Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мешіт ережесін сақтау – баршаға міндет

18.05.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
121
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адамдардың өз араларынан шыққан басшыға бағынуы – міндет. Бұл – мұсылман ғалымдарының ортақ пікірі. Сондай-ақ ол қасиетті Құран аяттары мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистеріне негізделген.

Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға қалтқысыз бағыныңдар, Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ, өз араларыңнан (өздерің сияқты мүмін) болған басшыларыңа бағыныңдар»[1] – дейді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болса: «Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсыныпты. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбапты. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны, оған қарсы келгені шын мәнінде маған қарсы келгені»[2], – деп айтқан.

Имам ибн Хажар әл-Асқалани жоғарыда аталған хадиске түсініктеме бере отырып, былай деп жазады:

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

«Бұл хадисте күнәдан басқа барлық нәрседе басшыға мойынсұнудың міндеттілігіне нұсқау бар. Ал басшыларға бағыну туралы өсиеттің хикметі – халықтың бірлігін сақтау, өйткені келіспеушілік бүлік мен жамандыққа әкеледі».

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мешіттердің ішкі тәртіп ережесі» құжатына сәйкес «Мешіт жамағаты (бес уақыт намазға қатысушы, уағыз тыңдаушы, сауат ашу, Құран курстарының шәкірттері, жеке мәселеде келушілер) мешіттің ішкі тәртібінде қарастырылған барлық міндеттемелерге бойұсынуға міндетті».

Имамдар мешіттің ішкі тәртібін қадағалап, толық сақталуын қамтамасыз етеді. Себебі олар – мешіттің басшысы. Оларға қарсы шығу, айтқанын орындамау басшыға бағынбау болып саналады.

Жамағат намазы мұсылмандардың арасындағы бірлікті, бауырластықты күшейтіп, имамға бағынуға себеп болады.

Дегенмен мешіт тәртібіне бағынғысы келмейтін, Әбу Ханифа мәзһабы мен салт-дәстүрімізді мойындамайтын, мемлекеттік құқықтық нормаларды сақтамайтын, қоғамымыз бен елімізде қалыптасқан зайырлы құндылықтарды құрметтемейтін жат ағымның жетегінде жүрген азаматтар имамның сөзі мен мешіттің тәртібіне бағынбай, соның ішінде жамағат намаздағы «әмин» сөзін дауыстап айтатын азаматтардың да бар екенін білеміз.

Ханафи мәзһабы бойынша «Әминді» іштен айтудың дәлелдері:

Бірінші дәлел. «Әмин» сөзі дұға саналады. Оның мағынасы – Дұғаны қабыл ет! –  дегені.

Дұғаны қалай қылу жөнінде Құранда:

«Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді»[3] деген.

Осы аятқа қарағанда «әминді» іштен айтудың қажеттігі шығады. Ато ибн Әбу Рабах (Алла рахымына бөлесін): «Әмин – дұға»[4] – деген.

Ибраһим ән-Нахағи (Алла оны рахымына алсын): «Бес нәрсе – «Субханака», «Тағаууз», «Бисмилләһир Рахманир Рахим», «Әмин» және «Аллаһумма Роббанә ләкәл-хамдты» имам іштей құпия айтады»[5] деген.

Екінші дәлел. Әбу Уаил (Алла оған разы болсын) риуаят етеді:

«Омар және Али (Алла оларға разы болсын): «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  Бисмилләһир Рахманир Рахимды да, «әминді» де дауыстап айтпайтын еді»[6],- деген». Хазіреті Али  мен Абдулла ибн Масғуд (Алла оларға разы болсын) сияқты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанында әрдайым бірге жүрген, өте ілімді сахабалардың «әминді» іштерінен айтуы да күшті дәлел болып саналады. Ханафи ғұламалары тап осы мағынадағы басқа да аты мәшһүр сахабалардың риуаяттарын келтіреді.

Үшінші дәлел. Намаз – өте маңызды ғибадат. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаз парыз болған күннен бастап әр күні намазды жамағатпен оқыған. Ол кісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалай намаз оқығанын барлық сахабалар көріп байқап отырған. Егер «әминді» дауыстап айту абзалырақ болғанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның ара-жігін ажыратып берген болып және бұған еш күмән да қалмас еді. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі имам болып, кейде үйрету үшін бірінші саптағылар еститіндей қылып «әмин» дегенінен басқа ешбір дәлел жоқ. Әсіресе, имамға ұйыған кісілердің «әминді» дауыстап айтқандары жөнінде ешбір риуаят жоқ.

Қорыта айтқанда, мешіттің тәртібіне бағыну, имамды мешіттің басшысы ретінде құрметтеп, оған мойынсұну – келушілердің баршасына ортақ міндет. Ендеше мешітке келуші жамағат оның ішкі ережесін сақтап, бүлік шығарудан аулақ болғаны жөн.

Ислам МАРАТҰЛЫ,

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы

[1] («ан-Ниса» сүре, 59 аят)

[2] (Бұхари, Мүслим хадистер жинағы)

[3] («әл-Ағраф» сүресі, 55 аят)

[4] (Бұхари)

[5] (Абдур-Раззақ, «Мусаннаф»)

[6] (Ибн Жәрир, «Тәһзиб әл-әсар», «әл-Жауһар ән-нақи», 1:130)

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: Алланың үйімешіт
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Кей мешіттерде неге жалаңаяқ намаз оқуға рұқсат бермейді?
Сұрақ-жауап

Кей мешіттерде неге жалаңаяқ намаз оқуға рұқсат бермейді?

24.11.2025
Мешіттегі құнды құжаттар көрмесі
Жаңалықтар

Мешіттегі құнды құжаттар көрмесі

19.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Экстремистік әдебиет тасымалдаған қырғызстандыққа үкім шықты

Астана: Сегіз адам терроризм бабы бойынша сотталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00