі өкілдерінің фотосуреттері, домбыралары және сахналық киімдері қойылған. Мәмен Ерғалиұлы, Меңдіғали Сү­лей­менов, Ер­ғали Есжанов, Макар Жа­паров, Мұхит Битенов фото­суреттері, Ғарифолла Құр­манғалиевтің сахналық киімі, дәс­түрлі әнші Қаламқас Ора­шеваның сахналық киімі, Жақсылық Сәрсенғалиев, Қа­лампыр Рахимова және т.б. тұл­ғалардың фотосуреті, Ба­тыс өңірде алғаш құрылған оркестрлердің фотосуреттері мен домбыралары қойылған.

«Қазақ күй өнерінде Батыс Қазақстан өлкесінің орны ерекше. Сондықтан Орал қаласында домбыра музейін ашу туралы көптен ойланып жүрген едік. Осы идеямыз дәл бүгін – Ұлттық домбыра күні жүзеге ас­қанына қуаныштымын», дейді об­лыстық тарихи өлке­тану музейі­нің директоры Мирболат Ерсаев.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

Таңбалар: Орал қаласы
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Оралда қажет намазы оқылды
Жаңалықтар

Оралда қажет намазы оқылды

15.04.2024
Бас мүфти Орал жастарымен кездесті
Жаңалықтар

Бас мүфти Орал жастарымен кездесті

09.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Барлық баланың тұсауын кесу міндет пе?

Барлық баланың тұсауын кесу міндет пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123545 бөлісті
    Бөлісу 49418 Твитерге 30886
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5261 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3079 бөлісті
    Бөлісу 1232 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3346 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 837

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00