Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бас мүфти университет профессорларымен кездесті

21.05.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
42
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық зерттеу университетіне арнайы барып, білім ордасының ректоры және оқытушы ғалымдармен кездесті.

Алдымен Бас мүфтиді арнайы қарсы алған университет басшысы, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов жоғары оқу орны жұмысын таныстырды. Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы  70 жылға жуық тарихы бар білім ордасының музейін тамашалап, ректормен сұхбаттасты. Бұдан кейін университеттің профессор-ғалымдары, оқытушы ұстаздарымен бірге жиынға қатысты. Басқосуда Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасап, ауыл шаруашылығы саласының асыл дініміздегі маңызы жөнінде мағлұмат берді.

«Ауыл шаруашылығы дін тарихындағы барша пайғамбарлардың да адал кәсібі болды. Пайғамбарлар да түрлі жұмыс істеп, белгілі бір кәсіп игеріп, жұртына жақсылығын тигізе білді. Әрине, Ислам тарихында дүниесі жеткілікті ауқатты, патша пайғамбарлар да болды. Алайда олар да үмбетіне үлгі болу үшін белгілі бір мамандыққа бейімделді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ешкім ешқашан өз табысынан асқан қайырлы ризық жеген емес. Алланың пайғамбары Дәуіт те өз қол еңбегінің жемісін жеген», – деген болатын. Міне, осы Дәуіт пайғамбар өзі патша бола тұра, қол еңбегінің жемісін жеген. Дәуіт темір ұстасы болса, Нұх пен Зәкария пайғамбарлар (оларға Алланың сәлемі болсын) ағаш ұстасы болған.

Сондай-ақ асыл дініміз ғылым мен білімге де баса назар аударады. Құран мұсылмандарды білімге ұмтылуға, ойлануға, зерделеуге шақырды. Бұған қасиетті Құрандағы: «Шынында Алладан құлдарының арасында ғұламалар шынайы көбірек қорқады» («Фатир» сүресі, 28-аят), – деген. Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын: «Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз» деу арқылы білім алу әрбір мұсылман әйелге де, ерге де сауатты болып, білім үйренуді үлкен міндет екенін үмбетіне өсиет етті. Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы: «Әуелі үйренетін бір ғылымың, өзіңнің мұсылманша дін ғылымың», – деген болатын. Демек ғылым үйрену – мұсылманның мұраты» деді Бас мүфти.

Конфессияаралық және этносаралық келісімнің маңызы айтылды

Конфессияаралық және этносаралық келісімнің маңызы айтылды

10.02.2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қазағым-ай» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қазағым-ай» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

10.02.2026

Өз кезегінде білім ошағының ректоры Қанат Маратұлы университет студенттерінің білімімен қатар тәрбиесіне мән беретінін тілге тиек етіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп жұмыс істеуге әзір екенін жеткізді. Сондай-ақ университет басшысы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын ел бірлігі мен руханиятына қосқан үлесі үшін Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай оқу ордасының  медалімен марапаттады. Ал жоғары оқу орнына Діни басқарманың «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген діни, рухани-танымдық бағыттағы кітаптары сыйға тартылды.

Бұдан бөлек университеттің оқытушылар құрамы Бас мүфтимен Ислам дінінің қазақ даласына қанат жаюы, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүр жөнінде пікір алмасты.

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: Наурызбай қажы Тағанұлы
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ораза кестесі – 2022
Жаңалықтар

Ережеп – берекелі ай

22.12.2025
«7 нүкте» Брайль орталығында кездесу өтті
Жаңалықтар

«7 нүкте» Брайль орталығында кездесу өтті

19.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мысыр елшісімен кездесті

Мысыр елшісімен кездесті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Конфессияаралық және этносаралық келісімнің маңызы айтылды
Жаңалықтар

Конфессияаралық және этносаралық келісімнің маңызы айтылды

10.02.2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қазағым-ай» атты әдеби-музыкалық кеш өтті
Жаңалықтар

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қазағым-ай» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

10.02.2026
Сұрақ-жауап

Шетелден діни кітаптарды әкелуге бола ма?

10.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00