Бейсенбі, 9 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбар (с.ғ.с.) заманында да зайырлылық қағидалары болған

17.04.2024
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
180
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан Республикасы егемен ел болғалы зайырлылық саясатын ұстанып келеді. Әлем бойынша өзін зайырлы ел деп жариялаған 113 мемлекет бар екен. Ал қалған елдердің арасында 75 мемлекет белгілі бір дінді мемлекеттік дін ретінде жариялап, сол дінге басымдық беріп, мемлекеттік қызметкерлері және мемлекет басшысы да сол заңға бағынатын көрінеді.

Еліміздің Конституциясының 1-бабының 1-тармағында Қазақстанды демократиялық, зайырлы, унитарлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырған. Бұл дегеніміз – дін мемлекеттен, мемлекет діннен бөлінген деген мағына.

Алайда, қазіргі таңда көпшілік адамдар зайырлылықты дінсіздікпен шатастырып жүр. Жоқ, зайырлылық – дінсіздік емес. Дінсіз адам болғанымен, дінсіз қоғам болмайтыны белгілі. Сондықтан да зайырлы қоғам, керісінше, түсіне білген адамға өте қолайлы жүйе. Кейбір діндар жандар бұл ұғымды түсіне алмас. Дегенмен, пайғамбардың өзі бұл саясатты қолдаған және ұстанған десем, сенер ме едіңіз? Ендеше осы сөзге «тұздық» ретінде бірнеше мысалдарды келтірейік.

Біріншіден, Құранда бұл жайында ашық түрде, анық дәлелдер бар. Мәселен, «Бақара» сүресінің 256-аятында «Дінде зорлық жоқ» деген ұғымның бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Тіпті «Анкәбут» сүресінің 46-аятында «Кітап иелерімен көркем түрде, сыпайылық пен әдептілікті сақтай отырып, пікір таластырыңдар» делінген. Бұл дегеніміз қандай дін болсын, ешкім өзінің дінін өзгелерге үгіттеп немесе мәжбүрлеп, жүктей алмайды деген сөз. Байқағанымыздай, ислам шариғатының өзі бұл ұстанымды қолдап тұр. Демек, әр адам ерікті түрде таңдау жасауға құқылы. Зайырлылықтың да ең бірінші мәні осы.

Халықаралық конференция өтті

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025

Екіншіден, пайғамбардың өмірінде де зайырлылықтың жарқын бейнесі көрініс береді. Мысалы, пайғамбар кез келген дін жолындағы соғыста жанындағы әскеріне жаудың тек қару ұстаған әскерімен ғана соғысуына ықпал жасайтын. Әлсіздерге – әйелдерге, жас балаларға, ақсақалдар мен бүлдіршіндерге тиіспеуге, оларға қару көтермеуге қатаң бұйыратын. Тіпті әскеріне өзге дін өкілдері мен уағыздаушыларына да қол көтермеуді үгіттейтін. Бұл таза зайырлылықтың көрінісі емес пе?!

Сондай-ақ бір хадисінде: «Арабтың араб еместен, ақ нәсілдінің қара нәсілдіден ешқандай артықшылығы жоқ. Артықшылық тек тақуалықта» деген. Яғни, пайғамбардың өзі ешкімге өз дінін насихаттап, құлақ аспаған адамның мойнына жүктеп немесе ол мәселеде күш қолданбаған. Таңдау еркін берген, ешкімнің құқығын шектемеген, дін бостандығын ұстанған. Тарихқа көз жүгіртсек, пайғамбардың дәулет құрып тұрған заманында да қол астындағы халықтың арасында не сол мемлекетте өзге дін ұстанушылары – яһудилердің, христиандардың болғанына да дәлелдер жетерлік.

Демек, ислам ешқашан зайырлылыққа қарсы болмаған. Керісінше, ислам зайырлылықты қолдайтын дін, зайырлы дін деп толықтай айтуымызға болады.

Бақберген СӘРСЕНБАЙҰЛЫ,

Облыстық дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығының»

теолог маманы

Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Халықаралық конференция өтті
Жаңалықтар

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол
Видео

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Арқалықтағы штаб мүшелерінің жиыны

Арқалықтағы штаб мүшелерінің жиыны

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Халықаралық конференция өтті
Жаңалықтар

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол
Видео

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025
Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті
Жаңалықтар

Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті

08.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою