Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі қандай?

31.01.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
133
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ұлылардың ұлағаты, тағы­лымды өсиеттерінен ана – қоғамды қозғаушы күш, бірлік-тірлік негізі, ел бейнесін айқындайтын өмір айнасы, ел тұтқасы екендігін тереңірек ұғы­намыз. Әйел-ананың бейнесі қан­дай бол­са, сол елдің бейнесі, салт-дәстүрі сонымен өлшенеді.

Анаға құрмет, жарға жанашырлық, қызға қамқорлық – иманға ұйыған ұлтымыздың басты ұстанымдарының бірі болды. Өз болмысына даналық мінез бен ізгі қасиеттерді жия білуі қазақ әйелін құрметті етті. Ол құрметке лайық болды және құрметтелді де.

Ел басына күн туғанда білігі асса билікке, өнері асса бәйгеге шапқан қазақ әйелінің болмысы тарихымыздан белгілі. Соның арқасында біздің ел үлгілі ұлт болды. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналар елдік пен имандылықты перзентінің бойына сіңіре білді. Осындай қасиеттері үшін әр уақыттарда халқына ұран болған бейбілеріміздің қатары азайған жоқ. Қазақ қоғамындағы әйел заты ерін сыйлаған, ерінен бір саты төмен тұрған.  Дегенмен, қазіргі таңда отбасына да, жұмысына да үлгеріп, отбасында аяулы жар, ардақты ана, үлгілі келін болып, жұмысында  биік белестерден көрініп, абыройлы басшы боп жүрген әйел адамдары қаншама. Десек те, әйел – биліктегі саясаткер емес, отбасындағы саясаткер болса нұр үстіне нұр болар еді?!

Кешегі қазақ жұртының қалыптасқан құндылықтары қыз баланың, әйел ананың ешбір жағдайда қорғансыз қалмауын қамтамасыз етті. «Қыз ағасыз, тон жағасыз болмайды», «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген мақалдар осының айғағы. Әсіресе, «ұл туса, ұрпағым өседі, қыз туса, ұлтым өседі»,- деген ұлағатты сөзді бұлжымас қағидасына айналдырған ардақты аруларымыз көп арамызда. Әйел әсемдік пен әдеміліктің, көрегендік пен көркемдіктің, береке мен бірліктің символы болып табылады. «Даналардың өзі аналардан жаралады», – деп бекер айтылмаған».

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Кешегі Совет үкіметіндегі дорба арқалаған аналар елесі әлі арамызда жүр. Кешегі және бүгінгі қоғамда да, қызметте жүрген әйел отбасының қам-қарекетін қосқанда ерлерден кем жұмыс істемейді. Сөйткен әйелдердің еңбегін елеп, ескеріліп жатыр ма?!

Халқымыз бұрыннан ер балаларды атқа қондырып, ертеңгі күні қолына қондырған ақ құсы мен балапандарына, отбасына қорған бола білетіндей  етіп, азаматтарымызды тәрбиелен.

Қазір «Әйел бәріне шыдауы тиіс, олардың қырық жаны бар» деген түсінік қалыптасқан.  Отбасының барлық ауыртпалығын анаға артып қойған ерлердің мәртебесі артып жатыр ма? Әйел қамқорлыққа, қолдауға мұқтаж болса сұлулығынан, денсаулығынан айырылады. Табиғатынан өзіне тән ерекшеліктерін жоғалтқан ана отбасына жылулық, қуаныш сыйлаудан қала бастайды. Көпке топырақ шашудан аулақпыз дегенмен, ұлының арқасынан қағып, қыздарын еркелетіп, сырласа білмеген ата-анадан рухты ер, тәрбиелі қыз шығуы екі талай.

Ертеде қазақ халқы құдандалы болып жатқан кезде «Қызымның барған жері жақсы болса-гүл болады, жаман болса-күл болады» -деген сөздерін тілге тиек еткен. Бұл сөздің астары қызы барғалы жатқан үйде зорлық-зомбылық көрмесін, әлімжеттік жасалмасын деген ниетпен айтылған. Ерте кезде анасының берген құс жастығын құшақтап жас келін сырын айтып, көз жасын сүртіп отыратын.  Ол заманда жас отбасы ақылы-дария ата-енелер институты болған. Олар берген тәрбиеден өткен жас отбасының діңгегі мықты, шаңырағы биік болған. Ежелден қазақ халқымызда ана наласы мен қыздың көз жасы жауапсыз қалмаған. Елмен ер болып жазықтылардың жазасын беріп отырған.

Қоғамда жұмысбасты әйел аналар көбейді. Жолдасының тапқанына қанағат қылайын десе қаражат қыспағында қалған отбасы нарықтың күннен күнге шарықтауына ілесе алар емес. Ал, қаражат табайын десе, отбасындағы тәрбие ақсап жатыр. Қоғамда көпшілік аналарымыз «былай жүрсең өгіз өледі, былай жүрсең арба сынадының» кебін киіп, қара базар аралап кеткені белгілі. Қазіргі аналарымыздың қоғамдағы бейнесін осындай бірнеше түрге бөлуге болады.

Сондықтан, қай заманда болмасын қоғамдағы әйел мәртебесін биік дәрежеге қойған  ұлттың еңсесі әрқашан биік болатынын ұмытпағанымыз абзал.

Ж.Сатыбалдиева6

Қызылорда облысының дін істері басқармасының

дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы

Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Түркістан: Республикалық конференция өтті

Түркістан: Республикалық конференция өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00