Бейсенбі, 19 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Жұрттың баласы…»

11.12.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
166
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әр қазақтың кішкентайынан бір көрінбейтін бәсекелесі бар. Ол – «жұрттың баласы». Балдырғанның намысын қам­шы­лау үшін сол бақталасының атын айтсаң жеткілікті. Осы бала күнгі әдетпен күнделікті өмірде де өзімізді сынау үшін өзгенің жетістігін мысалға келтіріп жататынымыз рас. Мәселен, тіл мәселесі қоз­ғала қалса, көбіне-көп «жұрттың бала­сы­ның» рөлін еврейлер сомдайды. Атам за­ма­нында өліп қалған тілдерін атом заманында қайтадан тірілтіп алған деп жер-көкке сыйғызбай мақтап жүреміз.

Жалпы, еврейлердің өз ана тілдерін қайта тірілткені жайында айтылатын аңыз көп. Соның бірінде иврит тілі екі мың жыл бұрын қолданыстан шыққан делінеді. Біз көбіне осы нұсқаны тілге тиек етеміз. Жиырма ғасыр бойына ешкім сөйлемеген тілге қайта жан бітірген қандай данышпан халық деп таңдай қағатынымыз рас. Екінші алып-қашпа аңызға сенсек, 1948 жылы Израиль мемлекеті құрылғанда иврит тілін білетін жалғыз ғана кемпір болған екен. Бәрі соның аузына қарап, одан ана тілдерін меңгеріп, сөнуге айналған шалажансар отты үрлеп жағып алыпты. Ал үшінші бір мәлімет бойынша, иврит тілі латын секілді тек кітаптың тілі болған, күнделікті өмірде ешкім сөйлемеген. Өз алдына тәуелсіз елін құрған соң, кітаптағы тілді күнделікті қолданысқа шығарып, жандандырып жіберген-міс.

Осы айтылған деректер қаншалықты шындыққа жанасады? Екі мың жыл бұрын «өлі тілге» айналған қарым-қатынас құ­ралына жан бітіріп қана қоймай, оны бүтін бір елдің мемлекеттік тіліне айналдыру мүмкін бе? Осы сұрақтың тереңіне бойлап көрсек. Жалпы, иврит және қазақ тілдерінің тағдыры бір-біріне ұқсас деуге болады. Еврейлер біздің дәуіріміздің басында өз мемлекетінен айырылған соң, барлық құрлыққа тарыдай шашырап кеткені белгілі. Әртүрлі халықтың ортасында өмір сүрген соң солардың сөзін сөйлеп, өз қағынан жери бастауы – табиғи құбылыс. Дегенмен, шын мәнінде, басқа да отансыз тағдырлас халықтардан айырмашылығы – жүздеген жыл жапанды жайлап жүрсе де иврит тілі қолданыстан шыққан жоқ, яғни өлмеді. Иә, барынша жапа көрді, қатары селдіреді. Бірақ екі мың жыл бұрын өлді деген негізінде бос сөз. Оның сақталып қалуына және тәуелсіз Израиль мемлекеті құрылған соң тез қалпына келуіне екі фактор әсер еткен болатын.

Біріншісі – еврейлердің діні. Ислам дінінде барлық құлшылық амалы араб тілінде жүрсе, яһуди дінінде ивритше жасалады. Күнделікті құлшылық ғибадаттары арқылы олар ана тілін ұмытқан жоқ. Діни кітаптарының арқасында тілдерін күнделікті өмірде белсенді қолданбаса да, көпшілігі оны білетін. Екінші фактор – еврейлер интернет дәуірі басталмай тұрып ана тілін дамытуды қолға алды. Ал кейін күш алған жаһандану мен интернет заманы үлкен тілдердің аясын одан сайын кеңейтіп, олардың өзге елдерге экспансиясын арттырып, кішкентай тілдерді тұншықтырып жатқаны белгілі.

Әлемді алаңдатқан соғыс

Әлемді алаңдатқан соғыс

19.06.2025
V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

19.06.2025

Енді «өлі тіл» деген ұғым қайдан шығып отыр, соған тоқталсақ. Тілдің тірі болуы ол тілде жазылған ғылыми, әдеби, т.б. кітаптардың көптігімен өлшенбейді. Ғылымның тілі болса да, баяғыда қол­даныстан шыққан латын тілі бұған дәлел. Өлі тіл деп – оны білетін адамның көптігіне қарамастан, сол халықтың жастары сөй­лемейтін тілді де айтады. Бұрын иврит тілінің жағдайы сондай еді. Олар әр мемлекетте шашырап жүргендіктен, жас балалары бастапқыда ана тілінде емес, бірге тұрып жатқан халықтардың тілінде сөйлейтін. Мәселен, Ресейде тұратындар орысша, Германиядағылар немісше деген сияқты. Кейін өсе келе діни кітаптары арқылы және ата-аналарынан өз тілін үйренетін. Ивриттің ХХ ғасырға дейін өлі тіл деп саналып келгендігінің себебі осында.

Қазіргі күні Ресейде және әлемнің басқа да өлкелерінде ана тілін үлкен буын өкілдері ғана білетін, ал жастары мүлдем сөйлемейтін аз санды халықтар жетіп артылады. Егер жағдайды түбегейлі кері бағытқа бұрмаса, өкінішке қарай, бұларды да өлі тілдер қатарына қоса беруге әбден болады.

Сөз соңында қазақ тілінің бүгінгі ахуалына тоқталсақ. Ана тіліміз де сол «өлі тілдердің» кебін кимес үшін не істейміз? Өйткені қазір интернет заманы, балаларымыздың ойнайтын ойындары мен көретін мульфильмдері негізінен орыс тілінде болғандықтан олардың тілі де орысша шығатын болып жүр. Қазақ мектебінде оқитын қаракөздеріміз бір-бірімен орысша сөйлесетін күнге жеттік. Қалалық жерде аулада ойнап жүрген балалардың 90 пайызы орысша шүлдірлесетінін көргенде бұл күдігіміз одан сайын зорая түседі… «Жұрттың балалары» «өлі» тілін тірілтіп жатыр. Ал біз ше?..

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: басты тақырыпЕскендір Зұлқарнайқазақ тілі
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жат ағымның нысанасы – жастар
Видео

Жат ағымның нысанасы – жастар

19.06.2025
Ата-ана тарапынан жіберілетін 4 қателік
Видео

Ата-ана тарапынан жіберілетін 4 қателік

17.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бас мешіт имамы сарбаздармен кездесті

Бас мешіт имамы сарбаздармен кездесті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    37 бөлісті
    Бөлісу 15 Твитерге 9

Соңғы жарияланымдар

Жат ағымның нысанасы – жастар
Видео

Жат ағымның нысанасы – жастар

19.06.2025
Әлемді алаңдатқан соғыс
Қоғам

Әлемді алаңдатқан соғыс

19.06.2025
V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Жаңалықтар

V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

19.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00