Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Бәрінен бұрын «білмеймін» деуді үйрету керек»

18.06.2024
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
147
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ертеректе ғұламалардан бірі, медреседе дәріс беретін ұстазға шәкірттерін нұсқап:

– Бұларға не үйретіп жатырсың? – деп сұрайды. Сонда ұстаз:

– Сарф, фиқһ, хадис, – деп бірталай ғылымды тізбектей жөнелтіпті. Әлгі ғалым басын шайқап:

– Жо-оқ! Бұларға бәрінен бұрын «білмеймін» деуді үйрету керек, – деген екен.

Құлдың құлы

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026

* * *

Бір күні Имам Мәлікке бір мәселе жайлы сұрақ қойылады. Ұлы Имам:

– Білмеймін, – деп жауап береді. Сұрақ қоюшы кісінің «Негізінде бұл жеңіл, әрі оңай мәселе еді ғой» дегенін естігенде, Имам Мәлік ашуланып:

– Ғалымда жеңіл нәрсе жоқ. Алланың: «Әлбетте, Біз саған ауыр бір сөз уахи етеміз» («Мүзәммил» сүресі, 5-аят) деген аятты естімедің бе? Сондықтан, ғылымның барлығы ауыр. Әсіресе, қиямет күні сұраққа тартылатын ғылымыңыз, – депті.

* * *

Аталмыш екі оқиғадан төмендегі мәселелерді аңғаруға болады. Діни мәселелерде пәтуа беретін адам білмейтін тақырыбында ешнәрсе айтпауы тиіс. Ең болмағанда іздестіріп, зерттеп, «кейін жауабын беремін», – деуі керек екен. Бұл нағыз ғалымға жарасатын қасиет.

Ал енді білгіштеніп, әр мәселеде пәтуа беретін болса, әрі бұл дүниеде, әрі ақыретте өкініште қалатын әрекет. Ертең ақыретте, Алла Тағала: «Жаңылыс пәтуа беріп, адамдардың қате жасауына себеп болдың» деп айыптағанынан гөрі бүгін адамдардың «ешнәрседен хабары жоқ» деп, бұл дүниеде айыптағаны мың есе артық емес пе?!

Дін атын жамылған ағымдардың оңды-солды пәтуа беруі исламның ешбір ғылымына  сай келмейді. Керісінше дұрыс емес пәтуа беру арқылы көптеген адамдардың өмірін ойранын шығарып, қор ету зұлымдығы тұрғанын аңғаруға болады.

Жастардың бойында еліктеушілік көп болады емес пе?! Қазіргі таңда сол жастардың басым бөлігі әлеуметтік желіге тәуелді. Теріс пиғылды топтар осы бір «тәуелділікті» ұтымды пайдаланып отырған секілді.

Желіде жаңылған жастар аз ғана уақыттың ішінде адасуда. Адасқандарымен қоймай  зорлық-зомбылық, мұсылман бауырын кәпірлікпен айыптау, намаз оқымаса ағайын-туыспен қатынас үзу, өмір сүріп жатқан мемлекеттің заңдарын мойындамау, өзімен пікірлес болмағаны үшін басқалармен қарым-қатынасты үзу, қоғам мүшелеріне құрметсіздікпен қарау, бүлікке шақыру секілді ұстанымдарын басқаларына да үгіттеп келеді. Осындай теріс үгіттерден сақтануымыз үшін қоғам болып діни сауатсыздықпен күресуіміз керек.

Жастарымызға дінін, ділін, отанын, дәстүрін құрметтейтіндей сезім, ақ пен қараны ажырата аларлық терең білім беруіміз қажет. Лайым, жастарымыздың рухы биік, көзі ашық, көкірегі ояу болсын дейміз.

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: деструктивті діни ағымдардіни ағымдарпәтуа
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Исатай БЕРДАЛИЕВ: Діни құндылықтар – бейбітшіліктің тірегі
Сұхбат

Исатай БЕРДАЛИЕВ: Діни құндылықтар – бейбітшіліктің тірегі

11.03.2026
ЖИ-ден пәтуа сұрау – жаңсақтық
Видео

ЖИ-ден пәтуа сұрау – жаңсақтық

11.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қажылар туралы хикаялар – 13

Қажылар туралы хикаялар – 13

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120868 бөлісті
    Бөлісу 48347 Твитерге 30217
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00