Жұма, 20 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәңгілікпен үйлесу

17.07.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
93
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ғаламат шеберлікпен жаратылған Әлеммен үйлесіп өмір сүру – бақыт кепілі. Өміріміздің белгілі бір кеңістікте, белгілі бір уақыттың аясында өтетіні белгілі. «Кеше-бүгін-ертең» деген уақыт өлшемінің ішінде жігіттікпен қоштасып, орта жаспен достасып, қазыналы қарттықтан үміт етіп жүріп жатқан жайымыз бар. Бірақ өмір зырлап өтсе де, көңіл қартаймайтынын, тән тозғанымен, жан көнермейтінін, рух асылдығын жоғалтпайтынын біразымыз білеміз. Жалған дүниенің ішінде жүріп Ақиқатқа ұмтылып, мәңгілікті аңсаймыз. Өзіміздің бір Бүтіннің бөлшегі екенімізді, Мәңгіліктің бір үзігі екенімізді сезінеміз…

Ардақты Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) Миғраж оқиғасына қатысты айтылатын «Уақыт ішіндегі уақыт» қиссасына, жалпы Миғраж кереметіне және «Негізінде Алланың қасындағы бір күн – сендер (жер бетінде) санайтын мың жылмен тең» («Хаж» сүресі, 47-аят) немесе «Ол жоғарғы орынға періштелер және Жәбірейіл мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады» («Маъариж» сүресі, 4-аят) деген аяттарға қарасақ, мәні мен жағдайына, орнына қарай уақыттың өлшемі өзгеретінін, уақыттың да иесі – Алла Тағала екенін түсінеміз…

Тәнге байланған нәпсілік өзек арқылы тіршілік ету немесе Ұлы Жаратушымыз «үрлеп» салған («Хижр» сүресі, 29-аят)[1] рухты негіз еткен ғұмыр кешу – бізге берілген таңдау. Абайша айтсақ: «мен» менен «менікін» ажырата білу, ар-иманмен күн кешуге тырысу – жүрер Жолымыздың мазмұны. Нәпсіге байлану, сол «дүрбімен» қарап, соның құндылықтарымен өмір сүру – жалғанның жетегінде жүру. Ал рухани өзегімізді танып, имани құндылықтармен өмір сүру – Хаққа бастар, мәңгілікке қауыштырар тура Жол. Осылайша мәңгілік негізімізді тауып, оны өзек етіп ғұмыр кешу – «суреттен» мән-мазмұнға өту болмақ; жалғанның ішіндегі ақиқатқа, уақытшаның ішіндегі мәңгілікке қауышу болмақ…

Осы сырды түсінген жан өлім қорқынышынан, уақыт қысымынан, дүние шабуылынан, нәпсінің адасуынан, шайтанның азғыруынан алыстамақ; ішкі еркіндікке жетпек…

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026

Ұлттық құндылықтар жат діни идеологияларға қарсы иммунитет бола ала ма?

19.03.2026

Біздіңше «Мәңгілікпен үйлесу» дегеніміз осы. Анығын Алла біледі!..

Алғадай Әбілғазыұлы

[1] «Оның жаратылысын тамамдап, рухымнан үрлеген (жан салған) сәтте оған сендер (періштелер) сәжде етіңдер!»

Таңбалар: Алғадай Әбілғазыұлыбасты тақырыпӨмірсенім
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты
Жаңалықтар

Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

19.03.2026
Конфессияаралық келiсiм – қоғам дамуының стратегиясы  
Мемлекет және дін

Қазақстан – дінаралық достықтың мекені

19.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Баян-Өлгей: зиялы қауым өкілдерімен сұхбаттасты

Баян-Өлгей: зиялы қауым өкілдерімен сұхбаттасты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121232 бөлісті
    Бөлісу 48493 Твитерге 30308
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1601 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    414 бөлісті
    Бөлісу 166 Твитерге 104

Соңғы жарияланымдар

Ұлт келешегін айқындайтын құжат
Мемлекет және дін

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

20.03.2026
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған
Сұрақ-жауап

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026
Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

20.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00