Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бір заттан «Алла» жазуы шықса, нені білдіреді?

29.05.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
509
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жуырда фейсбук қолданушыларының бірі Торғай даласындағы тасқын кезінде судан «Алла» жазуы пайда болғаны туралы ақпаратпен бөлісіп, суретін жариялады. Шынымен де, сай-салаға жайылған су ирелеңдеген жыраға толып, үстінен қарағанда арабша «Алла» жазуына ұқсап қалыпты. Постты оқыған желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды: бірі мұны Жаратушының белгісі десе, екіншілері жай ғана ұқсастық деп бағалады…

Жалпы соңғы жылдары әр нәрседен «Алла» сөзі пайда болыпты» деген тосын жайттарды жиі еститін болдық. Жұмыртқадан, табаның түбінен, қойдың денесінен, жаңа сойылған еттен, қиярдан, т.б. Ғаламат ғаламтор кеңістігіне көз салсаң, қарғаның «Алла» деп қарқылдап, арыстанның «Алла» деп ақырғаннан бастап, бұлттардың көк аспанға Жаратушның ұлық есімін жазуына дейінгі небір сәттердің куәсі боласың.

Сонымен мұндай оқиғалар орын алғанда біз оны қалай қабылдауымыз керек? Ең біріншіден, әрине, ирелеңдеген нәрсенің бәрін Алланың аты екен деп болжам жасай беруге болмайтынын айтқымыз келеді. Егер арабша «Алла» деген сөзге дәлме-дәл келіп тұрған жазу болса бір басқа. Алайда біз көбінесе ирелеңдеп жатқан нәрсенің бәрін соған ұқсататын болып кеткеніміз жасырын емес. Бұл онсыз да дінді қаралаушылардың «шабытын» оятып, мұсылмандарды соқыр сенімнің жетегіндегі адам деп табалауына алып келеді.

Дегенмен біздің негізгі айтпағымыз бұл емес. Көбіне-көп адамдар бір заттан «Алла» сөзіне ұқсас белгі шықса, оны жақсылыққа балап, қуанып жатады. Тіпті қызды-қыздымен «Бұл адамға Алланың назары ауып тұрса керек, жақсы пенде болғасын, Құдайдың таңдаулысы атанып жатыр» деп пайғамбарлық қонғандай артық кететіндер бар. Ал шын мәнінде ол белгі Жаратушының есімі болса, оның қуанатын жағдай емес, Алла тарапынан ескерту екенін ойлап жатқандар аз.

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026

Ойымызды тиянақтау үшін тарихқа шегініс жасайық. Адамзат баласына Жаратушы тарапынан жіберілген пайғамбарлардың бәрі түзу жолдағы халықтарға емес, жер бетінде бүлік жасап, ақиқат жолдан адасқан қауымдарға келіп отырғанын, яғни соларды имандылыққа шақыру үшін жіберілгенін жақсы білеміз. Мәселен, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) келгенде арабтар әлемдегі ең азғын халық болатын. Олар жеп отырған тағамдарына дейін пұт ретінде табынып, қыздарын тірідей жерге көметін. Құранда 25 пайғамбардың аты аталса, солардың 24-і еврей халқына келген. Бұл да олардың «таңдаулы ұлт» болғандығы үшін емес, шектен шыққан бұзық халық болғаны үшін еді. Яғни белгілі бір елге пайғамбардың келуі мақтанып, әлемге жар салатын жағдай емес.

Қош, сонымен пайғамбарлардың соңын Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) түйіндегені белгілі. Одан кейін жер бетіне елші келмейді. Бірақ бізде ақырзаманға дейін өзгермей сақталатын қасиетті Құран мен пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннет жолы бар. Дегенмен оны көзге ілгісі келмей, азғындыққа белшесінен батып, күнәні шыбын шаққан құрлы көрмейтін пенделер көбейіп барады. Сонда да, мейірімді Алла тағала адасып, теріс бағытқа кетіп бара жатқан құлдарын қайтару үшін әртүрлі ескерту жасауды тоқтатпайды. Соның бірі – біз баяндап отырған әртүрлі нәрселерден арабша «Алла» жазуының шығып жатқандығы болуы ғажап емес…

Ендеше, біз көріп жүрген ирелеңдеген белгілердің бәрі шынымен «Алла» деген сөз болса, оны біз өзіміздің «таңдаулы» болғандығымызбен емес, Алла тағала тарапынан айтылып жатқан ескерту деп білгеніміз абзалырақ сияқты. Ал оның бізге ескерту жасайтындай жөні бар. Өйткені адамзат шын мәнінде тура жолдан тайып бара жатқаны талассыз шындық… Пейіліміз тарылып, парасатымыз кеміп барады. Имандылықтан алыстап, шүкіріміз бен зікіріміз азайды. Бәлкім сондықтан да Жаратушы иеміз әлгіндей белгілер арқылы «Ей, адамдар! Сендер Мені жоқ екен демеңдер, Мен бармын! Түзеліңдер, күнәні тастаңдар» деп ескерту жасап тұрған да шығар, кім біледі…

Жасұлан БАҚЫТБЕК

Таңбалар: ақырзаманАллақиямет
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бір мәрте Алла десе…
Ғибратты әңгімелер

Жүректе екі бірдей махаббат болмайды

21.01.2026
Адамның Алла алдындағы деңгейлері
Ғибратты әңгімелер

Адамның Алла алдындағы деңгейлері

02.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақстанда кімдердің уағыздарын тыңдауға болады?

Қазақстанда кімдердің уағыздарын тыңдауға болады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00